Об утверждении Правил формирования и ведения цифровой платформы физической культуры и спорта Қолданыста
Басқа 0
Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын
қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 65-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 9 шілдедегі
№ 119 Бұйрықпен
бекітілген
Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 65-29) тармақшасына сәйкес әзірленді және Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын (бұдан әрі – Платформа) қалыптастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi орган – дене шынықтыру мен спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасы – дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік және өзге де деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға, сондай-ақ басқа да цифрландыру объектілерімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған цифрландыру объектісі;
Тармақша 3
3) дербес деректер – дербес деректердің бір немесе бірнеше сәйкестендіргішімен толықтырылған, дербес деректер субъектісі туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы;
Тармақша 4
4) цифрлық жүйе – цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені;
Тармақша 5
5) цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі;
Тармақша 6
6) цифрлық объектілерді интеграциялау – деректерді берудің стандартты хаттамаларын пайдалана отырып, интеграциялық сервистер арқылы цифрлық объектілер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 7
7) цифрлық объектілерді пайдаланушылар – Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 39-бабының 2-тармағына сәйкес цифрлық объектілерді заңды негіздерде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Тармақ 3
3. Платформа дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік және өзге де деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға, сондай-ақ басқа да цифрландыру объектілерімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған.
Тармақ 4
4. Платформаны қалыптастыруды және жүргізуді дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – Уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Платформаны қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Платформаны қалыптастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Платформаны қалыптастыру жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын, Заңның 10-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дене шынықтыру және спорт субъектілерінің (бұдан әрі – Дене шынықтыру және спорт субъектілері) мәліметтерді енгізуі арқылы жүзеге асырылады
Тармақ 6
6. Платформада мәліметтерді енгізуді және өзектендіруді осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген дене шынықтыру және спорт субъектілері белгіленген көлемде, мерзімде және нысанда мынадай модульдерде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) «Спортшының, жаттықтырушының, судьяның және әдіскердің паспорты» – мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, олар пайда болған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі;
Тармақша 2
2) «Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі» – мәліметтер Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығымен бекітілген Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9674 болып тіркелген) сәйкес енгізіледі;
Тармақша 3
3) «Жарыс хаттамалары» – мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, спорттық іс-шара өткізілген сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі;
Тармақша 4
4) «Спорттық инфрақұрылымды басқару» – мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістердің туындау фактісі бойынша тұрақты негізде, бірақ олар пайда болған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі;
Тармақша 5
5) «Статистика және талдау» – мәліметтер «Ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысанды және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30119 болып тіркелген) сәйкес енгізіледі;
Тармақша 6
6) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» – мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушілер өзгерістердің туындау фактісі бойынша тұрақты негізде, бірақ олар пайда болған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) сәйкес енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген дене шынықтыру және спорт субъектілерінің басшылары деректердің уақтылы жаңартылуын бақылауды жүзеге асырады және Платформада толтырылатын деректердің дұрыстығын электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды.
Тармақ 8
8. Платформада деректерді енгізу және өзектендіру кезінде архивтік деректердің сақталуы қамтамасыз етіледі.
Архивтік деректер бұрын Платформаға енгізілген және олар өзгергеннен немесе өзектендірілгеннен кейін сақталған мәліметтер болып табылады.
Тармақ 9
9. Уәкiлеттi орган Платформада пайдаланушылардың жұмысы үшін есептік жазбаларды құруды және белсендіруді жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген дене шынықтыру және спорт субъектілері енгізетін Платформадағы деректерді енгізуді және өзектендіруді үйлестіреді.
