О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Басқа 3. Күші жойылды деп танылған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 43-1 шешіміне қосымша Күші жойылды деп танылған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 19-3 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 167814 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2022 жылғы 19 мамырда жарияланған);
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 5-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1-6 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 183739 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2023 жылғы 13 шілдеде жарияланған).