Об утверждении Методики расчета стоимости подготовки, переподготовки и повышения квалификации государственных служащих Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-баптың 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау,қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының міндетін атқарушының
2026 жылғы «____» _______
№____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау,қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шығыстарының тәртібін нақтылайды.
Әдістеме Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында көзделген білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді беруші) іске асыратын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту құнын анықтау үшін пайдаланылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша көрсетілетін қызметтердің шығындарын есептеу
2-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша көрсетілетін қызметтердің шығындарын есептеу
Тармақ 2
2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша бір білім алушыны даярлау құны қызмет көрсету үшін қажетті шығындар негізінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Қызмет көрсетушінің шығындары мыналарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) қызмет көрсетуге тікелей байланысты тікелей шығындар;
Тармақша 2
2) қызмет көрсетушінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті және қызмет көрсету процесінде тікелей тұтынылмайтын үстеме шығындар.
Тармақ 4
4. Тікелей шығындарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) қызмет көрсетуге тікелей қатысатын негізгі персоналға жұмсалатын шығындар;
Тармақша 2
2) қызмет көрсету процесінде тұтынылатын материалдық қорларды сатып алуға жұмсалатын шығындар;
Тармақша 3
3) білім алушылардың шетелдік тағылымдамасын ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар;
Тармақша 4
4) қызмет көрсетуге тікелей байланысты және білім беру бағдарламасының ерекшелігін көрсететін өзге де шығындар.
Тармақ 5
5. Үстеме шығындарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) әкімшілік-басқару персоналына жұмсалатын шығындар;
Тармақша 2
2) қосалқы персоналға жұмсалатын шығындар;
Тармақша 3
3) жалпы шаруашылық шығындары;
Тармақша 4
4) білім беру процесін цифрлық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар;
Тармақша 5
5) салықтарды, баждарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалатын шығындар;
Тармақша 6
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы.
Тармақ 6
6. Бір білім алушыны даярлау құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Зоб = З көрс.қызм / N
мұндағы,
Зоб – бір білім алушыны даярлау құны;
З көрс.қызм – қызмет көрсетуге жұмсалатын жалпы шығындар сомасы;
N – тиісті оқу жылында оқуға қабылданған білім алушылар саны.
Тармақ 7
7. Бір білім алушыны даярлау құнын айқындау кезінде магистранттар мен докторанттарға төленетін шәкіртақы шығыстары есепке алынбайды.
Тармақ 8
8. Қызмет көрсетуге жұмсалатын жалпы шығындар сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
З көрс.қызм = Знп + Змш + Зшт + Зөз + Зү
мұндағы,
З көрс.қызм – қызмет көрсетуге жұмсалатын жалпы шығындар сомасы;
Знп – негізгі персоналға жұмсалатын шығындар;
Змш – қызмет көрсету процесінде тұтынылатын материалдық қорларды сатып алуға жұмсалатын шығындар;
Зшт – білім алушылардың шетелдік тағылымдамасын ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар;
Зөз – қызмет көрсетуге тікелей байланысты және білім беру бағдарламасының ерекшелігін көрсететін өзге де шығындар;
Зү – үстеме шығындар.
Тармақ 9
9. Негізгі персоналға жұмсалатын шығындарға мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтарды, міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды және өзге де міндетті төлемдерді ескере отырып, негізгі персоналдың еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар;
Тармақша 2
2) азаматтық-құқықтық шарттар негізінде қызмет көрсетуге тартылатын жеке тұлғаларға жұмсалатын шығындар;
Тармақша 3
3) қызмет көрсетуге тікелей байланысты негізгі персоналдың қызметтік іссапарларына жұмсалатын шығындар.
Тармақ 10
10. Материалдық қорларды сатып алуға жұмсалатын шығындарға қызмет көрсету процесінде тұтынылатын мүкәммалды, шығыс материалдарын және өзге де материалдық қорларды сатып алу шығындары жатады.
