Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Аппарат акима города Астаны» Қолданыста
Басқа 0
«Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Астана қаласы әкімдігінің атқарушы органдарының кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 01-2780 қаулыға 1-қосымшаның;
Тармақша 2
2) «Астана қаласы әкімдігінің атқарушы органдарының кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 01-2780 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 1-1262 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Басқа 0. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Астана қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «13» шілдедегі
№ 01-2363 қаулысына қосымша
«Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Астана қаласы әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Аппараттың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ әрі орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Аппарат құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
Тармақ 10
10. Осы ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Аппарат қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Аппарат кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде әкімнің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлестіре отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақша 1.1
1.1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті құжаттар сұрату және алу;
Тармақша 1.2
1.2) Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік), комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, мемлекеттік органдар іс-шараларға қатысу;
Тармақша 1.3
1.3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Астана қаласы аудандары әкімдері аппараттарының қызметкерлерін әкім мен әкімдік қарастыратын құжаттарды дайындауға қатысуға тарту;
Тармақша 1.4
1.4) өз жұмысының ерекшелігіне сәйкес шетелдік ұйымдармен тікелей байланыстар орнату, ынтымақтастық туралы екі жақты және көпжақты шарттар жасасу;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Тармақша 2.1
2.1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 2.2
2.2) әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері көрсететін мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасының сақталуына бақылау жүргізу;
Тармақша 2.3
2.3) алыс және жақын шетелдермен, халықаралық ұйымдармен және институттармен екі жақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктер арқылы елорданың беделін арттыру;
Тармақша 2.4
2.4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, ақпараттық даму және халықаралық ынтымақтастық бағыттары бойынша әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды (бұдан әрі – АКИ) қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және олардың Астана қаласының аумағында орналасқан азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің орындауын бақылау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Парламентімен, Астана қаласының мәслихатымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және тиісті жылға арналған Астана қаласын дамыту жоспарлары мен бағдарламалары бойынша іс-шаралардың орындалу барысы туралы әкімді ақпараттандыру;
Тармақша 6
6) әкімнің қызметін және әкімдік отырыстарын, қажет болған жағдайда консультативтік-кеңесші органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету;
Тармақша 7
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ретінде әрекет ету;
Тармақша 8
8) әкімдіктің Регламентіне сәйкес әкімдік қаулыларының, әкім қабылдайтын шешімдер мен өкімдердің, сондай-ақ Аппарат басшысы бұйрықтарының жобаларына қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама жүргізу, сараптама нәтижесі бойынша қорытынды (анықтама) дайындау;
Тармақша 9
9) әкімнің, оның орынбасарларының, Аппарат басшылығының қатысуымен мәжіліс өткізуді ұйымдастыру, мәжіліс материалдарын, хаттамаларын рәсімдеу және тарату;
Тармақша 10
10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау;
Тармақша 11
11) әкімдік қаулыларының, әкімнің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, әкімдік отырыстары хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау, әкімді осы мәселелер бойынша ақпараттандыру;
Тармақша 12
12) жергілікті атқарушы органның норма шығару қызметінің тетіктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 13
13) әкімнің тапсырмасы бойынша соттарда әкімдіктің және әкімнің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
Тармақша 14
14) құпия іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес құпиялылық режимін, әкімдік ғимаратындағы өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) мемлекеттік органдардың іс қағаздарын жүргізу талаптарын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіру, соның ішінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету және құпия іс қағаздарын жүргізу жағдайын, сондай-ақ қорғаныс құралдарын, қорғалған баспа-бланкілік өнімдерді және арнайы байланысты пайдалануды кешенді, тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізу;
Тармақша 16
16) Астана қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен коммуналдық кәсіпорындарына мониторинг жүргізу;
Тармақша 17
17) Аппараттың және әкімдіктің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу мен енгізуді ұйымдастыру, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағылымдамадан және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру жолымен кадрлық саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) әкім тағайындаған немесе оның келісімімен тағайындалған кадрлармен жұмыс;
Тармақша 19
19) Аппараттың теңгеріміндегі материалдық құндылықтардың есебін жүргізу және олардың сақталуын бақылау;
Тармақша 20
20) АКТ және ақпараттық жүйелерді енгізу, сондай-ақ деректермен алмасудың халықаралық стандарттарын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметіне АКТ құру, енгізу және пайдалану үдерістерін енгізу;
Тармақша 21
21) әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде «Documentolog» электрондық құжатайналымы ақпараттық жүйесінің жұмыстарын үйлестіру;
Тармақша 22
22) бұқаралық ақпарат құралдарында әкімнің және әкімдіктің қызметін жариялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 23
23) мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең-кезеңімен енгізу;
Тармақша 24
24) Аппаратта және оның құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуді қалпына келтіру және жетілдіру;
Тармақша 25
25) мемлекеттік орган қызметінің бағыты бойынша сапасын және оның жұмыс істеу өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) Астана қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде құқық қорғау органдарымен өзара байланысты ұйымдастыру;
Тармақша 28
28) Астана қаласының аумағында жедел ахуалды талдау және бағалау;
Тармақша 29
29) Астана қаласында гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;
Тармақша 30
30) гендерлік аспектілерді қарау және сақтау;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүргізу және хат-хабарды өңдеу;
Тармақша 32
32) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 33
33) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
Тармақша 34
34) әкімдіктің, консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын, жалпы қалалық қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау;
Тармақша 35
35) әкімнің Аппаратқа жүктеген өзге де функциялары.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның
бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның
бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Аппаратты басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Аппарат басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Аппарат басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда Аппараттың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) Аппараттың құқықтық актілеріне қол қояды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Аппарат қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Аппарат басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Аппараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Аппаратқа бекітілген мүлік Астана қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Аппараттың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
_______________________________________