Об установлении публичного сервитута Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағына сәйкес, жер комиссиясы 2025 жылғы 13 қарашадағы отырысының № 32 хаттамасының, жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы 2026 жылғы 17 наурыздағы № KZ21VBG01740908 бұйрығы негізінде, Зеренді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Марина Леовна Каспер Зеренді ауылдық округі, Зеренді ауылы, Калинин көшесі, Целинная көшесі схемаға сәйкес орналасқан жалпы ауданы 0,0780 га, жылу желесін төсеу және пайдалану үшін, 10 (он) жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.
Тармақ 2
2. Марина Леовна Каспер жылу желесін төсеу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарын сақтасын. Жұмыс аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізу.
Тармақ 3
3. Зеренді ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 8 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауылдық округі әкімнің орынбасары Б.Б. Ақтановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.