Об утверждении Правил размещения отчетности, необходимой государственным органам, на интернет-ресурсе Фонда национального благосостояния, а также перечня, форм и периодичности размещения отчетности Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға қажетті, Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын есептілік нысандары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) мен Қордың тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Есептілік – есептілік объектісінің қызметі туралы ағымдағы ақпарат негізінде жасалатын, белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі Қордың және/немесе ұйымның жұмысының нәтижелері мен шарттары туралы мәліметтердің жиынтығы, оларды ұсыну үшін Қордың және/немесе ұйымның қолда бар ақпаратты жинауы, өңдеуі және/немесе жүйелеуі, оны жаңартуы және осындай өзге де әрекеттерді жүзеге асыруы талап етіледі. Өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қағидаларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда көзделген есептілік тиісті ақпаратты осы бұйрықпен бекітілген тізбеге, нысандарға және кезеңділікке сәйкес Қордың интернет-ресурсына орналастыру және мемлекеттік органдарға қолжетімділік беру арқылы ұсынылады. Осы бұйрықпен бекітілген тізбеде көзделмеген есептілікті Қор және ұйымдар мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ұсынбайды. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде тікелей көзделген жағдайларда Қор және (немесе) ұйымдар ақпаратты көрсетілген нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен береді. Ақпарат сондай-ақ Қор және (немесе) ұйымдар осы тапсырмаларды орындаушылар немесе бірлесіп орындаушылар болып табылған жағдайда мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бұйрықтарымен не оның сұрау салулары бойынша Қорға және (немесе) ұйымдарға бекітілген тиісті тармақтарды орындау үшін беріледі. Аталған ақпарат Қордың интернет-ресурсына орналастырусыз ұсынылады. Ұйымдар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекеттік органдарға сенімгерлікпен басқаруға берілген жағдайда мұндай ұйымдардың қызметіне қатысты есептілікті оларға Қор және ұйымдар сенімгерлікпен басқару шартының талаптарына сәйкес береді.
Тармақ 4
4. Қор мемлекеттік органдарға қажетті дұрыс және уақтылы ақпараттың Қордың интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен берілуін қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру тәртібі
2-тарау. Есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Қордың интернет-ресурсына осы Қағидаларға сәйкес орналастырылатын есептілік осы бұйрықпен бекітілген тізбеге, нысандарға және кезеңділікке сай мемлекеттік органдарға қажетті Қордың және (немесе) ұйымдардың қызметі туралы ақпаратты қамтитын цифрлық ресурстарды қамтиды.
Тармақ 6
6. Қордың интернет-ресурсына осы Қағидаларға сәйкес орналастырылатын цифрлық ресурстар қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады және құпия цифрлық ресурстар санатына жатады.
Тармақ 7
7. Қор Қордың интернет-ресурсына орналастырылған қолжетімділігі шектеулі цифрлық ресурстарды қорғаудың «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын қабылдайды.
Тармақ 8
8. Қордың интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған цифрық ресурстарды орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 9
9. Есептілік Қордың интернет-ресурсына қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады және:
Тармақша 1
1) есептілік субъектісінің есептіліктің тиісті саласындағы істерінің шын мәніндегі жай-күйіне сәйкес келетін анық ақпаратты;
Тармақша 2
2) өзекті ақпаратты қамтиды. Ұсынылатын ақпараттың өзектілігі осы бұйрықпен бекітілген кезеңділікке сәйкес Қордың интернет-ресурсына есептілікті орналастырумен (жаңартумен) қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Қордың интернет-ресурсы есептілікті орналастырудың (жаңартудың) күні және уақыты туралы мәліметтерді қамтиды. Бұл ретте Қордың интернет-ресурсында бұрын (жаңартылғанға дейін) орналастырылған есептілік сақталады. Есептіліктің архивтік деректері Қордың интернет-ресурсынан 5 (бес) жыл бойы алынып тасталмауға тиіс (жіберілген техникалық қателерді қоспағанда).
Тармақ 11
11. Есептілік Қордың интернет-ресурсына Excel форматында және басқа да жалпыға қолжетімді форматтарда орналастырылады. Көлемі жиырма бес беттен асатын ақпаратты Қордың интернет-ресурсына ZIP форматын және басқа форматтарды пайдалана отырып, архивтелген түрде орналастыруға болады.
