О внесении изменений в некоторые приказы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Кондоминиум объектісін басқару бойынша шешімдер қабылдау қағидаларын, сондай-ақ пәтер иелері жиналысы, тұрғын емес үй-жайлар, көппәтерлі тұрғын үй хаттамаларының үлгілік нысандарын және кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20283 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кондоминиум объектісін басқару бойынша шешімдер қабылдау ережесіне:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жиналыс мынадай форматтарда жүргізіледі:
1) келіп қатысу форматында - кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелерді талқылау және олар бойынша шешім қабылдау үшін;
2) сырттай форматта - Заңның 43 және 44-баптарында қарастырылған тәртіппен тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жазбаша сауалнама жүргізу және (немесе) цифрлық объектісі арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрлық объектісі арқылы алынған дауыс беру нәтижелері келу форматында және сырттай форматта өткізілетін жиналыстарда дауыс беру қорытындыларын шығару кезінде ескеріледі.
Жиналыста пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері осы Қағидалардың 11-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен пәтерге немесе тұрғын емес үй-жайға меншік құқығын растайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жиналыстың бастамашысы жиналысты өткізу күніне дейін күнтізбелік бес күн бұрын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне жиналыстың форматы, күні, орны және күн тәртібі туралы жалпыға ортақ орындарға, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектісінде (егер бар болса) хабарландыру орналастыру арқылы немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері берген жағдайда электрондық пошта немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысының абоненттік нөмірі арқылы хабарлайды.»;
8- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жиналыстың заңдылығын анықтау үшін алдымен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жиналысқа қатысатын көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тіркеу парағына тіркелу талап етіледі.
Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тіркеу парағында келесі ақпарат көрсетіледі:
1) пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің сәйкестендіру деректері (аты-жөні (бар болған жағдайда) немесе пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі өкілінің сәйкестендіру деректері (аты-жөні (бар болған жағдайда), оның өкілеттігі негізделген құжат туралы мәліметтер, осындай өкілеттік мерзімі;
2) пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың нөмірі (жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлама жолдау үшін пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің ұялы байланыс нөмірі, электрондық мекенжайы).
Егер пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне бірнеше пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар тиесілі болса, ол әр пәтер, тұрғын емес үй-жай бойынша бөлек тіркеледі.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Шешім қабылдау тәртібі.»;
11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдай алады.
Шешім келесі мәселелер бойынша дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады:
1) кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы шешім қабылдау;
2) кондоминиум объектісін басқару субьектісін таңдау туралы шешім қабылдау;
3) мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасын, үй кеңесінің мүшелерін сайлау, тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау, қайта сайлау сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
4) пәтерлердің (тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелері кооперативін тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі бастамашыл топқа пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан өкілдер беру;
5) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыны таңдау туралы шешім қабылдау;
6) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiнiң бiр бөлiгiн пәтердiң, тұрғын емес үй-жайдың, тұрақ орындарының, қойманың меншiк иесiне немесе үшiншi тұлғаларға мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешiм қабылдау;
7) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрлық объектісін таңдау туралы шешім қабылдау;
8) есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері бойынша үй кеңесі мүшелеріне, тексеру комиссиясына (тексерушіге) сыйақы төлеу және оның мөлшері туралы шешім қабылдау;
9) мүлік иелері бірлестігінің төрағасына еңбек төлемі мөлшерін белгілеу;
10) кондоминиум объектісін басқаруға байланысты өзге де мәселелер.»;
13- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің жиналысы келесі мәселелер бойынша ғана орынтұрақ орындардың, қоймалардың меншік иелері жалпы санының көпшілігі келіскен кезде шешім қабылдайды:
1) орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне сәйкес тұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстау үшін ағымдағы жарна мөлшерін бекітуі;
2) орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің нысаналы жарналар жинау және олардың мөлшері, мерзімдері және төлемнің өзге де талаптары туралы шешім қабылдау.
Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері жиналыста осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Егер орынтұрақ орындары мен қоймалар иелерінің жалпы санынан тұрақ орындары мен қоймалар иелерінің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.»;
19 және 20 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Жиналыстың бастамашылары есепке алу, хаттама жасау үшін жазбаша сауалнама парақтарын жинауды және қолма-қол, электрондық пошта арқылы не ұялы байланыс абоненттік құрылғысының абоненттік нөмірі бойынша (мұндай ақпарат болған кезде) қабылдауды жүзеге асырады.