Тармақ 11
11. Платформада дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Платформаны жүргізу тәртібі
3-тарау. Платформаны жүргізу тәртібі
Тармақ 12
12. Платформаны жүргізу шеңберінде Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) Платформада көрсеткіштерді қосуды және өзгертуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) форматты-логикалық бақылау әдіснамасын құруды және өзектендіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) деректердегі статистикалық және логикалық ауытқуларды анықтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Платформамен жұмыс бойынша нұсқаулық материалдар мен оқыту бейнероликтерін дайындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) деректер нысандарын қалыптастыруды және модификациялауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) пайдаланушыларға Платформамен жұмыс істеу бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 8
8) пайдаланушыларды Платформамен жұмыс істеу бойынша оқытуды ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) Платформада мәтіндік және бейне форматтағы нұсқаулықтарды, жиі қойылатын сұрақтар мен оларға жауаптарды орналастырады;
Тармақша 10
10) Платформада алдағы техникалық немесе профилактикалық жұмыстар туралы ақпаратты кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын орналастырады.
Тармақ 13
13. Уәкiлеттi орган кері байланыс арқылы Платформада ақпаратты іздеу және орналастыру бойынша техникалық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды.
Тармақ 14
14. Платформаны басқа «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілермен интеграциялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы №123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Басқа 1. Модуль: «Спортшының паспорты»
Дене шынықтыру мен
спорттың цифрлық
платформасын
қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Модуль: «Спортшының паспорты»
№
Өріс
Кіріс көзі
1.
Профиль суреті
Файл (JPG/PNG)
2.
Тегі
Қолмен толтырылады
3.
Аты
Қолмен толтырылады
4.
Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолмен толтырылады
5.
ЖСН
Қолмен толтырылады
6.
Туған күні
Қолмен толтырылады
7.
Жыныс
«Жыныс» анықтамалығы
8.
Ұлты
«Ұлттар» анықтамалығы
9.
Резидент/ҚР резиденті емес
Қосқыш
10.
Азаматтық
«Елдер» анықтамалығы
11.
Облыс
«ҚР өңірлері» анықтамалығы
12.
Ұйымдар/Федерациялар
«Ұйымдар/Федерациялар» анықтамалығы
13.
Негізгі спорт түрі
«Спорт түрлері» анықтамалығы
14.
Қосымша спорт түрлері
«Спорт түрлері» анықтамалығы
15.
Мансаптың басталуы
Қолмен толтырылады
16.
Тексеру мәртебесі
Автоматты түрде
17.
Байланыс ақпараты
Қолмен толтырылады
18.
Білім туралы ақпарат
Қолмен толтырылады/файл
19.
Атақтар/Разрядтар
Қолмен толтырылады/файл
20.
Антропометриялық деректер
Қолмен толтырылады
21.
Жарақат
Қолмен толтырылады
22.
Допинг
Қолмен толтырылады
23.
Жаттықтырушы
Қолмен толтырылады
24.
Дисквалификация туралы мәліметтер
Қолмен толтырылады/файл
Модуль: «Жаттықтырушының паспорты»
№
Өріс
Кіріс көзі
1.
Профиль суреті
Файл (JPG/PNG)
2.
Тегі
Қолмен толтырылады
3.
Аты
Қолмен толтырылады
4.
Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолмен толтырылады
5.
ЖСН
Қолмен толтырылады
6.
Туған күні
Қолмен толтырылады
7.
Жыныс
«Жыныс» анықтамалығы
8.
Ұлты
«Ұлттар» анықтамалығы
9.
Азаматтық
«Елдер» анықтамалығы
10.
Облыс
«ҚР өңірлері» анықтамалығы
11.
Ұйымдар/Федерациялар
«Ұйымдар/Федерациялар» анықтамалығы
12.
Негізгі спорт түрі
«Спорт түрлері» анықтамалығы
13.
Қосымша спорт түрлері
«Спорт түрлері» анықтамалығы
14.
Мансаптың басталуы
Қолмен толтырылады
15.
Тексеру мәртебесі
Автоматты түрде
16.
Байланыс ақпараты
Қолмен толтырылады
17.
Білім туралы ақпарат
Қолмен толтырылады/файл
18.
Біліктілік санаты
Қолмен толтырылады/файл
19.
