Об установлении стимулирующих надбавок в размере ста процентов к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Центр изучения религий» государственного учреждения "Управление по делам религий области Ұлытау финансируемых из местного бюджета Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ұлытау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Діндерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жүз пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ұлытау облысы дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Діндерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жүз пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.