Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Талғар ауданы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 13 шілдегі № 7 хаттамасы негізінде, Талғар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Талғар ауданы, Белбулақ ауылдық округі, Белбулақ ауылы, Жибек жолы көшесі № 18 көппәтерлі тұрғын үйде орын алған өртке байланысты техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдайды жоюға басшысы болып Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары А.Ж. Аскербеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.