Тармақ 11
11. Осы Әдістеменің 9 және 10-тармақтарында көзделген шығындардың есебі осы Әдістемеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Үстеме шығындар қызмет құнына толық көлемде жатқызылады және мынадай формула бойынша айқындалады:
Зү = Зәб + Зқп + Зжш + Зцт + Зсал + А
мұндағы,
Зү – үстеме шығындар;
Зәб – әкімшілік-басқару персоналына жұмсалатын шығындар;
Зқп – қосалқы персоналға жұмсалатын шығындар;
Зжш – жалпы шаруашылық шығындары;
Зцт – білім беру процесін цифрлық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар;
Зсал – салықтарды, баждарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалатын шығындар;
А – негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы.
Тармақ 13
13. Әкімшілік-басқару және қосалқы персоналға жұмсалатын шығындарға мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) еңбекақы төлеу шығындары;
Тармақша 2
2) қызметтік іссапарларға жұмсалатын шығындар;
Тармақша 3
3) біліктілікті арттыруға жұмсалатын шығындар;
Тармақша 4
4) олардың қызметін қамтамасыз етуге байланысты өзге де шығыстар.
Тармақ 14
14. Жалпы шаруашылық шығындарға материалдық қорларды сатып алу, байланыс қызметтеріне, көлік, коммуналдық және банктік қызметтерге ақы төлеу, мүлікті күтіп-ұстау және қызмет көрсетушінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де шығыстар жатады.
Тармақ 15
15. Білім беру процесін цифрлық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарға қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын цифрлық жүйелерді, цифрлық платформаларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және өзге де цифрлық ресурстарды сатып алу, сүйемелдеу, қызмет көрсету, техникалық қолдау және жаңғырту шығындары кіреді.
Тармақ 16
16. Амортизация қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизацияның болжамды сомасы негізінде айқындалады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтердің шығындарын есептеу
3-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтердің шығындарын есептеу
Тармақ 17
17. Қызметтерді көрсетуге жұмсалатын шығындардың негізгі есебі шығындардың барлық элементтерінің тікелей есебі болып табылады. Қызметтерді көрсетуге жұмсалатын шығындар мынадай формула бойынша анықталады:
З көрс.қызм = Знп+Змш+3бш+Зү
мұндағы,
З көрс.қызм – қызметтерді көрсетуге жұмсалатын шығындар;
Знп – негізгі персоналға жұмсалатын шығындар;
Змш – қызметтерді көрсету процесінде қолданылатын материалдық қорларды алуға жұмсалатын шығындар;
Збш – қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін сипаттайтын басқа да шығындар;
Зү – көрсетілетін қызметтердің құнына жататын үстеме шығындар.
Тармақ 18
18. Негізгі персоналға жұмсалатын шығындар өзіне:
Тармақша 1
1) салықтар мен аударымдарды ескере отырып, негізгі персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындарды;
Тармақша 2
2) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша тартылатын адамдарға сыйақы сомасын;
Тармақша 3
3) қызметтерді көрсетуге байланысты негізгі персоналдың іссапарларына жұмсалатын шығындарды;
Тармақша 4
4) негізгі персоналдың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындарды қамтиды.
Тармақ 19
19. Еңбекақыны төлеуге жұмсалатын шығындар уақыт ұзақтығы бірлігінің құны қызметтерді көрсетуге қажетті уақыт бірлігінің (сағат, ак.с.) санына көбейтіндісі ретінде есептеледі. Аталған есеп мына формула бойынша жүргізіледі:
Зпт = ОТс х Нжұм.уақ.
мұндағы,
Зпт – негізгі персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындар;
ОТс – негізгі персоналдың қатарынан қызметкерлердің штат кестесіне сәйкес (еңбекақы төлемдерін есептеуді қоса алғанда) уақытына қарай (сағаттық, күндік, айлық) мөлшерлемесі;
Нжұм.уақ – негізгі персоналдың жұмсаған жұмыс уақытының нормасы.
Тармақ 20
20. Қызметтерді көрсету процесіне тікелей қатысатын персоналдың еңбекақысына жұмсалатын шығындарды есептеу осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Қызметтерді көрсету процесіне қатысатын, тартылған жеке адамдардың көрсеткен қызметтеріне еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындарды есептеу осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты негізгі персоналдың іссапарына және негізгі персоналдың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындарды есептеу осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Қызметтерді көрсету процесінде қолданылатын материалдық қорларды алуға жұмсалатын (қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламасына, ерекшелігіне байланысты) шығындар өзіне:
Тармақша 1
1) мүкәммалға жұмсалатын шығындарды;
Тармақша 2
2) шығыс материалдарын алуға жұмсалатын шығындарды;
Тармақша 3
3) басқа материалдық қорларға жұмсалатын шығындарды қамтиды.