Спортшылар (ақпараттық)
Автоматты түрде
20.
Біліктілікті арттыру курстары
Қолмен толтырылады/файл
Модуль: «Судьяның паспорты»
№
Өріс
Кіріс көзі
1.
Профиль суреті
Файл (JPG/PNG)
2.
Тегі
Қолмен толтырылады
3.
Аты
Қолмен толтырылады
4.
Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолмен толтырылады
5.
ЖСН
Қолмен толтырылады
6.
Туған күні
Қолмен толтырылады
7.
Жыныс
«Жыныс» анықтамалығы
8.
Ұлты
«Ұлттар» анықтамалығы
9.
Азаматтық
«Елдер» анықтамалығы
10.
Облыс
«ҚР өңірлері» анықтамалығы
11.
Ұйымдар/Федерациялар
«Ұйымдар/Федерациялар» анықтамалығы
12.
Негізгі спорт түрі
«Спорт түрлері» анықтамалығы
13.
Қосымша спорт түрлері
«Спорт түрлері» анықтамалығы
14.
Мансаптың басталуы
Қолмен толтырылады
15.
Тексеру мәртебесі
Автоматты түрде
16.
Байланыс ақпараты
Қолмен толтырылады
17.
Білім туралы ақпарат
Қолмен толтырылады/файл
18.
Біліктілік санаты
Қолмен толтырылады/файл
19.
Біліктілікті арттыру курстары
Қолмен толтырылады/файл
Модуль: «Әдіскердің паспорты»
№
Өріс
Кіріс көзі
1.
Профиль суреті
Файл (JPG/PNG)
2.
Тегі
Қолмен толтырылады
3.
Аты
Қолмен толтырылады
4.
Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолмен толтырылады
5.
ЖСН
Қолмен толтырылады
6.
Туған күні
Қолмен толтырылады
7.
Жыныс
«Жыныс» анықтамалығы
8.
Ұлты
«Ұлттар» анықтамалығы
9.
Азаматтық
«Елдер» анықтамалығы
10.
Облыс
«ҚР өңірлері» анықтамалығы
11.
Ұйымдар/Федерациялар
«Ұйымдар/Федерациялар» анықтамалығы
12.
Негізгі спорт түрі
«Спорт түрлері» анықтамалығы
13.
Қосымша спорт түрлері
«Спорт түрлері» анықтамалығы
14.
Мансаптың басталуы
Қолмен толтырылады
15.
Тексеру мәртебесі
Автоматты түрде
16.
Байланыс ақпараты
Қолмен толтырылады
17.
Білім туралы ақпарат
Қолмен толтырылады/файл
18.
Біліктілік санаты
Қолмен толтырылады/файл
19.
Біліктілікті арттыру курстары
Қолмен толтырылады/файл
Басқа 2. Модуль: «Жарыс хаттамалары»
Дене шынықтыру мен
спорттың цифрлық платформасын
қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Модуль: «Жарыс хаттамалары»
№
Өріс
Кіріс көзі
1.
Іс-шараның атауы
Қолмен толтырылады
2.
Өткізу орны
Қолмен толтырылады
3.
Өткізу күні
Қолмен толтырылады
4.
Спорт түрі
«Спорт түрлері» анықтамалығы
5.
Қатысушының ТАӘ (ол болған жағдайда)
Қолмен толтырылады
6.
Орын (жарыс хаттамасы)
Қолмен толтырылады/файл
Басқа 3. Модуль: «Спорттық инфрақұрылымды басқару»
Дене шынықтыру мен
спорттың цифрлық
платформасын
қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Модуль: «Спорттық инфрақұрылымды басқару»
№
Өріс
Кіріс көзі
1.
Спорт ғимаратының атауы
Қолмен толтырылады
2.
Облыс
«ҚР Өңірлері» анықтамалығы
3.
Жалпы ауданы ш/м
Қолмен толтырылады
4.
Өткізу қабілеті, адам
Қолмен толтырылады