О внесении изменений в некоторые приказы Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушысы 2026 жылғы 17 шілдедегі № 220-НҚ бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35972 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартында (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшін): 1-тармақта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) өлшем құралдарын салыстырып тексеру – өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;»; он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Шарт талаптарына сәйкес Өнім беруші Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын төменде көрсетілген кестеге сәйкес толтырылған мәліметтерді ескере отырып, Тұтынушыға көрсетілетін қызметтерді көрсетуге міндеттенеді: № Ка­нал­дың (учас­ке­нің) ата­уы Жос­пар­лан­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге жос­пар­ла­ған кө­ле­мі­нің кү­ні мен айы Да­қыл тү­рі** Су­ар­ма­лы алаң, гек­тар Бар­лы­ғы оның ішін­де су үнем­деу тех­но­ло­ги­я­ла­ры түр­ле­рі бой­ын­ша жаң­быр­ла­ту там­шы­ла­ту ла­зер­лік те­гі­стеу 11 2 *1-ші ка­нал­дың (учас­ке­нің) ата­уы на­урыз сәу­ір ... Бар­лы­ғы 22 *2-ші ка­нал­дың (учас­ке­нің) ата­уы на­урыз сәу­ір ... Бар­лы­ғы кестенің жалғасы № Ка­нал­дың (участ­ке­нің) ата­уы Жос­пар­лан­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге жос­пар­ла­ған кө­ле­мі­нің кү­ні мен айы Да­қыл тү­рі** Су тұ­ты­ну­дың үле­стік нор­ма­сы, м3, гек­тар Бар­лы­ғы оның ішін­де су үнем­деу тех­но­ло­ги­я­ла­ры түр­ле­рі бой­ын­ша жаң­быр­ла­ту там­шы­ла­ту ла­зер­лік те­гі­стеу 11 2 *1-ші ка­нал­дың (учас­ке­нің) ата­уы на­урыз сәу­ір ... Бар­лы­ғы 22 *2-ші ка­нал­дың (учас­ке­нің) ата­уы на­урыз сәу­ір ... Бар­лы­ғы кестенің жалғасы № Каналдың (учаскенің) атауы Көрсетілетін қызметтерге жоспарлаған көлемінің күні мен айы Дақыл түрі** Барлық су көлемі, м3 Орналасқан жері (облыс, аудан, ауыл) және жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 11 2 *1-ші каналдың (учаскенің) атауы наурыз сәуір ... Барлығы 22 *2-ші каналдың (учаскенің) атауы наурыз сәуір ... Барлығы Ескерту: *екі және одан да көп каналдарда (учаскелерде) қызмет көрсеткен жағдайда әрбір канал (учаске) бойынша мәліметтер жеке көрсетіледі. ** Тұтынушы бірнеше дақылдардың түрін еккен жағдайда, кесте олардың әрбір түрі бойынша мәліметтерімен толықтырылады. Тараптардың келісімі бойынша қажет болған жағдайда жеке қосымшада су есептеу аспаптарының, суды есепке алу тораптарының тізбесі және басқа да нақтылаушы мәлеметтер көрсетіледі.»; 6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) суды өз бетінше тұтыну және Өнім берушінің жүйелеріне өз бетінше қосылу;»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Өнім берушінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларына» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36333 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.»; 34-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «34. Суды өз бетінше тұтыну, Өнім берушінің келісімінсіз ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру түрінің өзгеруі, есепке алу аспаптарының, есепке алу тораптарының бүлінуі, Тұтынушының кінәсінен есептің бұзылуы кезінде бұзушылық актісі жасалады және осы Шарттың 5-тарауына сәйкес қайта есептеу жүргізіледі.»; 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «40. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер соттарда шешіледі. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Кодекс), басқа да заңдарда және осы Шартта өзгеше көзделмесе, шартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады. Тараптардың бірінің талабы бойынша шарт тек соттың шешімі бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін: 1) екінші тарап шартты елеулі түрде бұзған кезде; 2) Кодексте, басқа да заңдарда немесе осы шартта көзделген өзге де жағдайларда қолданылады. Тараптардың бірінің Шартты бұзуы елеулі деп танылады, ол екінші тарап үшін осындай залалға әкеп соғады, ол шарт жасасу кезінде сенуге құқылы нәрседен едәуір дәрежеде айырылады. Шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда шарт өзгертілген немесе бұзылған болып есептеледі (Кодекстің 404-бабына сәйкес шарттан тиісінше ішінара немесе толық бас тартылған).»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартында: 1-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) өлшем құралдарын салыстырып тексеру – өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;»; он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.»; 7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) суды өз бетінше тұтыну және Өнім берушінің жүйелеріне өз бетінше қосылу;»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Өнім берушінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларына» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36333 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.»; 36-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «36. Суды өз бетінше тұтыну, Өнім берушінің келісімінсіз ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру түрінің өзгеруі, есепке алу аспаптарының, есепке алу тораптарының бүлінуі, Тұтынушының кінәсінен есептің бұзылуы кезінде бұзушылық актісі жасалады және осы Шарттың 5-тарауына сәйкес қайта есептеу жүргізіледі.»; 42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «42. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер соттарда шешіледі. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Кодекс), басқа да заңдарда және осы Шартта өзгеше көзделмесе, шартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады. Тараптардың бірінің талабы бойынша шарт тек соттың шешімі бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін: 1) екінші тарап шартты елеулі түрде бұзған кезде; 2) Кодексте, басқа да заңдарда немесе осы шартта көзделген өзге де жағдайларда қолданылады. Тараптардың бірінің Шартты бұзуы елеулі деп танылады, ол екінші тарап үшін осындай залалға әкеп соғады, ол Шарт жасасу кезінде сенуге құқылы нәрседен едәуір дәрежеде айырылады. Шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда шарт өзгертілген немесе бұзылған болып есептеледі (Кодекстің 404-бабына сәйкес шарттан тиісінше ішінара немесе толық бас тартылған).»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Каналдар арқылы су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік Шартында (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болып табылмайтын тұтынушы үшін): 1-тармақтың он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.»; 6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) суды өз бетінше тұтыну және Өнім берушінің жүйелеріне өз бетінше қосылу;»; 32-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «32. Суды өз бетінше тұтыну, есепке алу аспаптарының, есепке алу тораптарының бүлінуі, Тұтынушының кінәсінен есептің бұзылуы кезінде бұзушылық актісі жасалады және қайта есептеу жүргізіледі.»; 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер соттарда шешіледі. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Кодекс), басқа да заңдарда және осы Шартта өзгеше көзделмесе, шартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады. Тараптардың бірінің талабы бойынша шарт тек соттың шешімі бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін: 1) екінші тарап шартты елеулі түрде бұзған кезде; 2) Кодексте, басқа да заңдарда немесе осы шартта көзделген өзге де жағдайларда қолданылады. Тараптардың бірінің Шартты бұзуы елеулі деп танылады, ол екінші тарап үшін осындай залалға әкеп соғады, ол шарт жасасу кезінде сенуге құқылы нәрседен едәуір дәрежеде айырылады. Шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда шарт өзгертілген немесе бұзылған болып есептеледі (Кодекстің 404-бабына сәйкес шарттан тиісінше ішінара немесе толық бас тартылған).».
Тармақ 2
2. «Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 65-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде: 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35972 болып тіркелген) Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарына (бұдан әрі – Шарттар) және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектісі және тұтынушы арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.»; 17-тармақ алынып тасталсын; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Тұтынушы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36208 болып тіркелген) Суаратын суды пайдалану қағидаларының 9-тармағына сәйкес шарт жасасу үшін құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, табиғи монополиялар субъектісі жетіспейтін құжаттың жоқтығын көрсете отырып, оларды қайтарады.»; 23-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. «Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 68-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36000 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Техникалық шарттар: 1) табиғи монополия субъектісі суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша тұтынушыға мынадай техникалық шарттарды орындаған жағдайда ________________ м3/тәулігіне (айына, жылына) мөлшерінде каналдан, су қоймасынан ___________________________ (толық атауы) су алуға рұқсат береді: суды тек суаруға, тұрмыстық қажеттіліктерге және технологиялық процесте су қажет болатын өндірістік қажеттіліктерге жұмсау керек; белгіленген лимиттен тыс суды пайдаланбау; Қазақстан Республикасы Су кодексінің 85 және 86 баптарының талаптарын сақтай отырып шаруашылық қызметті жүзеге асыру; каналдар мен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі гидротехникалық құрылысжайларға қызмет көрсету, пайдалану, жөндеу үшін, сондай-ақ тұтынушының су өлшегіш торабына кіруді және еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету; тұтынушының (жеке және заңды тұлғалардың) кінәсінен каналдар мен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі гидротехникалық құрылысжайларының және олардың конструкцияларының зақымдануы кезінде залалды өтеу олардың есебінен толық көлемде жүргізіледі; қосылу нүктесінде балық қорғау құрылысжайларын немесе құрылғыларын қолдануды қамтамасыз ету; 2) каналға және жерүсті ағынын реттеу жөніндегі гидротехникалық құрылысжайға қосылуды: құрылыс, жөндеу және заманауи материалдардың жаңа технологияларын қолдана отырып, жоба әзірленгеннен кейін; техникалық мүмкіндік болған жағдайда (жаңа объект үшін) су үнемдеуші технологияларды (тамшылатып суару, жаңбырлатып суару (фронтальды, айналмалы, барабанды), шашыратқыш суару және басқа.) орнатқаннан кейін; суды есепке алу құралын, суды есепке алу торабын орнатқаннан кейін. Қосылуды табиғи монополия субъектісі өкілінің қатысуымен жүзеге асыру. Каналдың және жерүсті ағынын реттеу жөніндегі гидротехникалық құрылысжайының құрылыс, жөндеу, тазарту кезеңінде қолданыстағы тұтынушыларды үздіксіз сумен қамтамасыз ету. Табиғи монополия субъектісі әзірленген және берілген техникалық шарттарды есепке алуды және тіркеуді ұйымдастырады. Берілген техникалық шарттардың бір данасы табиғи монополия субъектісінде тұрақты мерзімде сақталады. Техникалық шарттарды қайта рәсімдеу және беру үшін ақы алынбайды. Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жобалау мен құрылыстың нормативтік мерзімдеріне сәйкес келеді.»;
Тармақ 4
4. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 84-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36054 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік тіркелім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық түрде қалыптастырылады. Мемлекеттік тіркелімнің республикалық бөліміне астананың, екі немесе одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі. Мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөлімдеріне астананың, бір облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі. Мемлекеттік тіркелімнің республикалық және жергілікті бөлімін уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді. Осы Қағидалар қызметін Заңның 3-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.»; 8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік тіркелімнің тиісті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі, тіркелген жері астанаға, басқа облысқа немесе республикалық маңызы бар басқа қалаға ауысқан жағдайда, осындай өзгеріс болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бұрынғы тіркелген жері бойынша Мемлекеттік тіркелімнен алып тастау туралы өтініш береді.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттар депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар шақырыла отырып өткізіледі.»; 79-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары құрған, тауарлар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдар болып табылады және конкурс бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі көлемі айлық есептік көрсеткіштің он сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.»; 84-тармақтың 4) және 9) тармақшаларына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; 196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «196. Табиғи монополия субъектісі ұсынылған кестені астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жібереді.»; 3-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 6-қосымшаға орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; 8-қосымшаға орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 5
5. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 84-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 97-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38319 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, елу жетінші, елу сегізінші, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, тоқсан тоғызыншы, жүз бірінші және жүз екінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізіледі.».
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 1-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша 1-нысан ______________________________ (уәкілетті органның толық атауы) ______________________________ (өтініш берушінің толық атауы) мекенжайы ____________________ (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің №, телефоны) Өтініш берушінің деректемелері ________________________________ (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі) Уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат_______________________________________________________ (мәміле мәні) 1. Негіздеме: Себептер Мақсаттар Міндеттер Экономикалық орындылықты есептеу (экономикалық орындылығын есептеуді көрсете отырып, мәмілені жасаудың себептері, мақсаттары мен міндеттері) 2. Мәміленің мәні болып табылатын мүлік туралы ақпарат_____________________________________________ _________________________________________________________________________________________ 3. Мәмілені жасау көрсетілетін қызметті алушының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің артуына алып келмейтінін және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауына алып келмейтінін растайтын мәліметтер _________________________________________________________________________________________ Тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы Өлшем бірлігі Бекітілген тарифтік сметада көзделген Мәмілені ескере отырып тарифтік сметаның жобасы Ауытқу Мың теңге % 4. Мүлікті бағалау туралы мәліметтер Мүлікті бағалауды жүргізген бағалау ұйымының атауы Мүлікті бағалауға мемлекеттік лицензия туралы мәліметтер (нөмірі және берілген күні) Табиғи монополия субъектісінің мүлкін бағалау туралы есепті жасау күні және нөмірі Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) атауы Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) қалдық құны Табиғи монополия субъектісі мүлкінің (объектісінің) нарықтық құны Мүлікті бағалауды жүргізген бағалау ұйымының қорытындысы Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін______________. (қолы) 20___ жылғы «____» ___________ (күні) 2-нысан ______________________________ (уәкілетті органның толық атауы) ______________________________ (өтініш берушінің толық атауы) мекенжайы ____________________ (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің №, телефоны) Өтініш берушінің деректемелері ________________________________ (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі) Уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат __________________________________________________________ (көрсетілетін қызмет атауы) Табиғи монополия субъектісін қайта ұйымдастыру (тарату) қажеттігінің негіздемесі_________________________ _______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ Жаңадан пайда болатын әрбір заңды тұлғаның орналасқан жері туралы мәліметтер (қайта ұйымдастырылған жағдайда) _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Табиғи монополия субъектісінің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтер_______________________ ________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін________. (қолы) 20___ жылғы «____» ___________ (күні)