Басқа 2. Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі Р/с № Есептіліктің атауы Орналастыру кезеңділігі Есептілікке қолжетімділігі бар мемлекеттік орган 1 2 3 4 1. Қарыз алу құрылымы және оны өтеу кестесі (кепілдіктер құрылымы) (1-нысан) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 2. Қаржылық орнықтылық көрсеткіштері (2-нысан) жыл сайын, есепті кезеңнен бастап күнтізбелік 80 күн өткеннен кейін ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қаражатын игеру жөніндегі есеп (3-нысан) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 4. Ұлттық компаниялар мәртебесі бар еншілес ұйымдардың әлеуметтік көрсеткіштері жөніндегі есеп (4-нысан) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 5. Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалған, оның ішінде ұлттық жобалар және (немесе) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаражатын пайдалана отырып іске асыру сатысындағы Қордың инвестициялық жобалары туралы ақпарат (5-нысан). тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ӨҚМ, КТ, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 6. Байланыс саласы бойынша талдамалық ақпарат (6-нысан) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін және 6-нысанда көрсетілген мерзімдерде ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ЖИЦДМ, ЖАП (келісу бойынша) 7. Қордың бюджеттік инвестициялары мен кредиттерінің игерілуі жөніндегі есеп (7-нысан) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 8. Қор тобының IT-мамандары бойынша ақпарат (8-нысан) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ЖИЦДМ 9. Акциялары Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды, (қатысу үлестерін) сыныптау әдістемесіне сәйкес Қор тобының құрылымы (9-нысан) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 30 сәуірге дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 10. Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың іс-шаралар жоспары және оның орындалуы жөніндегі есеп (10-нысан) Іс-шаралар жоспары бекітілгеннен және Қордың Директорлар кеңесі есепті қарағаннан кейін екі апта ішінде ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 11. Қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтың болу себептері туралы ақпарат (11-нысан) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 10 наурызға дейін ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 12. «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында көзделген Қор объектілерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі есеп (12-нысан) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 13. Қордың корпоративтік орталығы бойынша акционердің пайдасына есептелген өзге де бөлулер туралы Қордың ақпараты (13-нысан) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 14. Қор акцияларының мемлекеттік пакетіне есептелген дивидендтер туралы есеп (14-нысан) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 10 наурызға дейін ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) 15 Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есебі жыл сайын, есепті кезеңнен 5 ақпанына дейін ПӘ (келісу бойынша), ҮА, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СЖҚІҚҚ (келісу бойынша), ЖАП (келісу бойынша) Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ЖАП – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қор – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі СЖҚІҚҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ҮА – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Басқа 3. Мемлекеттік органдарға қажетті, Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын есептілік нысандары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. бұйрығына 3-қосымша Мемлекеттік органдарға қажетті, Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын есептілік нысандары 1-нысан Қарыз алу құрылымы және оны өтеу кестесі (кепілдіктер құрылымы) Еншілес ұйымның (корпоративтік орталықтың) атауы: Есептілік жасалатын кезең: Кейінгі бағандар кепілдіктер үшін толтырылмайды Р/с № Қарыз алушы (Гарант) Қарыз беруші (Кепілдік бойынша бенефициар) Құрал (Кепілдік берілетін құрал) Қарыз алудың мақсаты (Кепілдік объектісі; кепілдендірілген қарыз алуды тарту мақсаты) NO SUBSI CRDTR INSTR PURPS А Сыртқы қарыз алу А1 А2 В Ішкі қарыз алу В1 В2 С «Самұрық-Қазына» тобы ішіндегі қарыз алу C1 С2 D «Самұрық-Қазына» тобы компаниялары үшін кепілдіктер D1 D2 E Өзге де компаниялар үшін кепілдіктер E1 E2 кестенің жалғасы: Қарыз алу шарты (Кепілдік шарты) Қарыз талаптары (Кепілдік талаптары) № күні валюта шарт бойынша сомасы игеру сомасы % өзге де талаптар REFNO REFDT LNCCY LNAMNT LNACT INTRT CONDS кестенің