Об определении предельного размера стоимости контрольного (идентификационного) знака, средства идентификации, применяемых в маркировке биологически активных добавок к пище Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралының бір бірлікке арналған қосылған құн салығынсыз шекті құны 2,68 теңге мөлшерінде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі