О внесении изменений в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 117 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен цифрлық жүйелердің тізбесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен цифрлық жүйелердің тізбесі бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесінде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен цифрлық жүйелердің тізбесі»; бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын: « р/с № Цифр­лық жүйе мен ин­тер­нет-ре­сур­стың ата­уы Цифр­лық ре­сур­стар Цифр­лық жүйе мен ин­тер­нет-ре­сур­стың ие­сі »; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « 1. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы сот ор­ган­да­ры­ның цифр­лық жүй­е­сі» же­ке және заң­ды тұ­лға­лар бой­ын­ша сот іс­те­рі ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сот әкім­ші­лі­гі »; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « 8. «Кө­ші-қон по­ли­ци­я­сы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на уа­қыт­ша ке­ле­тін ше­тел аза­мат­та­рын тір­кеу ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі ше­тел аза­мат­та­ры мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру және тір­кеу ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­да­уын және одан шы­ғуын тір­кеу ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на кі­ру­ге ша­қы­ру­лар­ды (же­ке са­пар бой­ын­ша) қа­был­дау және ке­лі­су ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру үшін ке­ту­ге құ­жат­тар­ды ре­сім­деу ту­ра­лы »; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « 20. «Мо­биль­ді үкі­мет» цифр­лық жүй­е­сі­нің «1414» Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның SMS-шлю­зі мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту шең­бе­рін­де SMS жі­бе­ру Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жа­сан­ды ин­тел­лект және цифр­лық да­му ми­ни­стр­лі­гі »; 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « 36. «Ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу­дің мем­ле­кет­тік ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған цифр­лық жүй­е­сі» сот ак­ті­ле­рін орын­дау ту­ра­лы (4.0 ны­сан­ды кар­точ­ка­лар, 4.1 ны­сан­ды ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­ты есеп­ке алу кар­точ­ка­ла­ры, ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­тың қоз­ға­лы­сы және оны орын­дау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы кар­точ­ка­лар) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әдiлет ми­ни­стр­лi­гi ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу бой­ын­ша бо­рыш­кер­лер ту­ра­лы »; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « 41. Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің цифр­лық жүй­е­ле­рі банк­тік шот­тар ту­ра­лы екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер банк опе­ра­ци­я­ла­ры ту­ра­лы »; ескерту мынадай редакцияда жазылсын: «Ескерту: Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен беріледі. * қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) жұмылдыру ресурстарының интеграциялық шлюзіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының цифрлық жүйелердің өзара іс-қимылы жөніндегі бірлескен бұйрықтарына қол жеткізуі болған жағдайда.».
Тармақ 2
2. «Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 7 қарашадағы № 138 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің жауапты адамдары (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) сот органдарының цифрлық жүйесіне енгізілетін арнайы есепке алу мәліметтерінің уақытылығын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының басшыларына «Талдау орталығы» цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – ТО ЦЖ) арнайы есепке алу мәліметтерін уақытылы, толық және дұрыс енгізілуін қамтамасыз етеді.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Карточка ТО ЦЖ-де автоматты түрде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылы 2 қарашадағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16009 болып тіркелген) бірінші сатыдағы сотпен қаралған азаматтық іске (өтінішке) 1-электрондық ақпараттық есепке алу құжатының 12-бөлімінің 8, 13 деректемелері негізінде қалыптасады.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Арнайы есептен шығаруды ТО ЦЖ-дегі «есепте тұр» деген мәртебені «есептен шығарылған» деген мәртебеге ауыстыру жолымен, растайтын құжаттарды ұсыну (салу) арқылы Комитеттің аумақтық органы хатының негізінде Комитет жүзеге асырады.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Комитеттің аумақтық органдары тоқсан сайын 30-күні азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің көрсеткіштерімен ТО ЦЖ арнайы есепке алу мәліметтерімен салыстыру жүргізеді.».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға жолдау;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыру;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберу.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін 1-тармағының он тоғызыншы абзацын, осы бұйрықтың 2-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады. Осы бұйрықтың 2-тармағының төртінші абзацы, 2026 жылдың 12 шілдесіне дейін келесі редакцияда қолданылады: «3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің жауапты адамдары (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) сот органдарының ақпараттық жүйесіне енгізілетін арнайы есепке алу мәліметтерінің уақытылығын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.».