жалғасы: Қарыз мерзімі (Кепілдік берілетін қарыз мерзімі) Қарыз бойынша қамтамасыз ету түрі (Кепілдік бойынша қамтамасыз ету түрі) игеру күні қолжетімділік кезеңі аяқталған күн өтеу күні қалған мерзімі күндермен DTPLC AVLB DTPMT NDAYS CLTRL кестенің жалғасы: Есепті күнгі негізгі борыш (бұдан әрі - НБ) сомасы 20XX 1-тоқсан 20XX 2-тоқсан 20XX 3-тоқсан НБ-ны өтеу % төлем НБ-ны өтеу % төлем НБ-ны өтеу % төлем Y0DBT 1QPRL 1QINT 2QPRL 2QINT 3QPRL 3QINT кестенің жалғасы: 20XX 4-тоқсан 20ХХ+1 20ХХ+2 НБ-ны өтеу % төлем Кезең басындағы НБ НБ-ны өтеу % төлем Кезең басындағы НБ НБ-ны өтеу % төлем 4QPRL 4QINT Y1DBT Y1PRL Y1INT Y2DBT Y2PRL Y2INT кестенің жалғасы: 20ХХ+3 20ХХ+4 20XX+5 Кезең басындағы НБ НБ-ны өтеу % төлем Кезең басындағы НБ НБ-ны өтеу % төлем Кезең басындағы НБ НБ-ны өтеу % төлем Y3DBT Y3PRL Y3INT Y4DBT Y4PRL Y4INT Y5DBT Y5PRL Y5INT 2-нысан Қаржы орнықтылығының көрсеткіштері Есепті күнге Нысаналы мәні 20ХХ (факт) 20ХХ+1 (бағалау) 20ХХ+2 (болжам) 20ХХ+3 (болжам) 20ХХ+4 (болжам) 20ХХ+5 (болжам) Борыш/EBITDA Пайыздық төлемдерді өтеу коэффициенті (EBITDA/пайыздық шығыстар) Борыш/Меншікті капитал Ағымдағы өтімділік коэффициенті 3-нысан Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшалай қаражатын игеру жөніндегі есеп миллион теңгемен Де­реккөз Іс-ша­ра­ның ата­уы (ны­са­на­лы мақ­са­ты) Опе­ра­тор Бө­лін­ді (көз­дел­ді) Иге­ріл­ді (ауда­рыл­ды) Қор­ға қай­та­рыл­ды Иге­ріл­ме­ген қал­дық Қор­да ба­ры (=8+10) со­ма­сы % со­ма­сы % со­ма­сы % cо­ма­сы (= 4 - 6) % иге­ріл­меу се­беп­те­рі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Жар­ғы­лық ка­пи­тал Жиы­ны Об­ли­га­ци­я­лар Жиы­ны Бар­лы­ғы 4-нысан Ұлттық компаниялар мәртебесі бар еншілес ұйымдардың (бұдан әрі – ЕҰ) әлеуметтік көрсеткіштері жөніндегі есеп Атауы Өлшем бірлігі ЕҰ 1 ЕҰ 2 ЕҰ n А В 1 2 n Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны, барлығы, оның ішінде: адам әкімшілік-басқару персоналы адам өндірістік персонал адам Еңбекақы төлеу қоры, барлығы, оның ішінде: мың теңге әкімшілік-басқару персоналы мың теңге өндірістік персонал мың теңге Орташа айлық жалақы, барлығы, оның ішінде: мың теңге әкімшілік-басқару персоналы мың теңге өндірістік персонал мың теңге Кадрлардың тұрақтамауы, оның ішінде: % менеджмент арасында кадрлардың тұрақтамауы % 5-нысан Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалған, оның ішінде ұлттық жобалар және (немесе) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаражатын пайдалана отырып іске асыру сатысындағы Қордың инвестициялық жобалары туралы ақпарат Р/с № Жобаның атауы Қатысушылар Өңір Мақсаты Іске асыру мерзімдері Өндіріс қуаты Жылына заттай мәнде Жылына құндық мәнде, миллион теңге 1 2 3 4 5 6 7 8 1. 2. кестенің жалғасы: Кезеңдегі жұмыс орындарының саны Жобаны іске асыру басталғаннан бері игерілген инвестициялар Жобаның құны, млн теңге (жылдар бойынша Қаржыландыру схемасы Құрылыс Пайдалану млн теңгемен жобаның жалпы құнынан %-бен Меншікті (Қор және ЕТҰ1) қарыз РБ2 оның ішінде РБ (ҰҚ 3) БЖЗҚ4 (қарыз) 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 кестенің жалғасы: Пайдалануға берілген күні (ай, жыл) Жобалық қуатқа шыққан күні (ай, жыл) Өндірілген өнімнің заттай мәндегі көлемі (пайдалануға берілген күннен бастап), тонна, дана және тағы басқа Құндық мәндегі өндірілген өнімнің көлемі (пайдалануға берілген күннен бастап), миллион теңге Ағымдағы жағдайы (жоба бойынша орындалған іс-шаралар және жүргізілетін жұмыстар) Проблемалық мәселелер Мәселе Құзыретті органды көрсете отырып, шешу жолдары 19 20 21 22 23 24 25 кестенің жалғасы: Қаржыландыру көздері Тиімділік көрсеткіштері Түпкілікті нәтижелер Іске асырудың негізі 26 27 28 29 Ескертпе: 1 Еншілес және тәуелді ұйымдар 2 Республикалық бюджет 3 Ұлттық қор 4 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 6-нысан Ай сайынғы ақпарат байланыс саласы бойынша талдамалық ақпарат Р/с № Көрсеткіштің атауы Өлшем бірлігі Есепті кезең үдемелі қорытындымен 1 2 3 4 1 Телекоммуникациялардың жергілікті желілерін цифрландыру деңгейі % 2 Ауылдық жерлердегі телекоммуникациялардың жергілікті желілерін цифрландыру деңгейі % 3 Тіркелген телефон желілерінің саны абоненттер 4 Ауылдық жерлердегі тіркелген телефон желілер саны абоненттер 5 Тіркелген Интернет абоненттерінің саны абоненттер 6 Тіркелген Интернетке кеңжолақты қолжетімділікті пайдаланатын абоненттер саны абоненттер 7 Интернетке қолжетімділігі бар пайдаланушылар саны пайдаланушылар 8 Интернетке кең жолақты қолжетімділігі бар пайдаланушылар саны пайдаланушылар 9 Интернеттің халықаралық өткізу қабілеттілігі Секундына Мегабит (бұдан әрі – Мбит/с) 10 Халық саны 50 және одан астам 450 ауылдық елді мекеннің