20. Сырттай форматында дауыс берудің қорытындыларын шығаруды жиналыс бастамашылары мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, үй кеңесі мүшелерінің, басқару субъектісі өкілінің (ол болған кезде) не пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың кемінде екі меншік иесінің қатысуымен жүзеге асырады.»;
22 және 23 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің дауыс беруі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі міндетті түрде сәйкестендіріле отырып, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдерді пайдаланылып жүзеге асырылуы мүмкін.
Электрондық дауыс беру қорытындылары тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы тіркеледі.
Келу форматында және сырттай форматта өткізілетін жиналыста дауыс беру қорытындысын шығару кезінде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері берген дауыстар есепке алынады.
Қоймалардың, орынтұрақ орындарының меншік иелеріне қоймаларды, орынтұрақ орындарын күтіп-ұстау мәселелері осы Қағидалардың 21-тармағының ережелерi қолданылады.
23. Сырттай форматта өткізілетін дауыс беру нәтижелері қағаз жеткізгіштегі жазбаша сауалнама, сондай-ақ электрондық сауалнама парағы арқылы жинақталады және осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді және тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілерінде орналастырылады немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 наурыздағы № 172 бұйрығымен бекітілген Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20245 болып тіркелген) сәйкес тікелей тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілерінде ресімделеді.»;
24- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Хаттама электрондық түрде ресімделген жағдайда жиналыс төрағасы, хатшысы және жиналыс бастамашысы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.»;
көрсетілген ережеге 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген ережеге 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген ережеге 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген ережеге 5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген ережеге 6-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген ережеге 7-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы және жылдық есептердің нысандары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы № 20536 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібімен:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мүлік иелерінің бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі түскен ақшаның есебін әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға бөлу арқылы өз бетінше жүргізеді және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақшаның жинақталғаны туралы ақпаратты пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма иесінің өтініші бойынша қағаз түрінде береді немесе банктік және заңмен қорғалатын басқа да құпияны ашу тәртібіне Қазақстан Республикасы заңдарға қойылатын талаптарын сақтай отырып, жалпыға қолжетімді интернет-ресурста орналастырылған электрондық құжат түрінде береді.»;
23 және 24 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Азаматтардың қауіпсіз тұру жағдайларын қамтамасыз ету үшін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары бұзуға немесе күрделі жөндеуге жататын авариялық тұрғын үйді анықтау мақсатында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастырады.
Қолданыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу үшін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді және орталықтандырылған жинақ ақпараттық жүйесінде қорытынды ақпаратты толтырады.
Мемлекеттік бюджет есебінен күрделі жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін қалыптастыру үшін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысына бастамашылық жасайды.
Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста мемлекеттік, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген бюджет есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге, лифттерді жөндеуге (ауыстыруға) қатысу туралы мынадай мәселелер бойынша:
1) мемлекеттік, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген бюджет есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге, лифттерді жөндеуге (ауыстыруға) қатысу туралы;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің лифттерін жөндеуге (ауыстыруға) арналған, жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес алаңдардың пайдалы алаңдардың осы кондоминиум объектісінде орналасқан барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңдарының сомасына қатынасымен айқындалатын, әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелетін шығыстар сомасын бекіту туралы;
3) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қаражатты 7 жылдан 15 жылға дейін қайтару мерзімі туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, жиналыс пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдауға құқылы. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және өзге де дербес деректер, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың нөмірлері көрсетілген дауыс беру парағы (пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың дауыс берген меншік иелерінің тізімі) тұрғын үй заңнамасына сәйкес ресімделеді, сондай-ақ жиналыс хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес ресімделетін әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар сомасының есебі тігіліп, нөмірленеді.
24. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері келіскен кезде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесіне енгізеді, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және жобалау ұйымын айқындау мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама дайындауға конкурс өткізеді.
Бұл ретте, конкурсты өткізбестен, осы Тәртіптің 6-тармағына сәйкес пайдаланылатын Оператордың қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жобалау ұйымының пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінің айқындауына жол беріледі.
Бюджеттік кредит есебінен күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде тапсырыс беруші елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын күрделі жөндеуге шығыстарды көздемейді.»;
26 және 27 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бюджеттік кредит алу үшін бюджеттік кредит беретін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік бағдарлама әкімшісімен кредиттік шартқа қол қояды.»;
«27. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының тиісті құрылымдық бөлімшелері бюджеттік кредит алған кезде көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және Оператормен кредиттік шарт жасасады.»;
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібіне қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін..
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 358 Бұйрығына
1-қосымша
Кондоминиум объектісін
басқару жөніндегі шешімдер
қабылдау қағидаларына
2-қосымша
20___ жылы «___» _____ жиналысқа қатысатын көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің тіркеу парағы
«__»_________ 20___ года
Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері: _______________
№
Аты-жөні (бар болған жағдайда)
Орынтұрақ орындарының №
Қоймалар № (орналасқан жері)
Қолы
1.
2.
3.
Жиналыс төрағасы: _______________________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)
Жиналыс хатшысы________________________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)
Жиналыс бастамашысы (лары): _____________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)
Басқа 2. Жиналыста (келу форматы арқылы өткізілетін) дауыс берген пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің дауыс беру парағы
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 358 Бұйрығына
2-қосымша
Кондоминиум объектісін
басқару жөніндегі шешімдер
қабылдау қағидаларына
3-қосымша
Жиналыста (келу форматы арқылы өткізілетін) дауыс берген пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің дауыс беру парағы
20___ жылғы «__»_________ уақыты ________
Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері:
_________________________(мекенжайы)
Талқылауға шығарылған мәселе:____________________________________
А№
Аты-жөні (бар болған жағдайда)
Ұялы телефон нөмірі және (немесе) электрондық пошта мекенжайлы (меншік иесінің қалауы бойынша)
Пәтерлер №
Тұрғын емес үй-жайдың №
Дауыс беремін
«Жақтағандар» (қолы)
«Қарсылар» (қолы)
«Қалыс қалғандар» (қолы)
1.
2.
3.
Жиналыс төрағасы: _________ ________________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)*
Жиналыс хатшысы:_________________________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)*
Жиналыс бастамашысы (лары): __________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)*
*тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы дауыс беру кезінде талап етілмейді және алып тасталады.
Басқа 3. Жиналыста (келу ынсаны арқылы өткізілетін) дауыс берген тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің дауыс беру парағы
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 358 Бұйрығына
3-қосымша
Кондоминиум объектісін
басқару жөніндегі шешімдер
қабылдау қағидаларына
4-қосымша
Жиналыста (келу ынсаны арқылы өткізілетін) дауыс берген тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің дауыс беру парағы
20___ жылғы «__»_________ уақыты ________
Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері:
____________________________________
Талқылауға шығарылған мәселе: _______________________________
№№
Аты-жөні (бар болған жағдайда)
Ұялы телефон нөмірі және (немесе) электрондық пошта мекенжайы (иесінің қалауы бойынша)
Орынтұрақ орындарының №
Қоймалардың № (орналасқан жері)
Дауыс беремін
«Жақтағандар» (қолы)
«Қарсылар» (қолы)
«Қалыс қалғандар» (қолы)
1.
2.
3.
Жиналыс төрағасы: ______________________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)*
Жиналыс хатшысы:________________________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)*
Жиналыс бастамашысы (лары): __________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)*
* тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы дауыс беру кезінде талап етілмейді және алып тасталады.
Басқа 4
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 358 Бұйрығына
4-қосымша
Кондоминиум объектісін
басқару жөніндегі шешімдер
қабылдау қағидаларына
5-қосымша
Cырттай нысанда дауыс беру кезіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің дауыс беру № ___ парағы
_________ 20___ жылғы «__» _________ уақыты ________
Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері:
__________________________________________________ (мекенжайы)
№
Талқылауға енгізілген мәселелер:
Дауыс беремін
«Жақтағандар» (қолы)
«Қарсылар»
(қолы)
«Қалыс қалғандар»
(қолы)
1.
2.
3.
Пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің (аты-жөні (бар болған жағдайда)
________ \___________________
Пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің мекенжайы__________________
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ұялы телефон нөмірі және (немесе) электрондық пошта мекенжайы (пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қалауы бойынша)
Қолы____________________________________
(пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі)
Қолы____________________________________*
(жиналыс бастамашысы (лары))
* тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы дауыс беру кезінде талап етілмейді және алып тасталады.
Басқа 5
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 358 Бұйрығына
5-қосымша
Кондоминиум объектісін
басқару жөніндегі шешімдер
қабылдау қағидаларына
6-қосымша
Сырттай форматта өткізу барысында орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің дауыс беру № ___ парағы
_________ 20___ жылғы «__» _________ уақыты ________
Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері: ________________(мекенжайы)
№
Талқылауға енгізілген мәселелер:
Дауыс беремін
«Жақтағандар»
(қолы)
«Қарсылар»
(қолы)
«Қалыс қалғандар»
(қолы)
1.
2.
3.
Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иесінің (аты-жөні (бар болған жағдайда)_________\___________________________________________________
Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иесінің мекенжайы____________________________________________________________
Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің ұялы телефон нөмірі және (немесе) электрондық пошта мекенжайлы (орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің қалауы бойынша)
Қолы____________________________________
(орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иесі)
Қолы____________________________________
(жиналыс бастамашысы (лары))*
* тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы дауыс берілсе, талап етілмейді және алып тасталады.
Басқа 6
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 358 Бұйрығына
6-қосымша
Кондоминиум объектісін
басқару жөніндегі шешімдер
қабылдау қағидаларына
7-қосымша
Жиналысқа қатысатын пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерін тіркеу парағы
20___ жылы «___»__________
Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері: ___________________________
№
Аты-жөні (бар болған жағдайда)
Пәтер №
Тұрғын емес үй-жай
Қолы
1.
2.
3.
Жиналыс төрағасы: __________________________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)
Жиналыс хатшысы___________________________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)
Жиналыс бастамашысы (лары):_________________________
(аты-жөні (бар болған жағдайда) (қолы)
Басқа 7
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 358 Бұйрығына
7-қосымша
1-нысан
_______________________бастамасы бойынша пәтерлер, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары меншік иелері (келіп қатысу форматында өткізілетін) жиналысының № __ хаттамасы
уақыты _____ «__»______ 20___ жыл
1. Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері:
________________________________________________
2. Пәтер иелерінің жалпы саны:
________________________________________________
3. Тұрғын емес үй-жай иелерінің жалпы саны:
________________________________________________
4. Жиналысқа қатысушылардың саны (хаттамаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша):
________________________________________________
5. Шақырылған тұлғалар: (аты-жөні (бар болса)
________________________________________________
6. Жиналыс нысаны _______________________________________________
Жиналыстың күн тәртібі:
1._______________________________________________
2._______________________________________________
Сөз сөйлеген тұлғалар: (аты-жөні (бар болса)_________________________________________
Дауыс беру нәтижелері:
Дауыс беруге шығарылған мәселелер:
1._______________________________________________
Қағаз тасығышта:
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы:
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды _______
Жиналыстағы дауыс беру қорытындылары:____________
Дауыс беру арқылы қабылданған шешім:
1. _______________
2. _______________
Жиналыс төрағасы:________________ _________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
Жиналыс хатшысы: __________________ _________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
Жиналыс бастамашысы (лары):___________________ _________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
2-нысан
_______________________бастамасы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелері (келіп қатысу форматымен өткізілетін) жиналысының № __ хаттамасы
уақыты _____ «__»______ 20___ жыл
1. Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері:
_____________________________________________________________
2. Тұрақ орындарының меншік иелерінің жалпы саны:
_____________________________________________________________
3. Қойма меншік иелерінің жалпы саны:
_____________________________________________________________
4. Жиналысқа қатысушылардың саны:
(хаттамаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша):
_____________________________________________________________
5. Шақырылған тұлғалар: (аты-жөні (бар болса) (қолы)
_____________________________________________________________
6. Жиналыс нысаны
_____________________________________________________________
Жиналыстың күн тәртібі:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
Сөз сөйлеген тұлғалар:
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
_____________________________________________________________
Дауыс беру нәтижелері:
Дауыс беруге шығарылған мәселелер:
1. ____________________________________________________________
Қағаз тасығышта:
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы:
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды
2. ___________________________________________________________
Қағаз тасығышта:
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы::
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды _______
Жиналыстағы дауыс беру қорытындылары:_______________________
Дауыс беру арқылы қабылданған шешім:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
Жиналыс төрағасы: _________________________________ ________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
Жиналыс хатшысы: _________________________________ ___________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
Жиналыс бастамашысы (лары)__________________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
3-нысан
Сырттай форматта өткізілген кезде пәтерлер, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары меншік иелері жиналысының № __ хаттамасы
уақыты _____ «__»______ 20___ жыл
1. Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері:
_____________________________________________________________
2. Пәтер иелерінің жалпы саны:
_____________________________________________________________
3. Тұрғын емес үй-жай иелерінің жалпы саны:
_____________________________________________________________
4. Сырттай форматқа қатысқандардың саны (хаттамаға жазбаша сұрау парағының нысаны бойынша):
_____________________________________________________________
5. Жиналыс нысаны ____________________________________________
Жиналыстың күн тәртібі:
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
Дауыс беру нәтижелері:
Дауыс беруге шығарылған мәселелер:
1. ___________________________________________________________
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды _______
2. ___________________________________________________________
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды _______
Сырттай форматта өткізілетін дауыс беру қорытындылары:
_______________________________________
Электрондық сауалнама парағы арқылы өткізілетін дауыс беру қорытындылары (тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы (электрондық форматта):
_____________________________________________________________________
Дауыс беру арқылы қабылданған шешім:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
Жиналыс төрағасы: __________________________ __________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)*
Жиналыс хатшысы: _____________________________ __________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)*
Жиналыс бастамашысы (лары):__________________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)*
* тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы дауыс берілсе, талап етілмейді және алып тасталады.
4-нысан
Сырттай форматта өткізу кезінде көппәтерлі тұрғын үйдің орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері жиналысының № __ хаттамасы
уақыты _____ «__»______ 20___ жыл
1. Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері:
________________________________________________
2. Орынтұрақ орындарының жалпы саны:
________________________________________________
3. Қойма меншік иелерінің жалпы саны:
________________________________________________
4. Сырттай форматқа қатысқандардың саны (хаттамаға жазбаша сұрау парағының нысаны бойынша):
________________________________________________
5. Жиналыс нысаны
________________________________________________
Жиналыстың күн тәртібі:
1._______________________________________________
2._______________________________________________
Дауыс беру нәтижелері:
Дауыс беруге шығарылған мәселелер:
1._______________________________________________
Қағаз тасығышта:
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы:
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды
2.____________________________________________
Қағаз тасығышта:
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы:
Жақтады ________ Қарсы ________ Қалыс қалды
Жазбаша сауалнама жолымен өткізілетін дауыс беру қорытындылары (қағаз тасығышта):
_____________________________________________
Электрондық сауалнама парағы арқылы өткізілетін дауыс беру қорытындылары (тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы электрондық форматта):
________________________________________________
Дауыс беру арқылы қабылданған шешім:
1. ________________________________________________
2. ________________________________________________
Жиналыс төрағасы:__________________________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)*
Жиналыс хатшысы: __________________ _________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)*
Жиналыс бастамашысы (лар):__________________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)*
* тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы дауыс берілсе, талап етілмейді және алып тасталады.
Басқа 8. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жылдық есептің нысаны
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 358 Бұйрығына
8-қосымша
1-нысан
Кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы есептің нысаны
20___ жылғы «___» бастап 20___ «___» дейінгі кезеңде кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы есеп
Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері (мекенжай):
____________________________________________________________
Кондоминиум объектісін басқару нысаны:
__________________________________________________________________
(мүліктің меншік иелерінің бірлестігін, тікелей бірлесіп басқару)
Кондоминиум объектісін тікелей бірлесіп басқару кезінде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің атауы ______________________________________________________
Заңды мекенжай: ____________________________________________
№
Атауы
Сомасы, теңге
1.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің жарналары (төлемдері) аударылатын ______________ (банктің атауы) екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоттағы қалдық
2
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жарналары (төлемдері) аударылатын ______________ (банктің атауы) екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоттағы қалдық
3
Кондоминиум объектісін басқаруға пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің міндетті ай сайынғы ағымдағы жарналары бойынша берешек
4
Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің тұрақ орнын, қойманы ұстағаны үшін ай сайынғы міндетті жарналары бойынша берешек
5
Күрделі жөндеуге арналған жинақтаушы жарналар үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің міндетті ай сайынғы жинақтаушы жарналары бойынша берешек
6
Түсімдердің барлығы, оның ішінде:
6.1
Кондоминиум объектісін басқаруға пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің ай сайынғы ағымдағы жарналары
6.2
Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің орынтұрақ орнын, қойманы ұстағаны үшін ай сайынғы ағымдағы жарналары
6.3
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған сомаларды жинақтауға арналған пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің ай сайынғы жинақтау жарналары (жинақ шоты)
6.4
Мүліктік жалға (жалдауға) берілген ортақ мүлік үшін төлем
6.5
Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасында көзделмеген пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері енгізетін нысаналы жарналар
22-1 ст 2
6.6
Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері енгізетін, орынтұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстауға арналған шығыстардың жылдық сметасында көзделмеген нысаналы жарналар
6.7
Өзге де түсімдер (ерікті, жеке инвестициялар)
7
Барлық шығыстар, оның ішінде:
7.1
Кондоминиум объектісін басқару бойынша шығыстар, оның ішінде:
7.1.1
Бухгалтерлік есепті, статистикалық және салық есептілігін жүргізгені үшін еңбекақы төлеу
7.1.2
Кондоминиум объектісін басқарғаны үшін еңбекақы төлеу
7.1.3
Бюджетке төленетін міндетті төлемдер (салықтар, аударымдар және басқалар)
7.1.4
Банк қызметтері
7.1.5
Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін ақы төлеу
7.1.6
Офисті күтіп-ұстауға арналған шығыстар (жалға алу, байланыс, кеңсе тауарлары, ұйымдастыру техникасы және оны күтіп-ұстау)
7.2
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша шығыстар, оның ішінде:
7.2.1
Сервистік қызмет субъектілерінің шарттары бойынша қызметтерге ақы төлеу және (немесе) еңбек шарты бойынша ақы төлеу (орындалған жұмыстар актілерінің растайтын көшірмелерін ұсына отырып), оның ішінде:
«_______________»
Жертөле үй-жайларын, паркингтерді және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарды дератизациялау, дезинсекциялау, дезинфекциялау бойынша қызметтер үшін сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғасының атауы
«_______________»
Үйге ортақ инженерлік жылыту, ыстық және суық сумен жабдықтау, су бұру жүйелеріне және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау үшін сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғасының атауы
«_______________»
Электрмен жабдықтаудың жалпыүйлік инженерлік жүйелері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау жөніндегі қызметтер үшін сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғасының атауы
«_______________»
Газбен жабдықтаудың жалпыүйлік инженерлік жүйелері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау жөніндегі қызметтер үшін сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғасының атауы
«_______________»
Күзгі-қысқы кезеңге жалпыүйлік инженерлік жүйелер мен жабдықтарды дайындау жөніндегі қызметтер үшін сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғасының атауы
«_______________»
Кондоминиум объектісінің ортақ пайдаланылатын орындарының санитариялық жай күйін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер үшін сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғасының атауы
«_______________»
Көппәтерлі тұрғын үйдің жанындағы аумақтың жер учаскесінің санитариялық жай-күйін қамтамасыз ету (көгалдандыру (жасыл желектер мен гүлзарларды отырғызу, күту, кесу), қоқыс құбырын санитарлық тазалау, қазылған шұңқырларды тазалау, аула дәретханаларын тазалау және әктеу, жапырақтарды, қар мен мұзды, оның ішінде шатырдан тазалау) жөніндегі қызметтер үшін сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғасының атауы
«_______________»
Үйге ортақ есептеу аспаптарын сатып алу, орнату, сервистік қызмет көрсету және тексеру жөніндегі қызметтер үшін сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғасының атауы
«_______________»
Қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану, авариялық жағдайларды ағымдағы жөндеу және оқшаулау жөніндегі қызметтер (лифтілерге қызмет көрсету) үшін сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғасының атауы
«_______________»
Өртке қарсы іс-шаралар жөніндегі қызметтер үшін сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғасының атауы
«_______________»
Өзге шығыстарға арналған сервистік қызмет субъектісінің жеке немесе заңды тұлғаның атауы
7.3
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу (ақаулар актісі негізінде)
7.4
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер
7.5
Шаруашылық шығыстар (мүкәммал, жабдықтар сатып алу және басқалар)
7.6
Күрделі жөндеу
Жинақ шотында күрделі жөндеуге жинақталған жинақтаушы жарналарды жұмсау жиналыстың шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады
Бухгалтер: ________________________________________________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
МИБ төрағасы, кондоминиум объектісін басқару
субъектілері:_____________________________________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
Үй кеңесі: _____________________________________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
2-нысан
Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жылдық есептің нысаны
20___ жылғы «___» бастап 20___ «___» дейінгі кезеңде кондоминиум объектісін басқару бойынша жылдық есеп
Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері:
_________________________________________________________________
Кондоминиум объектісін басқару нысаны, басқару субъектілері:
_________________________________________________________________
(мүлік иелерінің бірлестігін, кондоминиум объектісін басқару субъектілерін көрсету)
заңды мекенжайы: _______________________________________________
№
Атауы
Сомасы, теңге
жоспар
факт
1
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің жарналары (төлемдері) аударылатын ______________ (банктің атауы) екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоттағы қалдық
2
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жарналары (төлемдері) аударылатын ______________ (банктің атауы) екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоттағы қалдық
3
Кондоминиум объектісін басқаруға пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті ай сайынғы ағымдағы жарналары бойынша берешек
4
Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің орынтұрақ орнын, қойманы ұстағаны үшін міндетті ай сайынғы жарналары бойынша берешек.
5
Күрделі жөндеуге арналған сомаларды жинақтауға арналған пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің міндетті ай сайынғы жинақтаушы жарналары бойынша берешек
6
Түсімдердің барлығы, оның ішінде:
6.1
Кондоминиум объектісін басқаруға пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің ай сайынғы ағымдағы жарналары
6.2
Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің орынтұрақ орнын күтіп-ұстау үшін ай сайынғы ағымдағы жарналары
6.3
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған сомаларды жинақтауға арналған пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың, қоймалардың ай сайынғы жинақтау жарналары (жинақ шоты)
6.4
Жалға (жалдауға) берiлген ортақ мүлiк үшiн төлем
6.5
Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың жылдық сметасында көзделмеген пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері енгізетін нысаналы жарналар
6.6
Орынтұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстауға арналған шығыстардың жылдық сметасында көзделмеген, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері енгізетін нысаналы жарналар.
6.7
Өзге де түсімдер (ерікті, жеке инвестициялар)
7
Барлық шығыстар, оның ішінде:
7.1
Кондоминиум объектісін басқару бойынша шығыстар, оның ішінде:
7.1.1
Бухгалтерлік есепті, статистикалық және салық есептілігін жүргізгені үшін еңбекақы төлеу
7.1.2
Кондоминиум объектісін басқарғаны үшін еңбекақы төлеу
7.1.3
Бюджетке төленетін міндетті төлемдер (салықтар, аударымдар және басқалар), оның ішінде:
зейнетақы салығы
әлеуметтік салық
әлеуметтік аударымдар
медициналық сақтандыру
7.1.4
Банк қызметтері
7.1.5
Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін төлем
7.1.6
Офисті күтіп-ұстауға арналған шығыстар (жалға алу, байланыс, кеңсе тауарлары, ұйымдастыру техникасы және оны күтіп-ұстау)
7.2
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша шығыстар, оның ішінде:
7.2.1
Сервистік қызмет субъектілерінің шарттары бойынша қызметтерге ақы төлеу, оның ішінде:
жертөле үй-жайларын, паркингтерді және жалпы пайдаланымдағы басқа да орындарды дератизациялау, дезинсекциялау, дезинфекциялау жөніндегі қызметтер үшін
үйге ортақ инженерлік жылыту, ыстық және суық сумен жабдықтау, су бұру жүйелеріне және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау, орталық жылыту жүйесін маусымдық пайдалануға дайындау (жуу, сығымдау, реттеу, баптау және басқалары) жөніндегі қызметтер үшін
электрмен жабдықтаудың жалпы үйлік инженерлік жүйелері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау жөніндегі қызметтер үшін
жалпыүйлік инженерлік газбен жабдықтау жүйелеріне және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау жөніндегі қызметтер үшін
үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтарды күзгі-қысқы кезеңге дайындау
кондоминиум объектісінің ортақ пайдаланылатын орындарының санитариялық жай-күйін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер (ылғалды жинау, сыпыру және жуу)
көппәтерлі тұрғын үйдің жанындағы аумақтың жер учаскесінің санитариялық жай-күйін қамтамасыз ету (көгалдандыру (жасыл желектер мен гүлзарларды отырғызу, күту, кесу), қоқыс құбырын санитарлық тазалау, қазылған шұңқырларды тазалау, аула дәретханаларын тазалау және әктеу, жапырақтарды, қар мен мұзды, оның ішінде шатырдан тазалау) жөніндегі қызметтер үшін
қар шығару жөніндегі қызметтер үшін
үйге ортақ есепке алу аспаптарын сатып алу, орнату, сервистік қызмет көрсету және тексеру жөніндегі қызметтер үшін
қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі қызметтер үшін (лифтілерге қызмет көрсету)
өзге де іс-шаралар
7.3
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу (ақау актісі негізінде), оның ішінде:
7.3.1
шатыр жабындарын жөндеу, ішкі және сыртқы суағар элементтерін ауыстыру
7.3.2
жергілікті деформацияларды жою, қасбеттің, қалқаның, жертөленің бүлінген учаскелерін жөндеу және қалпына келтіру
7.3.3
жалпы үйлік инженерлік жүйелер мен жабдықтардың бұзылған жекелеген элементтерін жөндеу және қалпына келтіру
7.3.4
өзге де шығыстар
7.4
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер
7.5
Шаруашылық шығыстар (мүкәммал, жабдықтар сатып алу және басқалар)
7.6
Күрделі жөндеу, оның ішінде:
7.6.1
Шатырды жөндеу
7.6.2
Жертөлені жөндеу
7.6.3
Қасбетті жөндеу
7.6.4
Өзге де шығыстар
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және жөндеу бойынша шығыстар (жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілерінің растайтын көшірмелерін ұсына отырып).
Бухгалтер:
_______________________________________________________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
МИБ төрағасы, кондоминиум объектісін басқару субъектілері:
_______________________________________________________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
Үй кеңесі: ____________________________________________
(аты-жөні (бар болса) (қолы)
Басқа 9
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 358 Бұйрығына
9-қосымша
Кондоминиум объектісінің
ортақ мүлкіне күрделі жөндеу
жүргізу тәртібіне
қосымша
Әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар сомасын есептеу
20___ жылғы «__»_________ уақыты ________
Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері:
____________________________________
Талқылауға шығарылған мәселе: _______________________________
КПТҮ-дің жалпы ауданы _______ м2
КПТҮ-дің пайдалы ауданы______ м2
Объект кондоминиумінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жалпы
сома____________ теңге;
Қайтару мерзімі _____________ ай.
№
Аты-жөні (бар болған жағдайда)
Пәтер
Пәтерге арналған шығыстар сомасы, барлығы, теңге*
Оның ішінде ай сайын, теңге**
тұрғын емес үй-жай
Тұрғын емес үй-жайға арналған шығыстар сомасы, барлығы, теңге
Оның ішінде ай сайын, теңге
№
Пайдалы аудан, м2
№
Жалпы ауданы, м2
1.
2.
3.
* Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жалпы сома/КПТҮ пайдалы алаңы = 1 м2 КПТҮ
Пәтердің пайдалы ауданына х 1 м2 КПТҮ = Пәтерге арналған шығыстар сомасы, барлығы, теңге
** Пәтерге арналған шығыстар сомасы/қайтару мерзімі = ай сайын, теңге