О введении запрета на ввоз пшеницы на территорию Республики Казахстан автомобильным, водным и железнодорожным транспортом Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ аталған Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан Республикасының аумағына құс шаруашылығы және астық өңдеу кәсіпорындарының, лицензияланған элеваторлардың, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мекенжайына теміржол көлігімен бидай әкелуді қоспағанда, автомобиль, су және теміржол көлігімен бидайды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1001) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 2
2. Құс шаруашылығы және астық өңдеу кәсіпорындарының мекенжайына әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда өткізілмеуі (сатылмауы) тиіс. Осы бұйрықтың 1-тармағында белгіленген тыйым салу Қазақстан Республикасының аумағына теміржол транзиттік тасымалдары шеңберінде әкелінетін бидайға, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына орнын ауыстыруға қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөніндегі шаралардың қолданылуы туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі