Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын белгілеу (қоғамдық сервитут) туралы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, 2026 жылдың 13 сәуірдегі № 01-15/135 «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтініші негізінде, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосшы қаласы, Бәйтерек шағын ауданы мекен жайындағы, сыртқы желілер (жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және канализация) және абаттандыруды жобалау және құрылысын жүргізу үшін, ауданы 0,7803 га, «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделері үшін, жер схемасына сәйкес, 3 жыл мерзімге жер учаскілеріне шектеулі пайдалану құқығын белгілеу (қоғамдық сервитут) орнатылсын.
Тармақ 2
2. «Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Ибраеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қосымша Қосшы қаласы әкімдігінің қаулысына № " " 2026 жыл