Об утверждении Правил о порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья и оплату коммунальных услуг Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы көмегін көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы», 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 «Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы» қаулысымен бекітілген, табысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеу үшін жәрдемақы көмегін көрсету тәртібі туралы Уақытша қағидаларға, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақы көмегін көрсету Ережелері бекітілсін (қосымша берілген).
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 22 шілдеде 1223 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 19 маусымдағы № 11 «Тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақы көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешімі өз күшін жойды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 11 қазандағы № С-14-3 «Тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақы көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешімі өз күшін жойсын.
Тармақ 4
4. Шешім Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, «Маяк» газетінде жариялануға жатады.
Басқа 5
Астрахан аудандық мәслихатының 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № С-16-12 шешімімен бекітілді Табысы аз азаматтарға тұрғын үйлерін ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі туралы ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Тұрғын үй жәрдемақысы
1. Тұрғын үй жәрдемақысы
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақысы аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйін ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді тұтыну, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу (жалдау) жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы ауданның ауылдарында тұрақты тұратын (тұрғын үй иесі немесе пайдаланушысы (жалдаушысы) болып табылатын тұлғаларға, егер өтемақы шараларымен, бірақ іс жүзінде тұратын жалпы алаңнан артық емес қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы және коммуналдық қызметтерін тұтыну нормативтері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға арналған шығыстар шегінде (жеке тұрғын үйін ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстау және ақы төлеу шығындары отбасының бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын жол беруге болатын шекті шығындар үлесінен асып кететін жағдайда беріледі. Тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға шығатын шығындарды төлеуге жол берілетін төлемнің шекті үлесі (жеке тұрғын үйін ұстаудан басқа), барлық санаттағы азаматтар үшін, отбасының жиынтық табысының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды. Халықты қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтерді (сумен, газбен жабдықтау, канализация, электрмен, жылумен жабдықтау, қоқыстарды әкету) тұтыну нормативтері Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 4
4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығын жоғалтады. Егер оларда күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуші, сондай-ақ 4 не одан да көп баланы тәрбиелеумен айналысушы , ең кіші бала 1 сыныпты аяқтағанша, (бірақ 9 жастан аспаған) тұлғалардан басқа, отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын, әскери қызметте емес, және жұмыспен қамту орталығында есепте жоқ тұлғалар болса, онда олардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін есептелген нақты соманың мөлшерінен асуы мүмкін емес.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берген күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейінгі мерзімге тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушыларды қайта тіркеу бастапқы ресімдеу рәсімдеріне ұқсас.
Тармақ 7
7. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемдерінің тарифі, отбасының кірістері өзгерген жағдайда, аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бұрынғы есептелген тұрғын үй көмегін қайта есептеу жүргізеді. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күннің ішінде аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасын өз тұрғын үйіне меншік түрінің, отбасының құрамы және жиынтық кірісінің кез келген өзгерісін, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмегені туралы хабарландыруға тиіс.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз төлеуге әкеліп соқтыратын жалған мәліметтер бергені үшін, тұрғын үйді жалдаушы (меншік иесі) бір жылға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы түрінде заңсыз алынған сомалар заңмен белгіленген тәртіпте қайтарып беруге жатады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау
2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды шешу тұрғын үй жалдаушының (меншік иесінің) өтінішінің және оған тіркелген отбасының құрамы, үйінің пайдалы ауданының мөлшері, тұрғын үйін ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге шығатын шығындар, өткен тоқсандағы отбасының жиынтық кірісі туралы құжаттардың негізінде қабылданады.
Тармақ 10
10. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі бойынша отбасымен шарт жасалады, онда тағайындалған тұрғын үй жәрдемақысының есебі енгізіледі. Шарт екі дана болып жасалады, оның біреуі жалдаушыға (меншік иесіне) беріледі. Осы шарт тұрғын үй жәрдемақысын көрсету үшін негіз болып табылады.
Тармақ 11
11. Ақпараттың дұрыстығына сенімсіздік туған жағдайда, аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер тұлғалардан кірістері туралы ақпарат сұрауға құқылы, ал жеке және заңды тұлғалар оны тапсыруға міндетті.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері өтемдік шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде, меншік иесінің тұрғын үйін ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну үшін төлейтін нақты төлемі мен отбасының осы мақсаттарға жұмсалатын жол беруге болатын шекті шығындар деңгейі арасындағы айырмашылық түрінде есептеледі.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көздері
4. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көздері
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді қаржыландыру тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы берілген жәрдемақылар сомасын көрсете отырып, негізгі жалға алушылар мен меншік иелерінің тізімін жасайды.
Тармақ 15
15. Аудандық қаржы органы, кем дегенде жылына бір рет бастапқы құжаттар бойынша, тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге арналған бюджеттік қаражаттың жұмсалуының дұрыстығына тексеріс жүргізуі қажет.
Тармақ 16
16. Құжаттардың дұрыс ресімделмегенінен тұрғын үй жәрдемақысының заңсыз төленгені үшін, бұған кінәлі лауазымды тұлғалар заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілік көтереді.