О признании утратившими силу некоторых решений Железинского районного маслихата Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысы Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының күші жойылды
деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Железин аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
13 шілдедегі № 245/8
шешіміне қосымша
Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының күші жойылды
деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 63/8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7418-14 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. «Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 63/8 «Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 131/8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7595-14 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. «Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 63/8 «Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 161/8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7634-14 тіркелген);
Тармақ 4
4. «Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 63/8 «Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 176/8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7669-14 болып тіркелген).