Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31– бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Geoland Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 901,47 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылдың 27 сәуіріне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.