Об утверждении Положения о государственном учреждении «Рудненский городской отдел культуры и развития языков» акимата города Рудного Қолданыста
Басқа 0
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актінің қабылданғаны туралы әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Рудный қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «____» _________
№____ қаулысымен
бекітілді
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) Рудный қаласының аумағында мәдениет және тіл саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мекеменің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:
Тармақша 1
1) Рудный қаласы әкімдігінің «Мәдениет, демалыс және шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Тармақша 4
4) «Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге және мекеменің регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мекемеде кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) мәдениет және тіл саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту, сақтау, дамыту және тарату;
Тармақша 3
3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) мәдени дәстүрлердің сабақтастығын сақтау, дарынды тұлғаларды қолдау;
Тармақша 5
5) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, қаланың клуб мекемелерінің, кітапханалардың, мұражайдың, қалалық саябақтың жұмысын жетілдіру;
Тармақша 6
6) Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының Бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ іс-шараларды қолдау;
Тармақша 7
7) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы қалалық ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Мекеменің, оның ішінде соттарда құқықтары мен мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіппен қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
заңды және жеке тұлғаларға Мекеме құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Рудный қаласы және Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметін қолдайды және үйлестіреді;
Тармақша 3
3) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы ұйымдарды күтіп-ұстауға арналған бюджетті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) облыстық ұйымдарда қаланың мәдениет және тілдерді дамыту саласының мүдделерін білдіреді;
Тармақша 5
5) дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 7
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 8
8) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 75-бабында және 729-бабының 2-1) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
Тармақша 9
9) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 10
10) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс көрсетілетін қызметті жеткізушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типі мен түріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың орналастырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматта орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізеді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;
Тармақша 13
13) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың дамуына жәрдемдеседі;
Тармақша 14
14) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізеді;
Тармақша 15
15) рұқсат беру органының сұрауы бойынша маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан келіседі.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Мекеме басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олармен заңнамада белгіленген тәртіппен шарттар жасасады;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме қызметкерлеріне, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларына тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 6
6) Мекеме қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді және бұйрықтар шығарады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Мекеменің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.