Об утверждении Правил подушевого нормативного финансирования в государственных детско-юношеских спортивных школах Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2026 жылғы 20 шілдедегі № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-26) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде (бұдан әрі – БЖСМ) оқытудың мемлекеттік кепілдендірілген құнын қаржылай қамтамасыз ету нормативі;
Тармақша 2
2) БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативіне сәйкес айқындалатын, мемлекеттік БЖСМ-нің бір білім алушыға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудың кепілдендірілген ең төменгі мөлшері;
Тармақша 3
3) балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі мемлекет қаржыландыратын көрсетілетін қызметтер көлемі (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс).
Тармақ 3
3. Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі «Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39274 болып тіркелген) сәйкес айқындалады (бұдан әрі – Әдістеме).
Тармақ 4
4. Мемлекеттік БЖСМ контингенті – «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына сәйкес, басшының бұйрығымен тұрақты құрам контингентіне қабылданған спортшылар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген). Мемлекеттік БЖСМ-нің нақты контингентін есепке алу дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі
2 тарау. Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі
Тармақ 5
5. Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ай сайынғы негізде, қаржыландырудың жеке жоспары немесе мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы жасалған шарттар шегінде, ағымдағы айда көрсетілген қызметтерді алған білім алушылар саны бойынша есептелген көлемде жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы БЖСМ – ай сайын қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес;
Тармақша 2
2) мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған БЖСМ – ай сайын Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қызмет көрсетуге жасалған шарт шегінде мынадай көлемдерде: қаңтардан тамызға дейін – жоспарлы жылдық контингентке пропорционалды; қыркүйектен желтоқсанға дейін – нақты орташа жылдық контингентке пропорционалды.
Тармақ 8
8. Ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттен мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін өзгертуге жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі өзгерген және (немесе) білім алушылардың нақты контингенті нақтыланған жағдайда ғана, Әдістемеге сәйкес қайта есептеу жолымен рұқсат беріледі.