Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба в Бородулихинском районе области Абай Қолданыста
Басқа 0
Абай облысы Бородулиха ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» №240 бұйрығына, Бородулиха ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның 2026 жылғы 16 шілдедегі №3 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасы негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Абай облысы Бородулиха ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы етіп тағайындаймын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 16 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.