Тармақ 24
24. Белгілі бір түрдегі материалдық қорларды алуға жұмсалатын шығындар тиісті материалдық қорлардың орташа бағалары мен қызметтерді көрсету процесінде олардың қолдану көлеміне (санына) көбейтіндісі ретінде есептеледі. Қызметтерді көрсету процесінде қолданылатын барлық материалдық қорларға жұмсалатын шығындар формула бойынша анықталады:
Змқ = ∑МҚ х Б
мұндағы
Змқ – қызметтерді көрсету процесінде қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындар;
МҚ – белгілі бір түрдегі алынатын материалдық қорлардың көлемі (саны);
Б – алынатын материалдық қорлардың орташа бағасы.
Тармақ 25
25. Қызметтерді көрсету процесінде қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындарды есептеу осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Үстеме шығындардың көлемі қызметтерді көрсетуге тікелей байланысты шығындарға барабар қызметтің құнына жатады:
Тармақ 27
27. Көрсетілетін қызметтердің құнына жататын үстеме шығындар формула бойынша анықталады:
Зү = Кү х Знп
мұндағы,
Зү – көрсетілетін қызметтердің құнына жататын үстеме шығындар;
Знп – негізгі персоналға жұмсалатын шығындар;
Кү – негізгі персоналдың еңбекақысын төлеу бірлігінің жүктемесін көрсететін үстеме шығындардың коэффициенті.
Бұл коэффициент алдыңғы кезеңдегі есептік деректердің және жоспарлы кезеңдегі болжамды өзгертулердің негізінде мынадай формула бойынша (көрсетілетін қызметтерді берушінің қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері мен қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын құжатқа сәйкес) есептеледі:
мұндағы,
Зәб – алдыңғы кезеңде әкімшілік-басқарушы персонал санын болжамды өзгертуге және еңбекақысын болжамды өсіруге қатысты түзетілген әкімшілік-басқарушы персоналға жұмсалған нақты шығындар;
Зжш – инфляцияны ескере отырып, алдыңғы кезеңде жалпы шаруашылық мақсаттарға жұмсалатын нақты шығындар және салықтарды (еңбекақы төлеу қорының салықтарынан басқа), баждарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалатын шығындар;
Зқп – қосалқы персоналға жұмсалатын шығындар;
Зпт – инфляцияны ескере отырып, негізгі персонал санын өзгертуге және еңбекақы төлемін өсіруге түзетілген, алдыңғы кезеңде барлық негізгі персоналға жұмсалатын нақты шығындар.
Мүліктің есептелген амортизациясының сомасы жабдықтың баланстық құны мен оның тозуының жылдық нормасына қарай анықталады. Үстеме шығындарды есептеу осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес нысанда жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Әкімшілік-басқарушы персоналға жұмсалатын шығындар өзіне:
Тармақша 1
1) әкімшілік-басқарушы персоналдың еңбекақы төлемдеріне жұмсалатын шығындарды;
Тармақша 2
2) әкімшілік-басқарушы персоналдың іссапарларына жұмсалатын шығындарды;
Тармақша 3
3) әкімшілік-басқарушы персоналдың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындарды қамтиды.
Тармақ 29
29. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру көрсетілетін қызметтеріне бағаны есептеу осы Әдістемеге 9-қосымшаға сәйкес нысанда жүргізіледі.