CDMA технологиясын пайдалана отырып, Интернетке кең жолақты қолжетімділіктің көрсететін қызметімен қамтылу пайызы (өңірлер бөлінісінде) % 11 CDMA технологиясын пайдалана отырып, халық саны 50 және одан астам 450 ауылдық елді мекеннің Интернет кең жолақты қол жеткізу қызметімен қамтылғандар саны (өңірлер бөлінісінде) бірлік 12 Автоматтандырылған пошта байланысы бөлімшелерінің үлесі % 6-нысанға Ай сайынғы талдамалық ақпарат Р/с № Көрсеткіштің атауы Өлшем бірлігі Ұсыну мерзімдері Есепті кезеңдегі факт 1 2 3 4 5 1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының ағымдағы жағдайы және дамуы туралы ақпарат Ақпарат есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін 2 Жергілікті телекоммуникациялардың желілерінде цифрлық коммутациялық станциялар бойынша орындалған жұмыстар туралы ақпарат. Телекоммуникациялардың жергілікті желісін дамыту. Жергілікті телекоммуникация желілерін салу. Ақпарат 3 CDMA технологиясын пайдалана отырып, ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерін жаңғырту және дамыту бойынша орындалған жұмыстар туралы ақпарат Ақпарат 4 DWDM спектральдық тығыздау технологиясы негізінде Ұлттық ақпараттық супермагистральды кеңейту бойынша орындалған жұмыстар туралы ақпарат Ақпарат 5 Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендер туралы ақпарат Ақпарат 6 Аймақтық желіні дамыту және салу Ақпарат 7 Телекоммуникациялардың магистральдық желісін дамыту және кеңейту (Ұлттық ақпараттық супермагистральдің талшықты - оптикалық байланыс желілері) Ақпарат 8 Жаңа технологияларды енгізу жобалары туралы ақпарат Ақпарат 9 Интернет желісіне қолжетімділікті және Интернетке кеңжолақты қолжетімділікті дамыту Ақпарат 10 CDMA-450/800, EV-DO, 4G (LTE), FTTН технологиясы (инфрақұрылым, базалық станциялар саны, облыстар бөлінісінде) негізінде Интернетке сымсыз қолжетімділік желісін дамыту Ақпарат 11 Абоненттер саны және ADSL, FTTH, CDMA-450, EV-DO, LTE технологиялары бойынша Интернетке кеңжолақты қолжетімділіктің орташа жылдамдығы Ақпарат 12 SIP-телефония көрсететін қызметтерді дамыту Ақпарат 13 Ортақ пайдаланылатын жерлерде (жоғары оқу орындары, ауруханалар, қонақүйлер, халыққа қызмет көрсету орталықтары, облыстық теміржол вокзалдары және т.б.) орналастырылған Wi-Fi технологиясы бойынша кеңжолақты Интернетке қол жеткізу нүктелерінің саны Ақпарат 14 ID TV-ді дамыту (абоненттер саны, инфрақұрылым) Ақпарат 6-нысанға Халықаралық электр байланысы одағының (бұдан әрі – ХЭБО) көрсеткіштері бойынша ақпарат ХЭБО коды Көрсеткіш Ұсыну мерзімдері 20__ жыл 1 2 3 4 Тіркелген телефон желісі Жылына 2 рет, 1 мамырға және 1 қарашаға қарай 112 Тіркелген телефон желілері 117 Жалпы қолданыстағы жергілікті телефон станцияларының жалпы сыйымдылығы 1142 Цифрлық телефон станцияларына қосылған тіркелген телефон желілерінің пайызы 112IP VoIP абоненттік желілері 116 Пәтер абоненттеріне қызмет көрсететін тіркелген телефон желілерінің пайыздық үлесі 1162 Қала аудандарындағы тіркелген телефон желілерінің пайызы 1163 Телефон қызметі көрсетілетін елді мекендердің пайыздық үлесі 1112 Ортақ пайдаланылатын ақылы таксофондар 28 Қызметтерді интеграциялау бар цифрлық жүйенің (бұдан әрі – ҚИЦЖ) абоненттік желілері 281 Берудің базалық жылдамдығы бар ҚБЦЖ абоненттері 282 Берудің бастапқы жылдамдығы бар ҚБЦЖ абоненттері 28с ҚБЦЖ сөйлеу арналарының баламалары 112pt Тіркелген телефон байланысы желісіндегі көшірілген нөмірлер Жылжымалы байланыс желісі 271 Жылжымалы ұялы телефон байланысына арналған келісімшарттар (кейін төлеумен + алдын ала төлеумен) 271р Жылжымалы ұялы байланыс келісімшарттары: алдын ала төлеу 271 pop Халықтың жылжымалы ұялы телефон байланысы желісімен қамтылу пайызы 271G 3G/4G жылжымалы байланыс желілерімен қамту (халықтың пайыздық үлесі) 271pt Жылжымалы байланыс желісінің нөмірлерін беру Интернет 4213 Тіркелген (сымды) Интернет абоненттерінің жалпы саны 4213d Телефон желісі бойынша қолжетімділігі бар Интернет абоненттері 4214 Интернеттің халықаралық өткізу қабілеті (Мбит/сек) 4214og Шығыс Интернеттің халықаралық өткізу қабілеті (Мбит/сек) 4214ic Кіріс Интернеттің халықаралық өткізу қабілеті (Мбит/сек) 4214d Интернеттің ішкі өткізу қабілеті 4214di Кіріс Интернеттің ішкі өткізу қабілеті 4214do Шығыс Интернеттің ішкі өткізу қабілеті Технологияға байланысты тіркелген (сымды) байланысы бар кеңжолақты Интернет абоненттері 4213tfb Тіркелген (сымды) қолжетімділігі бар кеңжолақты Интернет абоненттерінің жалпы саны 4213cab Кабельді модемді қолданатын Интернет абоненттері 4213dsl Цифрлық абоненттік желінің (бұдан әрі – ЦАЖ) абоненттері (Интернет) 4213ftt h/b Үйге/ғимаратқа талшықты-оптикалық қосылу (FTTH/B) 4213ob Тіркелген (сымды) қолжетімділігі бар кең жолақты Интернеттің басқа абоненттері Жылдамдығына байланысты тіркелген (сымды) кеңжолақты қолжетімділік 4213 2 56to2 Жылдамдығы 256 кбит/с бастап кемінде 2 Мбит/с дейінгі абоненттік желілер 4213 2to10 Жылдамдығы 2 Мбит/с бастап кемінде 10 Мбит/с дейінгі абоненттік желілер 4213 G 10 10 Мбит/с жоғары 4213 10to100 Жылдамдығы 10 Мбит/с бастап кемінде 100 Мбит/с дейінгі абоненттік желілер 4213 100to1G Жылдамдығы 100 Мбит/с бастап кемінде секундына 1 Гигабит (бұдан әрі – Гбит/с) дейінгі абоненттік желілер 4213 G 1Gb Жылдамдығы 1 Гбит/с жоғары абоненттік желілер Сымсыз кең жолақты қолжетімділік 271twb Сымсыз кең жолақты қолжетімділігі бар абоненттердің жалпы саны 271s Спутниктік желілер 271fw Тіркелген жерүсті сымсыз байланыс желілері 271mw Жерүсті жылжымалы сымсыз байланыс желілері 271mb_use Кеңжолақты жылдамдықтарда деректер берілісі пайдаланылатын стандартты жылжымалы байланыс желілері 271md Деректер беруге арналған жылжымалы мамандандырылған байланыс желілері Трафик 1311m Жергілікті тіркелген телефон трафигі (минутпен) 1312m Халықаралық тіркелген телефон трафигі (минутпен) 131m Ұлттық тіркелген телефон трафигі 1313w m Тіркелген және жылжымалы байланыс желілері арасындағы ұлттық шығыс трафигі (минутпен) 132mb Халықаралық кіріс және шығыс тіркелген телефон трафигі (минутпен) 132m Халықаралық тіркелген шығыс телефон трафигі (минутпен) 132mi Халықаралық тіркелген кіріс телефон трафигі (минутпен) 133wm Ұлттық жылжымалы байланыс трафигі (минутпен) 1331wm Шығыс/бастапқы жылжымалы байланыстың дәл сол жылжымалы байланыс желісімен минуттар саны 1332wm Шығыс/бастапқы жылжымалы байланыстың басқа да жылжымалы байланыс желілерімен минуттар саны 1332wmf Шығыс жылжымалы байланыстың тіркелген байланыс желілерімен минуттар саны 1333wm Шығыс/бастапқы жылжымалы байланыстың халықаралық желілермен минуттар саны 1335wm Халықаралық кіріс байланыстың жылжымалы байланыс желісімен минуттар саны 133 sms Жіберілген SMS 133mm s Жіберілген MMS 132tb Жалпы халықаралық кіріс және шығыс телефон трафигі (минутпен) 132t Жалпы халықаралық шығыс телефон трафигі (минутпен) 132ti Жалпы халықаралық кіріс телефон трафигі (минутпен) 131 VoIP VoIP минутпен 135tfb Тіркелген (сымды) кеңжолақты байланыс пайдаланылатын интернет–трафик (Гигабайт (бұдан әрі – Гбайт)) 136mwi Жылжымалы кеңжолақты байланыс пайдаланылатын интернет–трафик (ел ішінде) (Гбайт) 136mwo Жылжымалы кеңжолақты байланыс пайдаланылатын интернет–трафик (елдің шегінен тысқары, шығыс роумингі) (Гбайт) Пәтер абоненттеріне арналған - тіркелген жергілікті телефон байланысы желілері көрсететін қызметтер тарифтері 151 Пәтер абоненттері үшін телефон байланысын көрсететін қызметтер шеңберінде орнату үшін ақы төлеу 152 Пәтер абоненттері үшін телефон байланысының көрсететін қызметтеріне ай сайынғы абоненттік төлем 153 Тіркелген телефон байланысының желісі бойынша жергілікті қоңырау шалынған жағдайда сөйлесудің үш минутының құны (барынша жүктелген кезеңдегі тариф) 153о Тіркелген телефон байланысының желісі бойынша жергілікті қоңырау шалынған жағдайда сөйлесудің үш минутының құны (әдеттегі уақыттағы тариф) Корпоративтік желілер - тіркелген жергілікті телефон байланысы қызметтерінің тарифтері 151b Корпоративтік телефон байланысы көрсетілетін қызметтерінің шеңберінде орнату үшін төлем 152b Корпоративтік телефон байланысының көрсетілетін қызметтері үшін ай сайынғы абоненттік төлем Жылжымалы ұялы байланыс тарифтері 151 с Кейіннен ақы төлеумен жылжымалы ұялы байланыс желісіне қосылу төлемі 151 р Алдын ала ақы төлеумен жылжымалы ұялы байланыс желісіне қосылу төлемі 152с Жылжымалы ұялы байланыс үшін ай сайынғы абоненттік төлем 153с Жылжымалы ұялы байланыс – жергілікті қоңырау шалудың үш минуты үшін құны (сол желідегі барынша жүктелу кезеңінде) 153pn Алдын ала ақы төлеумен жылжымалы ұялы байланыс – жергілікті қоңырау шалудың бір минуты үшін бағасы (сол желіде барынша жүктелу кезеңінде) 153ро Алдын ала ақы төлеумен жылжымалы ұялы байланыс – жергілікті қоңырау шалудың бір минуты үшін бағасы (басқа желіде барынша жүктелу кезеңінде) 153pf Алдын ала ақы төлеумен жылжымалы ұялы байланыс – жергілікті қоңырау шалудың бір минуты үшін бағасы (барынша жүктелу кезеңінде, тіркелген байланыс желісімен) 153со Жылжымалы ұялы байланыс – үш минуттық жергілікті қоңырау шалудың құны (сол желідегі әдеттегі уақытта) 153pon Алдын ала ақы төлеумен жылжымалы ұялы байланыс – жергілікті қоңырау шалудың бір минуты үшін бағасы (сол желідегі әдеттегі уақытта) 153роо Алдын ала ақы төлеумен жылжымалы ұялы байланыс – жергілікті қоңырау шалудың бір минуты үшін бағасы (басқа желідегі әдеттегі уақытта) 153pof Алдын ала ақы