О признании утратившими силу некоторых приказов Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың (бұдан әрі – Тізбе) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2, 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 1
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі
Төрағасының міндетін атқарушы
2026 жылғы 21 шілдедегі
№ 130 бұйрығына
қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 93 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27350 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35710 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 11 қарашадағы № 185 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37417 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 27 желтоқсандағы № 216 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37703 болып тіркелген).