Басқа 1. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау процесіне қатысатын, тартылған жеке адамдардың көрсететін қызметтерін төлеуге жұмсалатын шығындардың есебі
Мемлекеттік қызметшілерді
даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру
құнын есептеу әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау процесіне қатысатын, тартылған жеке адамдардың көрсететін қызметтерін төлеуге жұмсалатын шығындардың есебі
Көрсетілетін қызметтердің атауы
1 ак.сағат үшін көрсетілетін қызметтердің төлемі, теңге
Қызметтерді көрсету уақытының нормасы (ак.сағат) (пәндердің/курстардың ұзақтығы)
Көрсетілетін қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығындар (теңге)
(4)=(2)х(3)
1
2
3
4
Барлығы
Х
Х
Басқа 2. Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты негізгі персоналдың іссапарларына және негізгі персоналдың даярлауға шығындардың есебі
Мемлекеттік қызметшілерді
даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру
құнын есептеу әдістемесіне
2-қосымша
Нысан
Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты негізгі персоналдың іссапарларына және негізгі персоналдың даярлауға шығындардың есебі
адам саны
күн саны
Жолға жұмсалатын шығыстар
Тәуліктік
Тұрғын үй-жайды жалдау
1 адамға есеп
адам санына барлығы теңгеде (5)=(1)х(4)
1 адамға есеп
адам санына барлығы теңгеде (8)=(6)х(7)
1 адамға есеп
адам санына барлығы теңгеде (11)=(9)х(10)
маршрут
жол құны
норматив*
кету және келу күнін есептегенде, тәулік саны
норматив*
кету және келу күнін есептегенде, тәулік саны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Барлығы
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Виза, сақтандыруды ресімдеу және алумен байланысты шығыстар
Біліктілікті арттыру құны
Барлық шығыстар, теңге (18)=(5+8+11+15+17)
1 адамға есеп
адам санына барлығы теңгеде (15)=(14)х(1)
1 адамға есептеу, теңге
барлығы, теңге (17)=(1)х(16)
визаларды ресімдеу бойынша шығыстар
мед. сақтандыру
бір адамға барлығы (14)=(12)+(13)
12
13
14
15
16
17
18
Х
Х
Х
Ескертпе:
* «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына сәйкес норматив.
Басқа 3. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау процесінде қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындардың есебі
Мемлекеттік қызметшілерді
даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру
құнын есептеу әдістемесіне
3-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау процесінде қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындардың есебі
Материалдық қорлардың (басқа да шығындар) атауы
Өлшем бірлігі
Шығыс (өлшем бірлігінде)
Бірлік бағасы, теңге
Барлық шығындар, теңге (5) =(3) х (4)
1
2
3
4
5
Барлығы
Х
Х
Х
Басқа 4. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру процесіне тікелей қатысатын персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындар есебі
Мемлекеттік қызметшілерді
даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру
құнын есептеу әдістемесіне
4-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру процесіне тікелей қатысатын персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындар есебі
Лауазымы
Саны
Айына орташа лауазымдық еңбекақысы, (теңге)
Жұмыс уақытының айлық қоры, (сағат)
*Қызметті көрсетуге уақыт нормасы, (сағат)
Персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындар (теңге)
(6)=(2)х3/(4)х(5)
Демалысқа жәрдемақы (теңге) (7)=(2)х(3)
Әлеуметтік салық, теңге (8) =(6) х(0,1) х
(МӨЛШЕРЛЕМЕ)
Әлеуметтік аударымдар, теңге
(9)=(6)х(0,1)х
(МӨЛШЕРЛЕМЕ)
МӘМС, теңге
(10)=(6)х
(МӨЛШЕРЛЕМЕ)
ЖБМЗЖ, теңге (11)=(6)х(мөлшерлеме)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Барлығы
Х
Х
Х
* Бір адамға жұмыс уақытының нормасы бір жылдағы жұмыс күнін бір жылдағы тыңдаушылардың жалпы санынан тыңдаушылардың үлесіне көбейту жолымен анықталады.