төлеумен жылжымалы ұялы байланыс – жергілікті қоңырау шалудың бір минуты үшін бағасы (әдеттегі уақытта, тіркелген байланыс желісімен) 153рwn Алдын ала ақы төлеумен жылжымалы ұялы байланыс – жергілікті қоңырау шалудың бір минуты үшін бағасы (сол желіде демалыс күндері/кешкі уақытта) 153pwo Алдын ала ақы төлеумен жылжымалы ұялы байланыс – жергілікті қоңырау шалудың бір минуты үшін бағасы (басқа желіде демалыс күндері/кешкі уақытта) 153pwf Алдын ала ақы төлеумен жылжымалы ұялы байланыс – жергілікті қоңырау шалудың бір минуты үшін бағасы (демалыс күндері/кешкі уақытта, тіркелген байланыс желісімен) 153sms Жылжымалы ұялы байланыс - SMS құны (сол желіде) 153sms_po Жылжымалы ұялы байланыс - SMS құны (басқа желіде) Тіркелген (сымды) байланыс арқылы кеңжолақты қолжетімділігі бар Интернет тарифтері 4213bс Тіркелген (сымды) байланысы бар Интернетке кең жолақты қолжетімділік үшін төлем 4213bs Тіркелген (сымды) байланыс арқылы кең жолақты қолжетімділігі бар Интернет пайдаланғаны үшін ай сайынғы абоненттік төлем 4213bs_s Тіркелген кеңжолақты қолжетімділікті пайдалану кезіндегі беру жылдамдығы, Мбит/с 4213bs_с Тіркелген (сымды) кеңжолақты қолжетімділікті пайдалану кезіндегі трафиктің шекті көлемі, ГБ 4213bs_cp Тіркелген (сымды) байланыс арқылы кеңжолақты қолжетімділікке қойылған шектеуден асыру үшін баға Қызмет көрсету сапасы 123 Тіркелген желілер үшін кезекте тұрғандар тізімі 143 Бір жылда 100 тіркелген желіге келетін ақаулар саны 141 Келесі жұмыс күніне қарай жөнделген тіркелген телефон желілері ақауларының пайызы 146u Жылжымалы ұялы байланыс кезіндегі сәтсіз шақырулар коэффициенті 146d Жылжымалы ұялы байланыс кезіндегі жауап берілмеген шақырулар коэффициенті 147c Тіркелген (сымды) кеңжолақты байланысқа жасалған 100 келісімшартқа шаққандағы шағымдар саны 147t Тіркелген (сымды) кеңжолақты байланыс қызметіне қатысты қызмет көрсетуді белсенді ету уақыты (күндермен) Персонал 51 Толық жұмыс күнінде жұмыс істейтін электр байланысы саласындағы персоналдың жалпы саны 5 If Электр байланысы саласындағы әйел жынысты персонал саны 51w Жылжымалы электр байланысы саласындағы персонал саны Кіріс 75 Электр байланысының барлық көрсететін қызметтерінен түсетін жалпы кіріс 71 Тіркелген телефон байланысының көрсететін қызметтерінен түсетін кіріс 741 Жылжымалы байланыстан түсетін кіріс Инвестициялар 81 Электр байланысына салынатын жылдық жиынтық инвестициялар 83 Тіркелген телефон байланысы көрсетілетін қызметіне инвестициялар 87 Кеңжолақты (сымды) байланысқа инвестициялар 841m Жылжымалы байланысқа инвестициялар 841f Электр байланысына шетелдік инвестициялар Ақылы телевизия (бұдан әрі - АТ) 965IP IPTV абоненттік қосылулар 965s Спутниктік АТ абоненттік қосылулы 965cab Кабельді АТ абоненттік қосылулы 965oth АТ абоненттік қосылуларының басқа да түрлері 6-нысанға Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың көрсеткіштері бойынша ақпарат Р/с № Көрсеткіштің атауы Өлшем бірлігі. Ұсыну мерзімдері 20__ жыл 1 2 3 4 5 1 Пошта байланысының стационарлық бөлімшелерінің саны бірлік жылына 1 рет, 1 мамырға қарай 2 оның ішінде ауылдық жерлерде бірлік 3 Пошташылар саны, барлығы адам 4 оның ішінде ауылдық жерлерде адам 5 Пошта-касса терминалдары, барлығы бірлік (бұдан әрі – бірл.) 6 оның ішінде деректер беру желісіне қосылу пункттері ретінде пайдаланылатын пошта-касса терминалдары бірлік 7 Пошта тасымалында пайдаланылатын автомобильдер паркі бірлік Жұмыс сапасы 8 EMS халықаралық және ішкі жөнелтілімдер өтуінің бақылау мерзімдерінің орындалуы % 9 Жазбаша хат-хабарларды (ішкі жөнелтілімдер үшін) өткізудің бақылау мерзімдерінің орындалуы % 10 Жазбаша хат-хабар, барлығы, оның ішінде: миллион бірлік 11 қарапайым жазбаша хат-хабар, барлығы, миллион бірлік 12 оның ішінде: халықаралық миллион бірлік 13 тапсырысты жазбаша хат-хабар, барлығы, миллион бірлік 14 оның ішінде: миллион бірлік 15 халықаралық миллион бірлік 16 құндылығы жарияланған жазбаша хат-хабар, барлығы, мың бірлік 17 оның ішінде: халықаралық мың бірлік 18 Мерзімді баспасөз басылымдары даналарының саны, оның ішінде: миллион бірлік 19 жазылым бойынша ел ішінде жіберілгендер және жеткізілгендер миллион бірлік 20 пошта бөлімшелерінің желісі арқылы бөлшектеп сатылғандар миллион бірлік 21 Гибридтік пошта, барлығы мың бірлік 22 оның ішінде: халықаралық: мың бірлік 23 Жалақы төлеу мың бірлік 24 Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу мың бірлік 25 Жөнелтілімдер, барлығы мың бірлік 26 Жеделдетілген пошта жөнелтілімдері (EMS көрсететін қызметтер), барлығы дана 27 Халықаралық пошта алмасу килограмм 28 ондағы жазбаша хат-хабар, оның ішінде: килограмм 29 қарапайым жазбаша хат-хабар килограмм 30 тапсырысты жазбаша хат-хабар мың бірлік килограмм 31 құндылығы жарияланған жазбаша хат-хабар мың бірлік килограмм 32 «М» арнайы қаптары мың бірлік килограмм 33 Жөнелтілімдер мың бірлік 34 жіберу-сауда ұйымдарынан жөнелтілімдер мың бірлік 35 электрондық поштаның халықаралық хабарламалары (гибридтік пошта) мың бірлік. 36 жеделдетілген поштаның халықаралық жөнелтілімдері (EMS көрсететін қызметтері) мың бірлік 37 Ақша аударымдары, барлығы, оның ішінде: мың бірлік 38 электрондық мың бірлік 39 Ақылы шығыс алмасу мың бірлік 40 Ақылы кіріс алмасу мың бірлік Пошта байланысы көрсететін қызметтерінің тарифтері: 41 Ел шегінде қарапайым хат жіберу үшін төлем (салмағы 20 грамға дейін): 42 халық үшін Ұлттық валюта бірлігі (бұдан әрі – ұлт.вал.бірл.) АҚШ доллары (бұдан әрі – АҚШ дол.) 43 бюджеттік ұйымдар үшін ұлт.вал.бірл. АҚШ дол 44 коммерциялық ұйымдар үшін ұлт.вал.бірл. АҚШ дол 45 Ел шегінде пошталық ақша аударымын жіберу төлемі 46 халық үшін ұлт.вал.бірл. АҚШ дол 47 бюджеттік ұйымдар үшін ұлт.вал.бірл. АҚШ дол 48 коммерциялық ұйымдар үшін ұлт.вал.бірл. АҚШ дол 49 Ел шегінде жерүсті көлігімен қарапайым жөнелтім жіберу төлемі (тиісті кезеңдегі номиналды салмақта) 50 халық үшін ұлт.вал.бірл. АҚШ дол 51 бюджеттік ұйымдар үшін ұлт.вал.бірл. АҚШ дол 52 коммерциялық ұйымдар үшін ұлт.вал.бірл. АҚШ дол Кірістер 53 пошта байланысы көрсететін қызметтен түсетін кірістер, барлығы миллион ұлт.вал.бірл. 54 Жан басына шаққандағы пошта байланысы көрсететін қызметтен түсетін кірістер: ұлт.вал.бірл./ адам Персонал 55 Пошта байланысы жұмыскерлерінің орташа жылдық саны, барлығы, оның ішінде: мың адам 56 толық ставкада жұмыс істейтіндер мың адам 57 персоналдың жалпы санына шаққандағы жұмыс істейтін әйелдердің үлес салмағы пайыз 7-нысан Қордың бюджеттік инвестициялары мен кредиттерінің игерілуі жөніндегі есеп Р/с № Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы Әкім­ші Бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар/кре­дит­тер бе­рі­л­ген жыл Ны­са­на­лы мақ­са­ты Жо­ба­ны орын­да­у­шы Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да көз­дел­ген бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар/кре­дит­тер со­ма­сы, млн. тең­ге Бө­лін­ген бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар/кре­дит­тер со­ма­сы, млн. тең­ге Жо­ба­ны орын­да­у­шы игер­ген қа­ра­жат мөл­ше­рі, млн. тең­ге Иге­ріл­ме­ген қа­ра­жат қал­ды­ғы, млн.тең­ге Иге­ру мер­зі­мі Бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар­дың/кре­дит­тер­дің иге­ріл­меу се­беп­те­рі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар 1 2 3 Бюд­жет­тік кре­дит­тер 1 2 3 8-нысан Қор тобының IT-мамандары бойынша ақпарат Р/с № Қор тобындағы IT-мамандар саны (адам) Мамандықтар бөлінісінде біліктілік деңгейі жоғары IT-мамандар Жүйенің талдаушысы (адам) Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші (адам) Өзге де IТ-мамандар (адам) 1 2 3 4 5 1 2 3 9-нысан Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды5, акцияларды (қатысу үлестерін) сыныптау әдістемесіне сәйкес Қор тобының құрылымы6 Р/с № Ата­уы Ком­па­ни­я­лар­дың ти­пі (ен­ші­лес ұй­ым /қа­уым­дас­қан ком­па­ния, бір­лес­кен кә­сі­по­рын) Ие­ле­ну үле­сі Ұй­ым­дық-құқық­тық ны­сан Дең­гей БСН7 Ре­зи­дент­тік Заң­ды ме­кен­жай 1. 2. … Ұй­ым­дар­дың жал­пы са­ны, оның ішін­де: Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам (АҚ) Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стік (ЖШС) Бей­ре­зи­дент­тер Ескертпе: 5 Қор біршама ықпал ететін, Қормен үлестес болып табылатын, оның еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар тізбесі 6 Қор Басқармасы бекіткен 7 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі 10-нысан Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың іс-шаралар жоспары және оның орындалуы жөніндегі есеп № Атауы Өлшем бірлігі 20ХХ-2 20ХХ-1 Факт Жоспар Бағалау 1 2 3 4 5 6 01 Макроэкономикалық көрсеткіштер Тұтыну бағаларының индексі % Мұнайдың әлемдік бағасы (Брент) бір баррель үшін АҚШ доллары АҚШ долларына теңгенің айырбас бағамы бір жылға орташа есеппен 1 долларға теңге ЖІӨ нақты өсуі, өткен жылға %-бен % 02 Қор тобы бойынша қызметтің түйінді көрсеткіштері (ҚТК) 01 02 03 99 03 Шоғырландырылған қаржылық көрсеткіштер Қаржы орнықтылығының көрсеткіштері Жалпы кірістер миллиард теңге Негізгі қызметтен түсетін кірістер миллиард теңге Өткізуден түсетін кірістер, пайыздық кірістер және өзге де қаржылық кірістер (қаржылық сегменттің ЕҰ үшін олардың негізгі қызметі бойынша), өзге де кірістер миллиард теңге Мемлекеттік субсидиялар миллиард теңге Негізгі емес қызметтен түсетін кірістер миллиард теңге Қаржылық кіріс миллиард теңге Өзгелер миллиард теңге Ағымдағы қызметке жалпы шығыстар миллиард теңге Өткізілген өнімнің/көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны миллиард теңге Жалпы және әкімшілік шығыстар миллиард теңге Тасымалдау және өткізу бойынша шығыстар миллиард теңге Қаржылық шығыстар миллиард теңге Өзгелер миллиард теңге Жалпы кіріс миллиард теңге Операциялық пайда «+»/шығын «-» миллиард теңге Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдардың кірістеріндегі/шығындарындағы үлес миллиард теңге Қызметті тоқтатудан түсетін кіріс/ (шығын) миллиард теңге Табыс салығы бойынша шығыстар миллиард теңге Азшылық үлесін шегергенге дейінгі таза кіріс /(шығын) миллиард теңге Азшылық үлесі миллиард теңге Таза кіріс /(шығын) миллиард теңге Акционерге (Үкіметке) дивидендтер миллиард теңге Дамытуға арналған жалпы шығыстар (инвестициялар) миллиард теңге Инвестициялық жобалар миллиард теңге ЕҰ жарғылық капиталына Қордың инвестициялары миллиард теңге Қатысу үлестерін сатып алу (екінші деңгейдегі банксыз) миллиард теңге ЕҰ өндірістік қызметінің процесіне тікелей қатысатын өндірістік активтер мен өзге де негізгі активтерді жұмыс жағдайында ұстау миллиард теңге Өзгелер миллиард теңге Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері миллиард теңге меншікті қаражат миллиард теңге Жарғылық капиталға жарналар миллиард теңге Қарыз қаражаты және борыштық міндеттемелер миллиард теңге республикалық бюджеттен миллиард теңге Ұлттық қордан миллиард теңге сыртқы қарыздар миллиард теңге өзгелер миллиард теңге Өзгелер миллиард теңге кестенің жалғасы: 20ХХ 20ХХ+1 20ХХ+2 20ХХ+3 20ХХ+4 Бір жылға жоспар Бағалауға қатысты % - бен 1 тоқсанға жоспар 2 тоқсанға жоспар 3 тоқсанға жоспар Болжам Болжам Болжам Болжам 7 8 9 10 11 12 13 14 15 … 11-нысан Қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтың себептері туралы ақпарат мың теңгемен РБ­БӘ8 ББ9 Ком­па­ния ата­уы Қор­дың қол­ма-қол ақ­ша­сы­ның ба­қы­лау шо­тын­да­ғы (бұ­дан әрі – ҚБШ) жыл ба­сын­да­ғы пай­да­ла­ныл­ма­ған қал­дық Есеп­ті қар­жы жы­лын­да­ғы РБ ту­ра­лы Заң­да көз­дел­ген бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның со­ма­сы Қор ҚБШ-да­ғы қа­ра­жат­тың БАР­ЛЫ­ҒЫ (4-ба­ған + 7-ба­ған) Есеп­ті қар­жы жы­лы ішін­де Қор­дың ҚБШ-на ауда­рыл­ды Есеп­ті қар­жы жы­лы ішін­де Қор­дың ҚБШ-сы­нан шы­ғы­стар Қор­дың ҚБШ-да­ғы жыл ая­ғын­да пай­да­ла­ныл­ма­ған қал­ды­ғы Есеп­ті жы­лы қа­ра­жат­тың пай­да­ла­ныл­мау се­беп­те­рі Бар­лы­ғы оның ішін­де есеп­ті қар­жы жы­лын­да­ғы тү­сім­дер есе­бі­нен Бар­лы­ғы оның ішін­де: есеп­ті қар­жы жы­л­ғы қа­ра­жат қал­ды­ғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Ескертпе: 8 Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі 9 Бюджеттік бағдарлама 12-нысан Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тізімдерде көзделген Қор объектілерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі есеп Ак­тив­тің ата­уы №_ қо­сым­ша­да ор­на­лас­қан Мен­шік үле­сі, бар­лы­ғы, % Са­ты­ла­тын (бе­рі­ле­тін) үлес, % Бә­се­ке­лес ор­та­ға бе­ру, кү­ні Са­ту кү­ні (са­тып алу-са­ту шар­ты­на қол қою) Қор­дың құ­ра­мы­нан шы­ғу ны­са­ны (са­тыл­ды, та­ра­тыл­ды, қай­та ұй­ым­да­сты­рыл­ды) Са­ту тә­сі­лі 1 2 3 4 5 6 7 Жиы­ны Тіз­бе­де көз­дел­ген жиы­ны қо­сым­ша бой­ын­ша қо­сым­ша бой­ын­ша қо­сым­ша бой­ын­ша қо­сым­ша бой­ын­ша Қал­дық кестенің жалғасы: Құ­ны10, мың тең­ге Өзге­лер Ба­лан­стық11 (мен­шік­ті ка­пи­тал) Ба­ға­лау (ба­стап­қы) Са­ту Ай­ыр­ма­сы ба­лан­стық ба­ға­лау 8 9 10 11=10-8 12=10-9 13 Жиы­ны Ескертпе: 10 Таратылған және қайта ұйымдастырылған активтер бойынша толтыру талап етілмейді. 11 Активті сату жылының алдындағы есепті жылдың ішіндегі қаржылық көрсеткіштер көрсетіледі. 13-нысан Қордың корпоративтік орталығы бойынша Акционердің пайдасына есептелген өзге де бөлулер туралы Қордың ақпараты № Жобаның атауы Тапсырма күні, № Сомасы, теңге Ескертпе 14-нысан Қор акцияларының мемлекеттік пакетіне есептелген дивидендтер туралы есеп Мемлекеттік акциялар пакетін (бұдан әрі – МАП) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган МАП, %-бен Есепті қаржы жылының алдындағы жылдың қорытындылары бойынша таза кіріс (мың теңге) Есепті қаржы жылы МАП-ке дивидендтер аударылған (мың теңге) Ескертпе 1 2 3 4 5 15-нысан Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы есебі Ұйым атауы Есепті жыл ___________ Тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс, мың теңге Оның ішінде пайдаланудың негізгі бағыттары: өндірісті дамытуға, мың теңге инвестициялық жобаны іске асыруға, мың теңге резервтерді қалыптастыруға, мың теңге өзге бағыттарға (толық жазылсын), мың теңге 1 2 3 4 5 6 20 __ жылғы «__» __________ жағдай бойынша