Об утверждении Правил осуществления стратегического цифрового майнинга Қолданыста
Басқа 0
Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Цифрлық активтер индустриясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 439 қбп қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « » шілдедегі
№ қаулысымен
бекітілген
Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру
қағидалары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Цифрлық активтер индустриясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 439 қбп қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры – Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 2
2) ұлттық стратегиялық крипторезерв – цифрлық активтерге, базалық активі цифрлық активтер болып табылатын туынды қаржы құралдарына, сондай-ақ цифрлық активтерді дамытатын және (немесе) соларға инвестициялайтын компаниялардың акциялары мен үлестеріне инвестицияларды жүзеге асыру үшін құрылған қор;
Тармақша 3
3) стратегиялық цифрлық майнинг – өндірілген цифрлық активтердің бір бөлігін ұлттық стратегиялық крипторезервке инвестициялау мақсатында кейіннен «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамына сенімгерлік басқаруға беру үшін «Астана Хаб» дербес кластерлік қорына міндетті түрде беруге айырбас ретінде электр энергиясына энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтері бойынша квота беру шарттарында жүзеге асырылатын цифрлық майнинг жөніндегі қызмет;
Тармақша 4
4) стратегиялық цифрлық майнинг үшін электр энергиясының квотасы (бұдан әрі – квота) – энергия өндіруші ұйымдардың стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнерлерге өткізуі не (сатуына) арналған электр энергиясының сағаттық көлемі;
Тармақша 5
5) стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруға байланысты мәселелерді үйлестіру мақсатында цифрлық майнинг саласындағы уәкілетті орган құратын алқалы орган;
Тармақша 6
6) цифрлық актив әмияны – криптографиялық кілттерді сақтау немесе оларды басқару үшін пайдаланылатын, цифрлық активтерге қол жеткізуді және олармен транзакциялар жүргізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық немесе аппараттық құрал;
Тармақша 7
7) цифрлық майнер – цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкері немесе заңды тұлғасы;
Тармақша 8
8) цифрлық майнинг – шифрлаудың берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік қуаттарды пайдаланып есептеу операцияларын жүргізу процесі, ол блокчейн арқылы деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы – цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннен тұратын, есептеу қуаттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, тұрғын аймақтың аумағынан тыс орналасқан, электр энергиясын «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдаланатын цифрлық инфрақұрылым объектісі;
Тармақша 10
10) цифрлық майнинг саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрлық майнинг саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 11
11) цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін көрсететін, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде пайда болған (жасалған) цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 12
12) электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 13
13) электр энергиясының шекті тарифі (бұдан әрі – шекті тариф) – электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйым өндіретін электр энергиясы құнының электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан және электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын пайда нормасынан тұратын ақшалай мәні.
Тарау 2
2-тарау. Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруға өтініштерді қарау тәртібі
Тармақ 3
3. Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруды жоспарлайтын цифрлық майнер уәкілетті органның кеңсесі арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» цифрлық объектісі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруға өтініш (бұдан әрі – өтініш) жібереді.
Тармақ 4
4. Өтінішке цифрлық майнердің мынадай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) меншік құқығындағы қуаты 150 (жүз елу) МВт-тан кем болмайтын цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығының болуы;
Тармақша 2
2) рұқсат етілген қуаты бір мегаваттан кем болмайтын, кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардан ғана электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттардың болуы;
Тармақша 3
3) әр бірлігінің есептеу қуаты (хэшрейт) 150 TH/s-тан кем болмайтын цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы;
Тармақша 4
4) бюджетке төленетін міндетті төлемдер, соның ішінде салықтар, алымдар, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;
Тармақша 5
5) қатысушының (цифрлық майнердің) меншігіндегі мүлікке кепіл, тыйым салу, иеліктен шығаруға тыйым салу және билік ету құқықтарының өзге де шектеулері түріндегі ауыртпалықтардың болмауы;
Тармақша 6
6) дерек беру бойынша қызметтер көрсетуге (Интернет желісіне қол жеткізу) байланыс операторларымен кемінде екі шарттың болуы;
Тармақша 7
7) цифрлық майнингтің деректерін өңдеу орталығының аумағында цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді жөндеу жөніндегі сервистік орталықтың, сондай-ақ персоналда жабдықты пайдалануға жауапты жұмыскерлердің біліктілігін растайтын құжаттардың (дипломдар, біліктілік беру туралы куәліктер, жабдықты шығарған зауыттардың оқыту сертификаттары немесе білімі және кәсіптік даярлығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар) болуы.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтініш пен құжаттардың толықтығын, сондай-ақ оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.
Өтініш пен оған қоса берілген құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда уәкілетті орган оларды комиссияның қарауына жібереді.
Комиссияның құрамы мен ережесін уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 6
6. Комиссия өтініш пен құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) цифрлық майнердің осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген квота көлемінде электр энергиясының бос көлемінің болуын қарайды.
Тармақ 7
7. Қарау нәтижелері бойынша комиссия цифрлық майнердің белгіленген талаптарға сәйкестігі, сәйкес келмеуі не бекітілген квота шеңберінде электр энергиясының бос көлемінің болмауы туралы шешім қабылдайды және қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган комиссияның қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде цифрлық майнерге хат жібереді.
Тармақ 9
9. Комиссия цифрлық майнердің осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган цифрлық майнерге анықталған сәйкессіздіктерді көрсетіп хат жібереді.
Анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін цифрлық майнер сұратылған квота үшін электр энергиясының бос көлемі болмаған жағдайларды қоспағанда, қайтадан өтініш бере алады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті органнан оң жауап хат алған жағдайда цифрлық майнер 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Астана Хаб» дербес кластерлік қорымен шарт жасасады;
Тармақша 2
2) тізбедегі энергия өндіруші ұйыммен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасады.
Тармақ 11
11. Цифрлық майнер стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру шеңберінде цифрлық майнинг пулы өндірген цифрлық активтерді бөлу үшін цифрлық активтердің жеке әмиянын ашады.
Тармақ 12
12. Цифрлық майнер цифрлық майнинг жөніндегі қызметті стратегиялық цифрлық майнингпен қатар жүзеге асыра алады.
Тарау 3
3-тарау. Ұлттық стратегиялық крипторезервке берілетін цифрлық активтердің көлемін айқындау тәртібі
Тармақ 13
13. Цифрлық майнерлер «Астана Хаб» дербес кластерлік қорымен жасалған шарт негізінде ұлттық стратегиялық крипторезервке инвестициялау мақсатында цифрлық активтерді кейіннен «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруына беру үшін төмендегі формула бойынша айқындалатын көлемде «Астана Хаб» дербес кластерлік қорына беруді жүзеге асырады:
ЦАҰСК = (ΣЦАмайнинг – ЭЭЦА – ЖШЦА) × 10%, мұнда
ЦАҰСК – есепті кезең үшін «Астана Хаб» дербес кластерлік қорына иеліктен шығарылатын (өтеусіз берілетін) цифрлық активтердің саны;
ΣЦАмайнинг – стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнерлердің табысы туралы мәліметтерге сәйкес есепті кезең үшін цифрлық майнинг пулы цифрлық майнерге бөлген цифрлық активтердің жалпы саны;
ЭЭЦА – тұтынылған электр энергиясының цифрлық активтердің баламасына қайта есептелген, қосылған құн салығы ескерілген құны;
ЖШЦА – ұлттық электр желісін пайдалану, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, цифрлық активтердің баламасына қайта есептелген, қосылған құн салығы ескерілген электр энергиясын жеткізуге жұмсалған шығыстар.
Осы тармақтың мақсаттары үшін есептік кезең – күнтізбелік ай.
Тармақ 14
14. «Астана Хаб» дербес кластерлік қорына иеліктен шығарылатын (өтеусіз берілетін) цифрлық активтердің санын есептеу мақсаттарында цифрлық активтердің құны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 531 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36938 болып тіркелген) цифрлық активтердің құнын айқындау, жариялау қағидаларына сәйкес айқындалады.
Тарау 4
4-тарау. Квотаны қалыптастыру және өзгерту
Тармақ 15
15. Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнерлерге арналған квота шеңберінде электр энергиясын өздерінің шекті тарифінен аспайтын бағамен 10 (он) жыл мерзімге электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі тікелей шарттар негізінде өткізуді (сатуды) жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнерге арналған квота осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес цифрлық майнердің өтінішін қарау кезінде комиссияның шешімімен айқындалады.
Тармақ 17
17. Бөлінген квотаны ұлғайту үшін цифрлық майнер уәкілетті органға мынадай құжаттармен қоса өтініш жібереді:
Тармақша 1
1) цифрлық майнерде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің, жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасының, жүйелік оператор мен энергия беруші ұйымда «Электр энергетикасы туралы» Заңның 9-4-бабының 2-тармағына сәйкес олардың желілеріне қосылған кезде орнатылған жүйелермен біріздендірілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйесінің бар екенін растайтын құжат;
Тармақша 2
2) электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар не рұқсат етілген қуаттың ұлғайтылғанын растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешендер санының ұлғайтылғанын растайтын құжат.
Уәкілетті орган құжаттарды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды комиссияның қарауына жібереді.
Комиссия өтініш пен құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды квотаны ұлғайтудың негізділігі тұрғысынан қарайды.
Қарау нәтижелері бойынша комиссия құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, ұсынылған мәліметтер анық болмаған не бекітілген квота шеңберінде электр энергиясының бос көлемі болмаған жағдайда квотаны ұлғайтуды мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган комиссияның қорытындысын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде цифрлық майнерге хат жібереді.
Тармақ 18
18. Цифрлық майнерге бөлінген квота осы Қағидаларда көзделген жағдайларды, сондай-ақ цифрлық майнердің жазбаша өтініші негізінде бөлінген квотаны ерікті түрде азайту жағдайларын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертілмейді.
Тармақ 19
19. Егер есептік кезеңнің қорытындылары бойынша цифрлық майнердің электр энергиясын тұтыну көлемі комиссияның оң шешімі туралы хатта бекітілген электр энергиясы көлемінен цифрлық майнерге байланысты себептер бойынша 5 (бес) және одан да көп пайызға ауытқыса, комиссия цифрлық майнерге бөлінген квота шеңберінде берілетін электр энергиясының көлемін азайту туралы шешім қабылдайды. Электр энергиясының көлемін азайту цифрлық майнер көрсетілген ауытқуға әкеп соққан себептерді жойғанға және белгіленген тәртіппен квота көлемін ұлғайту туралы жаңа өтініш бергенге дейін қолданылады.
Комиссияның цифрлық майнерге квота шеңберінде берілетін электр энергиясының көлемін азайту құқығы электр энергиясын тұтыну көлемінің ауытқуы цифрлық майнерге байланысты емес себептерден, оның ішінде авариялардан, жөндеу жұмыстарын жүргізуден, жабдықтың тоқтап қалуынан, энергия өндіруші және (немесе) энергия беруші ұйымдар тарапынан қойылған шектеулерден, сондай-ақ цифрлық майнердің саналы бақылауынан тыс және құжатпен расталған өзге де мән-жайлардан туындаған жағдайларға қолданылмайды.
Тарау 5
5-тарау. Берілетін цифрлық активтерді есепке алу тәртібі
Тармақ 20
20. Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнер жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей, уәкілетті органға стратегиялық цифрлық майнингпен байланысты қызметтің қаржылық есептілігіне жүргізілген тәуелсіз аудит нәтижелері туралы есепті ұсынады.
Тармақ 21
21. Осы Қағидаларға сәйкес берілетін цифрлық активтердің көлемі мен нақты берілген көлем арасында айырмашылық анықталған жағдайда цифрлық майнер мұндай айырмашылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жетіспейтін цифрлық активтер көлемін «Астана Хаб» дербес кластерлік қорына береді.
Тармақ 22
22. Цифрлық майнер «Астана Хаб» дербес кластерлік қорына осы Қағидаларда көзделген көлемнен артық цифрлық актив берген жағдайда артық берілген цифрлық активтер көлемі келесі есептік кезеңде берілетін цифрлық активтер көлемін айқындау кезінде есепке алынады.
Тарау 6
6-тарау. Стратегиялық цифрлық майнингті тоқтату негіздері
Тармақ 23
23. Цифрлық майнерлердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуы мына жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) цифрлық майнердің жазбаша өтініші негізінде өз бастамасы;
Тармақша 2
2) цифрлық майнердің осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген шарттарды жасасудан бас тартуы;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген шарттардың елеулі талаптарының орындалмауы.
Тармақ 24
24. Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнер осы Қағидалардың 23-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын уәкілетті органға стратегиялық цифрлық майнингке қатысуды тоқтату туралы өтініш береді.
Тармақ 25
25. Уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган әкімшілік акт қабылдаған сәттен бастап цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингтегі міндеттемелері тоқтатылады, ал «Астана Хаб» кластерлік қорымен өзара есеп айырысу бөлігінде олар толық орындалғанға дейін қолданылады.
Тармақ 26
26. Уәкілетті орган цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруын тоқтатқаны туралы электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.
Тармақ 27
27. Осы Қағидалардың 23-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуын мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін комиссияның қарауына шығарады.
Тармақ 28
28. Комиссия осы Қағидалардың 23-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 29
29. Комиссияның және уәкілетті органның шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
____________________________
Басқа 1.1. Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруға
өтініш
Стратегиялық цифрлық
майнингті жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруға
өтініш
1. ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) атауы)
2. ___________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
3. ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің заңды мекенжайы)
4. ___________________________________________________________________
(байланыс деректері (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы)
5. ___________________________________________________________________
(цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығының орналасқан жері)
6. ___________________________________________________________________
(цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен туралы деректер
(саны, моделі (модельдері), хэшрейті)
7. ___________________________________________________________________
(стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруға арналған цифрлық актив әмиянының
мекенжайы)
8. ___________________________________________________________________
(осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбедегі энергия өндіруші ұйымның (ұйымдардың)
атауы)
9. ___________________________________________________________________
(стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін сұралатын электр энергиясының көлемі
(электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарда көрсетілген қуат көлемі шегінде)
Өтініш берушінің қолы:
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Толтырылған күні: 20 ___ жылғы «__» _________
____________________________
Басқа 1.2. Стратегиялық цифрлық майнинг үшін электр энергиясын өткізуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесі
Стратегиялық цифрлық
майнингті жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
Стратегиялық цифрлық майнинг үшін электр энергиясын өткізуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесі
Р/с№
Атауы
Электр энергиясының квотасы, МВт
1
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
300 МВт
____________________________
Басқа 1.3. Ұлттық стратегиялық крипторезервті толықтыру мақсатында
цифрлық активтерді иеліктен шығару (өтеусіз беру) туралы
үлгілік шарт
Стратегиялық цифрлық
майнингті жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша
Ұлттық стратегиялық крипторезервті толықтыру мақсатында
цифрлық активтерді иеліктен шығару (өтеусіз беру) туралы
үлгілік шарт
____________ қаласы
20__ жылғы «_»___________
Бұдан әрі «қор» деп аталатын «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры атынан __________________________ негізінде әрекет ететін __________________________ бір тараптан және бұдан әрі «цифрлық майнер» деп аталатын __________________________ атынан __________________________ негізінде әрекет ететін __________________________ екінші тараптан бірлесіп «Тараптар» деп аталып, төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
Тармақ 1
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. Осы шарт бойынша цифрлық майнер стратегиялық цифрлық майнинг нәтижесінде өндірілген цифрлық активтердің бір бөлігін қордың меншігіне иеліктен шығарады (өтеусіз береді), ал қор осы шартта және Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен және талаптарда мұндай цифрлық активтерді қабылдауға міндеттенеді.
Тармақ 1.2
1.2. Цифрлық активтер ұлттық стратегиялық крипторезервті толықтыру мақсатында беріледі.
Тармақ 1.3
1.3. Осы шарт Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалады және цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуының міндетті шарты болып табылады.
Тармақ 1.4
1.4. Цифрлық активтер цифрлық майнер тарапынан өтеусіз негізде беріледі және бұл ретте цифрлық майнерде қордан не ұлттық стратегиялық крипторезервтен қарсы ұсынуды талап ету құқығы туындамайды.
Тармақ 1.5
1.5. Қордан «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамының сенімді басқаруындағы ұлттық стратегиялық крипторезервке цифрлық активтерді кейіннен беру мәселелері қор мен көрсетілген ұйым арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы жеке шартпен реттеледі.
Тармақ 2
2. Шартты орындауды бастау талаптары
Тармақ 2.1
2.1. Осы шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 2.2
2.2. Цифрлық майнердің қорға цифрлық активтерді беру жөніндегі міндеттемесі стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру басталған және электр энергиясын сатып алу-сату шарты шеңберінде электр энергиясын беру басталған күннен бастап туындайды.
Тармақ 2.3
2.3. Цифрлық майнер стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру шеңберінде стратегиялық цифрлық майнингке байланысты операциялар үшін ғана пайдаланылатын жеке цифрлық активтің әмиянының болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2.4
2.4. Қор цифрлық майнерге цифрлық активтерді қабылдауға арналған цифрлық актив әмиянының деректемелерін ұсынады.
Тармақ 2.5
2.5. Цифрлық активтерді беру осы шартқа сәйкес қор ұсынған деректемелер бойынша цифрлық актив әмиянына ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 2.6
2.6. Цифрлық актив әмиянының деректемелері өзгерген жағдайда, егер Тараптар өзгеше мерзімді белгілемесе, қор жаңа әмиянды пайдалану басталған күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын цифрлық майнерге цифрлық актив әмиянының жаңа деректемелерін жібереді.
Тармақ 3
3. Цифрлық активтердің көлемін айқындау тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Қордың меншігіне иеліктен шығарылатын (өтеусіз берілетін) цифрлық активтердің саны Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Тармақ 3.2
3.2. Цифрлық активтердің көлемін есептеу әрбір есептік кезең үшін мынадай негізде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнерлердің кірістері туралы цифрлық майнинг пулы ұсынатын мәліметтер;
Тармақша 2
2) есептік кезең үшін цифрлық майнинг пулы цифрлық майнерге бөлген цифрлық активтердің саны туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) тұтынылған электр энергиясының құны туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) электр энергиясын жеткізуге жұмсалған шығыстар туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында және осы шартта көзделген өзге де құжаттар мен мәліметтер.
Тармақ 3.3
3.3. Осы шарттың мақсаттары үшін есептік кезең – күнтізбелік ай.
Тармақ 3.4
3.4. Тұтынылған электр энергиясының құны және қосылған құн салығын ескергенде электр энергиясын жеткізуге жұмсалған шығыстар Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен цифрлық активтердің баламасына қайта есептеледі.
Тармақ 3.5
3.5. Электр энергиясын жеткізуге жұмсалатын шығыстарға қосылған құн салығы ескерілген шығыстар жатады, олар Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында көзделген, оларға ұлттық электр желісін пайдалану, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер де кіреді.
Тармақ 3.6
3.6. Осы шарт бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін қалған цифрлық активтер цифрлық майнердің меншігінде қалады.
Тармақ 4
4. Цифрлық активтерді беру тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 4.1
4.1. Цифрлық майнер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, қорға цифрлық активтерді береді.
Тармақ 4.2
4.2. Цифрлық активтерді беру цифрлық майнердің жеке цифрлық актив әмиянынан қор ұсынған деректемелер бойынша қордың цифрлық актив әмиянына цифрлық активтерді жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4.3
4.3. Цифрлық активтерді беру тиісті транзакцияның блокчейн желісінде расталған сәтінен бастап орындалды деп есептеледі.
Тармақ 4.4
4.4. Цифрлық майнер цифрлық актив әмияны, блокчейн желісі деректемелерінің, берілетін соманың және транзакцияны жүзеге асыру үшін қажетті өзге де деректердің дұрыс көрсетілуіне жауапты болады.
Тармақ 4.5
4.5. Егер осы шартта немесе Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында өзгеше көзделмесе, транзакцияны жүзеге асыруға байланысты шығыстарды, оның ішінде желілік комиссияларды цифрлық майнер төлейді.
Тармақ 4.6
4.6. Қорға Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында көзделген көлемнен артық берілген цифрлық активтер келесі есептік кезеңде қорға берілетін цифрлық активтердің көлемін айқындау кезінде есепке жатқызылуға тиіс.
Тармақ 4.7
4.7. Цифрлық активтерді белгіленген мерзімде беруге кедергі келтіретін техникалық ақау туындаған жағдайда цифрлық майнер бұл туралы қор мен цифрлық майнинг саласындағы уәкілетті органды растайтын материалдармен қоса дереу хабардар етеді.
Тармақ 5
5. Есептілік
Тармақ 5.1
5.1. Цифрлық майнер ай сайын, қорға цифрлық активтерді бергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға қорға берілген цифрлық активтер туралы есепті ұсынады.
Тармақ 5.2
5.2. Осы шарттың 5.1-тармағында көрсетілген есеп келіп түскен цифрлық активтер туралы мәліметтерді есепке алу және салыстыру үшін қорға да жіберіледі.
Тармақ 5.3
5.3. Есепте мыналар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) цифрлық майнердің атауы;
Тармақша 2
2) цифрлық майнердің бизнес-сәйкестендіру нөмірі не жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 3
3) есептік кезең;
Тармақша 4
4) цифрлық майнинг пулы туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) есепті кезең үшін цифрлық майнинг пулы цифрлық майнерге бөлген цифрлық активтердің саны;
Тармақша 6
6) есепті кезең үшін тұтынылған электр энергиясының құны;
Тармақша 7
7) есепті кезең үшін электр энергиясын жеткізуге жұмсалған шығыстардың мөлшері;
Тармақша 8
8) қорға берілуге тиіс цифрлық активтер санының есебі;
Тармақша 9
9) нақты берілген цифрлық активтердің саны;
Тармақша 10
10) транзакцияның күні мен уақыты;
Тармақша 11
11) беру жүзеге асырылған цифрлық актив әмиянының мекенжайы;
Тармақша 12
12) беру жүзеге асырылған цифрлық актив әмиянының мекенжайы;
Тармақша 13
13) желілік комиссиялар туралы мәліметтер;
Тармақша 14
14) Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында көзделген өзге де мәліметтер.
Тармақ 5.4
5.4. Қордың немесе цифрлық майнинг саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша цифрлық майнер есептің дұрыстығын және цифрлық активтердің берілгенін растау үшін қажетті қосымша құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 5.5
5.5. Цифрлық майнер ұсынылатын есептердің, құжаттар мен мәліметтердің анықтығын, толықтығын және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Берілген цифрлық активтер туралы мәліметтерді есепке алу және салыстыру
Тармақ 6.1
6.1. Қор нақты келіп түскен цифрлық активтерді есепке алуды және олар туралы мәліметтерді цифрлық майнердің есептерімен және тиісті блокчейн желісіндегі деректермен салыстыруды жүзеге асырады.
Тармақ 6.2
6.2. Мәліметтерді есепке алу және салыстыру шеңберінде қор цифрлық майнер ұсынған мәліметтерді, цифрлық майнинг пулының мәліметтерін, блокчейн желілерінің деректерін, мамандандырылған талдау құралдарын, сондай-ақ өзге де заңды ақпарат көздерін пайдалануға құқылы.
Тармақ 6.3
6.3. Қорға берілуге тиіс цифрлық активтер көлемінің дұрыс есептелгенін, сондай-ақ олардың берілгенін растау үшін қажетті қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұрату мақсатында қор цифрлық майнерге жүгінуге құқылы.
Тармақ 6.4
6.4. Цифрлық майнер қордың сұратуында көрсетілген мерзімде сұратылған құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 6.5
6.5. Цифрлық активтер көлемінің дұрыс есептелгенін және олардың берілгенін растау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынбау қордың уәкілетті органға тиісті ақпаратты жолдауы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 6.6
6.6. Айырмашылық анықталған жағдайда қор оларды Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен қарау үшін цифрлық майнер мен уәкілетті органды хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Берілетін цифрлық активтерді есепке алу
Тармақ 7.1
7.1. Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларына және осы шартқа сәйкес берілуге тиіс цифрлық активтердің көлемі мен нақты берілген көлем арасында айырмашылық анықталған жағдайда цифрлық майнер мұндай айырмашылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жетіспейтін цифрлық активтер көлемін қорға береді.
Тармақ 7.2
7.2. Цифрлық майнер Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында және осы шартта көзделген көлемнен артық цифрлық активтерді берген жағдайда артық берілген цифрлық активтердің көлемі келесі есептік кезеңде берілетін цифрлық активтердің көлемін айқындау кезінде есепке жатқызылады.
Тармақ 7.3
7.3. Қор келіп түскен цифрлық активтердің есебін жүргізеді және айырмашылықтар анықталған жағдайда оларды реттеу үшін цифрлық майнерді хабардар етеді.
Тармақ 8
8. Цифрлық майнердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 8.1
8.1. Цифрлық майнер:
Тармақша 1
1) стратегиялық цифрлық майнингті Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) стратегиялық цифрлық майнинг нәтижесінде алынған цифрлық активтердің бөлек есебін жүргізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) жеке цифрлық актив әмиянын тек стратегиялық цифрлық майнингке байланысты операциялар үшін пайдалануға;
Тармақша 4
4) цифрлық активтерді қорға уақтылы және толық көлемде беруге;
Тармақша 5
5) осы шартта және Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен және мерзімдерде есеп тапсыруға;
Тармақша 6
6) ұсынылатын құжаттардың, есептердің және мәліметтердің анықтығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) қорға цифрлық активтерді тексеру және берілуге тиіс цифрлық активтер көлемінің дұрыс есептелгенін тексеру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді беруге;
Тармақша 8
8) стратегиялық цифрлық майнинг нәтижесінде өндірілген цифрлық активтердің есебінің ашықтығын қамтамасыз етуге және оларды жасырып қалуға жол бермеуге;
Тармақша 9
9) осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда қор мен уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Тармақ 8.2
8.2. Цифрлық майнер:
Тармақша 1
1) қордан цифрлық активтерді беру үшін цифрлық актив әмиянының деректемелерін алуға;
Тармақша 2
2) қордан цифрлық активтердің ұлттық стратегиялық крипторезервке келіп түскенін растайтын құжатты алуға;
Тармақша 3
3) осы шартты орындау мәселелері бойынша қорға түсіндірме алу үшін жүгінуге;
Тармақша 4
4) цифрлық активтер мен электр энергиясының бөлек есебін жүргізу қамтамасыз етілген жағдайда стратегиялық цифрлық майнингпен қатар цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 9
9. Қордың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 9.1
9.1. Қор:
Тармақша 1
1) цифрлық майнерге цифрлық активтерді беру үшін өзінің цифрлық актив әмиянының деректемелерін ұсынуға;
Тармақша 2
2) осы шартқа сәйкес цифрлық майнер беретін цифрлық активтерді қабылдауға;
Тармақша 3
3) осы шартта көзделген тәртіппен келіп түскен цифрлық активтерді есепке алуды жүргізуге;
Тармақша 4
4) анықталған айырмашылықтар туралы цифрлық майнер мен уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Тармақ 9.2
9.2. Қор:
Тармақша 1
1) цифрлық майнерден берілуге тиіс цифрлық активтер көлемінің дұрыс есептелгенін және олардың берілгенін растау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға;
Тармақша 2
2) келіп түскен цифрлық активтер туралы мәліметтерді цифрлық майнердің есептерімен салыстыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) анықталған айырмашылықтар туралы ақпаратты уәкілетті органға жіберуге құқылы.
Тармақ 10
10. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 10.1
10.1. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына, Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларына және осы шартқа сәйкес жауапты болады.
Тармақ 10.2
10.2. Осы шарттың 4.6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, қорға цифрлық активтерді бермеу немесе толық көлемде бермеу осы шарт талаптарының елеулі бұзылуы болып табылады.
Тармақ 10.3
10.3. Есеп тапсырмау, анық емес есеп тапсыру, цифрлық активтерді беру мерзімдерін бұзу, сондай-ақ цифрлық активтерді бөлек есепке алу тәртібін бұзу қордың уәкілетті органға ақпарат жіберуіне негіз болады.
Тармақ 10.4
10.4. Осы шарттың елеулі түрде бұзылуы Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуын мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болуы мүмкін.
Тармақ 10.5
10.5. Цифрлық активтерді беру жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда келтірілген залалдарды өтеу, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, цифрлық майнерді міндеттемені заттай орындаудан босатпайды.
Тармақ 11
11. Құпиялылық
Тармақ 11.1
11.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында, Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында немесе осы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы шартты орындау барысында алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндеттенеді.
Тармақ 11.2
11.2. Цифрлық майнинг саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өзге де тұлғаларға мәлімет беру құпиялылық талаптарын бұзу болып табылмайды.
Тармақ 12
12. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
Тармақ 12.1
12.1. Егер осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамау Тараптар алдын ала болжай алмаған немесе ақылға қонымды шаралармен алдын ала алмаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 12.2
12.2. Міндеттемелерді орындауы мүмкін болмаған Тарап еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапты хабардар етуге міндетті.
Тармақ 12.3
12.3. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы цифрлық майнерді мұндай мән-жайлар тоқтатылғаннан кейін қорға берілетін цифрлық активтерді беру міндетінен босатпайды.
Тармақ 13
13. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 13.1
13.1. Осы шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 13.2
13.2. Осы шарт цифрлық майнер стратегиялық цифрлық майнингке қатысатын мерзім бойы қолданылады.
Тармақ 13.3
13.3. Цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуының тоқтатылуы оны мұндай қатысу тоқтатылған күнге дейін туындаған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 14
14. Шартқа өзгерістер енгізу және оны бұзу
Тармақ 14.1
14.1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында, Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында немесе осы шартта өзгеше көзделмесе, Тараптардың келісімі бойынша осы шартқа өзгерістер енгізуге және оны бұзуға болады.
Тармақ 14.2
14.2. Осы шарт цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуы тоқтатылған жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 14.3
14.3. Осы шарттың тоқтатылуы Тараптарды оның қолданылу кезеңінде жол берілген бұзушылықтар үшін жауаптылықтан босатпайды.
Тармақ 15
15. Дауларды шешу
Тармақ 15.1
15.1. Осы шартты орындау кезінде туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
Тармақ 15.2
15.2. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 16
16. Қорытынды ережелер
Тармақ 16.1
16.1. Осы шартта реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын және Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа алады.
Тармақ 16.2
16.2. Осы шарт заңи күші бірдей екі данада жасалды, әрбір Тарап үшін бір данадан.
Тармақ 16.3
16.3. Осы шартқа қосымшалар мен қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады, бұл ретте оларға Тараптар қол қоюы шарт.
Тармақ 16.4
16.4. Осы шарт шеңберіндегі барлық хаттар, сұратулар және өзге де хат-хабарлар осы шарттың 17-бөлімінде көрсетілген мекенжайлар мен байланыс деректері бойынша не Тараптар келіскен өзге де тәсілмен жіберіледі.
Тармақ 17
17. Тараптардың деректемелері мен қолдары
Қор:
«Астана Хаб» дербес кластерлік қоры
БСН: __________________________
Мекенжайы: __________________________
Банктік деректемелері: __________________________
Цифрлық актив әмиянының мекенжайы: __________________________
Лауазымы, Т.А.Ә.: __________________________
Қолы: __________________________
Цифрлық майнер:
Атауы: __________________________
БСН/ЖСН: __________________________
Мекенжайы: __________________________
Банктік деректемелері: __________________________
Цифрлық активтің жеке әмиянының мекенжайы: __________________________
Лауазымы, Т.А.Ә.: __________________________
Қолы: __________________________
___________________________
Басқа 1.4. Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруға
электр энергиясын сатып алу-сатудың үлгілік шарты
Стратегиялық цифрлық
майнингті жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша
Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыруға
электр энергиясын сатып алу-сатудың үлгілік шарты
____________
қаласы 20__ жылғы «_»___________
Бұдан әрі «энергия өндіруші ұйым» деп аталатын __________________________ атынан __________________________ негізінде әрекет ететін __________________________ бір тараптан және бұдан әрі «цифрлық майнер» деп аталатын __________________________ атынан __________________________ негізінде әрекет ететін __________________________ екінші тараптан бірлесіп «Тараптар» деп аталып, төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
Тармақ 1
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. Осы шарт бойынша энергия өндіруші ұйым стратегиялық цифрлық майнингке арналған электр энергиясы квотасы шеңберінде цифрлық майнерге электр энергиясын өткізуді жүзеге асыруға міндеттенеді, ал цифрлық майнер осы шартта және Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен және талаптарда электр энергиясын қабылдауға және оның ақысын төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 1.2
1.2. Осы шарт бойынша сатып алынатын электр энергиясы цифрлық майнер тарапынан стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін ғана пайдаланылады.
Тармақ 1.3
1.3. Осы шарт стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнерлерге электр энергиясын өткізуге құқығы бар энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізілген энергия өндіруші ұйыммен жасалады.
Тармақ 1.4
1.4. Осы шарт Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларын орындау мақсатында жасалады және цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуының міндетті шарты болып табылады.
Тармақ 2
2. Электр энергиясын беруді бастау талаптары
Тармақ 2.1
2.1. Осы шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 2.2
2.2. Энергия өндіруші ұйымның цифрлық майнерге электр энергиясын өткізу жөніндегі міндеттемелері және цифрлық майнердің оны сатып алу жөніндегі міндеттемелері осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындайды.
Тармақ 2.3
2.3. Осы шарт шеңберінде электр энергиясын беру:
Тармақша 1
1) цифрлық майнер комиссияның оң шешімі туралы уәкілетті органның хатын алғаннан;
Тармақша 2
2) осы шарт жасалғаннан;
Тармақша 3
3) цифрлық майнер «Астана Хаб» дербес кластерлік қорымен цифрлық активтерді иеліктен шығару (өтеусіз беру) туралы шарт жасасқаннан;
Тармақша 4
4) цифрлық майнер қосылу нүктелерінің және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесінің техникалық әзірлігін растағаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 2.4
2.4. Осы шарттың 2.3-тармағында көзделген талаптар орындалғанға дейін энергия өндіруші ұйымда цифрлық майнерге электр энергиясын өткізу бойынша міндеттеме туындамайды.
Тармақ 3
3. Электр энергиясының көлемі
Тармақ 3.1
3.1. Осы шарт бойынша цифрлық майнерге өткізілетін электр энергиясының көлемі өтінішке сәйкес комиссияның шешімімен цифрлық майнерге квота шеңберінде берілген электр энергиясының шегінде айқындалады.
Тармақ 3.2
3.2. Электр энергиясының көлемі осы шартқа қосымшада есепті кезеңдер бойынша, ал қажет болған жағдайда әрбір есепке алу нүктесі бойынша тұтыну сағаттары бойынша бөлініп көрсетіледі.
Тармақ 3.3
3.3. Цифрлық майнер өзіне бөлінген квота көлемінен тыс электр энергиясын жеткізуді талап етуге құқылы емес.
Тармақ 3.4
3.4. Электр энергиясының көлемін өзгертуге Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен комиссияның шешімі негізінде ғана жол беріледі.
Тармақ 3.5
3.5. Цифрлық майнерге квота шеңберінде бөлінген электр энергиясының көлемі цифрлық майнердің жазбаша өтініші негізінде электр энергиясы көлемін ерікті түрде азайту жағдайларын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертілмейді.
Тармақ 4
4. Электр энергиясының бағасы және есеп айырысу тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Осы шарт бойынша өткізілетін электр энергиясының бағасы энергия өндіруші ұйымның шекті тарифінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Тармақ 4.2
4.2. Электр энергиясының нақты бағасын Тараптар осы шартқа қосымшада айқындайды.
Тармақ 4.3
4.3. Цифрлық майнер электр энергиясының ақысын коммерциялық есепке алу деректері бойынша нақты тұтынылған электр энергиясының көлемі негізінде ай сайын төлейді.
Тармақ 4.4
4.4. Осы шарт бойынша есептік кезең – күнтізбелік ай.
Тармақ 4.5
4.5. Энергия өндіруші ұйым есептік айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей цифрлық майнерге төлем шотын және электр энергиясын қабылдау-беру актісін жібереді.
Тармақ 4.6
4.6. Егер Тараптар өзге мерзімді белгілемесе, цифрлық майнер төлем шотын алған күннен бастап банктік 10 (он) күн ішінде электр энергиясының ақысын төлейді.
Тармақ 4.7
4.7. Ұлттық электр желісін пайдалану, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің шығыстарын цифрлық майнер Қазақстан Республикасының заңнамасында және жасалған шарттарда белгіленген тәртіппен төлейді.
Тармақ 4.8
4.8. Осы шартты орындауға байланысты салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлейді.
Тармақ 5
5. Электр энергиясын есепке алу
Тармақ 5.1
5.1. Осы шарт бойынша өткізілетін электр энергиясын есепке алу электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 5.2
5.2. Цифрлық майнер стратегиялық цифрлық майнинг шеңберінде тұтынылған электр энергиясының әрбір жеке есепке алу нүктесі бойынша бөлек есепке алуды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 5.3
5.3. Коммерциялық есепке алу деректері цифрлық майнердің есептік кезең ішінде нақты тұтынған электр энергиясының көлемін айқындау үшін негіз болады.
Тармақ 5.4
5.4. Есепке алу аспаптарының ақауы анықталған жағдайда Тараптар есепке алуды қалпына келтіру бойынша Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында және осы шарттың талаптарында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдайды.
Тармақ 5.5
5.5. Цифрлық майнер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен энергия өндіруші ұйымның, энергия беруші ұйымның уәкілетті өкілдерінің және өзге де уәкілетті тұлғалардың есепке алу аспаптарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Энергия өндіруші ұйымның құқықтары мен міндеттері
Тармақ 6.1
6.1. Энергия өндіруші ұйым:
Тармақша 1
1) цифрлық майнерге квота шеңберінде бөлінген көлемде электр энергиясын өткізуді жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) осы шарттың және Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларының талаптарын сақтауға;
Тармақша 3
3) цифрлық майнерге электр энергиясы үшін есеп айырысуды жүргізуге қажетті құжаттарды ұсынуға;
Тармақша 4
4) егер мұндай хабарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе осы шартта көзделген болса, цифрлық майнерді электр энергиясын беруді жоспарланған шектеулер немесе тоқтату туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 6.2
6.2. Энергия өндіруші ұйым:
Тармақша 1
1) электр энергиясының ақысын уақтылы және толық төлеуді талап етуге;
Тармақша 2
2) осы шартты орындау үшін қажетті мәліметтерді цифрлық майнерден алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы шартта және Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда электр энергиясын өткізуді тоқтата тұруға;
Тармақша 4
4) цифрлық майнердің осы шарттың талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда уәкілетті органға және комиссияға жүгінуге құқылы.
Тармақ 7
7. Цифрлық майнердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 7.1
7.1. Цифрлық майнер:
Тармақша 1
1) осы шарт бойынша сатып алынатын электр энергиясын стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін ғана пайдалануға;
Тармақша 2
2) электр энергиясының ақысын уақтылы және толық көлемде төлеуге (осы шарттың елеулі талабы болып табылады);
Тармақша 3
3) стратегиялық цифрлық майнинг шеңберінде тұтынылған электр энергиясының бөлек есебін жүргізуді қамтамасыз етуге (осы шарттың елеулі талабы болып табылады);
Тармақша 4
4) өзіне квота шеңберінде бөлінген электр энергиясының көлемінен аспауға;
Тармақша 5
5) Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларының талаптарын сақтауға;
Тармақша 6
6) стратегиялық цифрлық майнингке қатысуының тоқтатылғаны туралы энергия өндіруші ұйым мен уәкілетті органды хабардар етуге;
Тармақша 7
7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы шарт бойынша сатып алынған электр энергиясын үшінші тұлғаларға беруге жол бермеуге;
Тармақша 8
8) электр энергиясын қабылдау және есепке алу үшін қажетті жабдықтың техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 7.2
7.2. Цифрлық майнер:
Тармақша 1
1) квота шеңберінде өзіне бөлінген көлемде электр энергиясын іркіліссіз алуға;
Тармақша 2
2) энергия өндіруші ұйымнан есеп айырысуды жүргізуге қажетті құжаттарды алуға;
Тармақша 3
3) комиссияға квота шеңберінде бөлінген электр энергиясының көлемін ұлғайту немесе азайту туралы өтінішпен жүгінуге;
Тармақша 4
4) Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен стратегиялық цифрлық майнингке қатысудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 8
8. Электр энергиясын беруді шектеу және тоқтата тұру
Тармақ 8.1
8.1. Цифрлық майнерге электр энергиясын беру Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы шартта және Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда шектелуі немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тармақ 8.2
8.2. Энергия өндіруші ұйым Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларының талаптарын бұзған цифрлық майнерге электр энергиясын беруді уақытша тоқтата тұру туралы комиссияның талабы негізінде цифрлық майнерге электр энергиясын беруді тоқтата тұрады.
Тармақ 8.3
8.3. Электр энергиясын берудің тоқтатыла тұруы цифрлық майнерді мұндай тоқтатыла тұру күніне дейін туындаған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 8.4
8.4. Егер комиссияның шешімінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе осы шартта өзгеше көзделмесе, электр энергиясын беру оны тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін қайта басталады.
Тармақ 8.5
8.5. Электр энергиясын беру комиссияның талабы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тоқтатып қойылса, бұл үшін энергия өндіруші ұйым жауапты болмайды.
Тармақ 9
9. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 9.1
9.1. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына, Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларына және осы шартқа сәйкес жауапты болады.
Тармақ 9.2
9.2. Цифрлық майнердің электр энергиясының ақысын төлеу мерзімдерін бұзуы елеулі бұзушылық болып табылады және осы шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық шараларын қолдануға негіз болады.
Тармақ 9.3
9.3. Электр энергиясын стратегиялық цифрлық майнингтен басқа мақсатта пайдалану осы шарттың талаптарын бұзу болып табылады.
Тармақ 9.4
9.4. Цифрлық майнердің квота шеңберінде өзіне бөлінген электр энергиясының көлемінен асып кетуі осы шарт талаптарының елеулі бұзылуы болып табылады және энергия өндіруші ұйымның уәкілетті органға немесе комиссияға жүгінуіне негіз болуы мүмкін. Бұл ретте нақты тұтынылған электр энергиясы көлемінің бөлінген көлемнен ±5 % шегіндегі ауытқуына жол беріледі, ол осы шарттың талаптарын бұзу болып саналмайды және осы шартта көзделген жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соқпайды.
Тармақ 9.5
9.5. Осы шарттың елеулі түрде бұзылуы Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуын мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 10.1
10.1. Осы шарт 10 (он) жыл мерзімге жасалады.
Тармақ 10.2
10.2. Осы шарттың қолданылу мерзімі Тараптар қол қойған күннен бастап есептеледі, бұл ретте электр энергиясын нақты өткізу осы шарттың 2-тарауында көзделген талаптар орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 10.3
10.3. Цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуының тоқтатылуы осы шартты тоқтатуға негіз болады.
Тармақ 10.4
10.4. Осы шарттың тоқтатылуы Тараптарды ол тоқтатылған күнге дейін туындаған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 11
11. Шартқа өзгерістер енгізу және оны бұзу
Тармақ 11.1
11.1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында өзгеше көзделмесе, осы шартқа өзгерістер енгізуге Тараптардың келісімі бойынша жол беріледі.
Тармақ 11.2
11.2. Электр энергиясының көлемін өзгерту тек комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 11.3
11.3. Осы шарт цифрлық майнердің стратегиялық цифрлық майнингке қатысуы тоқтатылған жағдайда бұзылады.
Тармақ 11.4
11.4. Осы шартты Тараптардың келісімі бойынша, соттың шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында, Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында және осы шартта көзделген өзге де негіздер бойынша бұзуға болады.
Тармақ 12
12. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
Тармақ 12.1
12.1. Егер осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамау еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 12.2
12.2. Міндеттемелерді орындауы мүмкін болмаған Тарап еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапты хабардар етуге міндетті.
Тармақ 12.3
12.3. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы цифрлық майнерді нақты тұтынылған электр энергиясының ақысын төлеу міндетінен босатпайды.
Тармақ 13
13. Құпиялылық
Тармақ 13.1
13.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында, Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларында немесе осы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы шартты орындау барысында алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндеттенеді.
Тармақ 13.2
13.2. Уәкілетті органға, электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға, комиссияға, жүйелік операторға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өзге де тұлғаларға мәлімет беру құпиялылық талаптарын бұзу болып табылмайды.
Тармақ 14
14. Дауларды шешу
Тармақ 14.1
14.1. Осы шартты орындау кезінде туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
Тармақ 14.2
14.2. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 15
15. Қорытынды ережелер
Тармақ 15.1
15.1. Осы шартта реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын және Стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа алады.
Тармақ 15.2
15.2. Осы шарт заңи күші бірдей екі данада жасалды, әрбір Тарап үшін бір данадан.
Тармақ 15.3
15.3. Осы шартқа қосымшалар мен қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады, бұл ретте оларға Талаптар қол қоюы шарт.
Тармақ 15.4
15.4. Осы шарт шеңберіндегі барлық хаттар, сұратулар және өзге де хат-хабарлар осы шарттың 16-бөлімінде көрсетілген мекенжайлар мен байланыс деректері бойынша не Тараптар келіскен өзге де тәсілмен жіберіледі.
Тармақ 16
16. Тараптардың деректемелері мен қолдары
Энергия өндіруші ұйым:
Атауы: __________________________
БСН: __________________________
Мекенжайы: __________________________
Банктік деректемелері: __________________________
Лауазымы, Т.А.Ә.: __________________________
Қолы: __________________________
Цифрлық майнер:
Атауы: __________________________
БСН/ЖСН: __________________________
Мекенжайы: __________________________
Банктік деректемелері: __________________________
Цифрлық майнер деректерін өңдеу орталығының орналасқан жері: __________________________
Лауазымы, Т.А.Ә.: __________________________
Қолы: __________________________
___________________________
Басқа 1.5
Стратегиялық цифрлық
майнингті жүзеге асыруға
электр энергиясын
сатып алу-сатудың
үлгілік шартына
қосымша
Тармақ 1
1. Квота шеңберіндегі электр энергиясының көлемі: __________________________ кВт·сағ / МВт.
Тармақ 2
2. Жеткізу кезеңі: __________________________.
Тармақ 3
3. Электр энергиясының бағасы: ҚҚС-ны есепке алмағанда / ҚҚС-ны есепке алғанда 1 кВт·сағ үшін __________________________ теңге.
Тармақ 4
4. Электр энергиясын жеткізу нүктесі: __________________________.
Тармақ 5
5. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу нүктелері: __________________________.
Тармақ 6
6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының деректемелері: __________________________.
Тармақ 7
7. Коммерциялық есепке алу деректерімен алмасу тәртібі: __________________________.
____________________________