Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками Қолданыста
Басқа 0
Жер учаскелеріне
шектеулі пайдалану
құқығын белгілеу
(қоғамдық сервитут)
туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, 2026 жылдың 16 наурыздағы № ЖТ-2026-01109534 «КаР–Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші негізінде, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосшы қаласы бойынша, талшықты–оптикалық желілерді пайдалану үшін, ауданы 2,8282 га, «КаР–Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер схемасына сәйкес, 49 жыл мерзімге жер учаскілеріне шектеулі пайдалану құқығын белгілеу (қоғамдық сервитут ) орнатылсын.
Тармақ 2
2. «Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Ибраеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қосымша Қосшы қаласы
әкімдігінің қаулысына
№ " " 2026 жыл