Басқа 5. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау процесіне қатысатын, тартылған жеке адамдардың көрсететін қызметтерін төлеуге жұмсалатын шығындардың есебі
Мемлекеттік қызметшілерді
даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру
құнын есептеу әдістемесіне
5-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау процесіне қатысатын, тартылған жеке адамдардың көрсететін қызметтерін төлеуге жұмсалатын шығындардың есебі
Көрсетілетін қызметтердің атауы
1 ак.сағат үшін көрсетілетін қызметтердің төлемі, теңге
Қызметтерді көрсету уақытының нормасы (ак.сағат) (семинарлардың/курстардың ұзақтығы х семинарлардың/курстардың саны)
Көрсетілетін қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығындар (теңге)
(4)=(2)х(3)
1
2
3
4
Барлығы
Х
Х
Басқа 6. Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты негізгі персоналдың іссапарларына және негізгі персоналдың қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шығындардың есебі
Мемлекеттік қызметшілерді
даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру
құнын есептеу әдістемесіне
6-қосымша
Нысан
Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты негізгі персоналдың іссапарларына және негізгі персоналдың қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шығындардың есебі
адам саны
күн саны
Жолға жұмсалатын шығыстар
Тәуліктік
Тұрғын үй-жайды жалдау
1 адамға есеп
адам санына барлығы теңгеде (5)=(1)х(4)
1 адамға есеп
адам санына барлығы теңгеде (8)=(6)х(7)
1 адамға есеп
адам санына барлығы теңгеде (11)=(9)х(10)
маршрут
жол құны
норматив*
кету және келу күнін есептегенде, тәулік саны
норматив*
кету және келу күнін есептегенде, тәулік саны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Барлығы
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Виза, сақтандыруды ресімдеу және алумен байланысты шығыстар
Біліктілікті арттыру құны
Барлық шығыстар, теңге (18)=(5+8+11+15+17)
1 адамға есеп
адам санына барлығы теңгеде (15)=(14)х(1)
1 адамға есептеу, теңге
барлығы, теңге (17)=(1)х(16)
визаларды ресімдеу бойынша шығыстар
мед. сақтандыру
бір адамға барлығы (14)=(12)+(13)
12
13
14
15
16
17
18
Х
Х
Х
Ескертпе:
* «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына сәйкес норматив.
Басқа 7. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру процесінде қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындардың есебі
Мемлекеттік қызметшілерді
даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру
құнын есептеу әдістемесіне
7-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру процесінде қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындардың есебі
Материалдық қорлардың (басқа да шығындар) атауы
Өлшем бірлігі
Шығыс (өлшем бірлігінде)
Бірлік бағасы, теңге
Барлық шығындар, теңге (5) =(3) х (4)
1
2
3
4
5
Барлығы
Х
Х
Х
Басқа 8. Үстеме шығындардың есебі
Мемлекеттік қызметшілерді
даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру
құнын есептеу әдістемесіне
8-қосымша
Нысан
Үстеме шығындардың есебі
№ р/р
Шығындар баптарының атауы
Көрсеткіш
1.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне тікелей қатыспайтын персоналға жұмсалатын шығындардың болжамы (әкімшілік-басқару персоналының шығындары), теңге
2.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне тікелей қатыспайтын персоналға жұмсалатын шығындардың болжамы (қосалқы персоналының шығындары), теңге
3.
Материалдық қорларды алуға, байланыс қызметін, көліктік қызметтерді, коммуналдық қызметтерді төлеуге, қызмет көрсетулерге, объектілерді жөндеуге жұмсалатын шығындардың болжамы және басқалар (жалпы шаруашылық шығындар), теңге
4.
Білім беру процесін ақпараттық-техникалық қолдау бойынша шығындардың болжамы
5.
Мүліктің есептелген амортизация сомасының болжамы, теңге
6.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын персоналының еңбегіне төленетін сомалық қордың болжамы, теңге
7.
Үстеме шығындардың коэффициенті
(7)={(1)+(2)+(3)+(4) /(5) }/(6)
8.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын персоналға жұмсалатын шығындары, теңге
9.
Барлық үстеме шығындар, теңге
(9)=(7)х(8)
Басқа 9. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасын есептеу
Мемлекеттік қызметшілерді
даярлау, қайта даярлау
және олардың біліктілігін
арттыру құнын
есептеу әдістемесіне
9-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасын есептеу
№ р/р
Шығындар баптарының атауы
Көрсеткіш
1.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын персоналдың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын шығындары
2.
Қызмет көрсету процесінде тікелей қолданылатын материалдық қорларға жұмсалатын шығындар
3.
Басқа да шығындар, теңге
4.
Көрсетілетін қызметтердің түріне жататын үстеме шығындар, теңге
5.
Барлық шығындар, теңге
6.
Алдыңғы кезеңдегі есептік деректердің және жоспарлы кезеңдегі болжамды өзгертулердің негізінде тыңдаушылардың саны (адам – сағат)
7.
Біліктілікті арттыру/қайта даярлау бойынша бір адамның-бір сағатының құны (7)=(5)/(6)