О признании утратившими силу некоторых решений Жарминского районного маслихата Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарма аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жарма аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Жарма аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Жарма аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 шілдедегі № 35/642-VIII Шешіміне қосымшасы Жарма аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78-18 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. «Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 13/243-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 276-18 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. «Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 15/289-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 327-18 болып тіркелген);
Тармақ 4
4. «Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 23/432-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 431-18 болып тіркелген).