Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Күшіне енбеген
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Сарыкөл аудандық мәслихатының
2026 жылғы 20 шілдедегі
№ 442 шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша облыстық маңызы бар қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек - жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - облыстық маңызы бар қаланың әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар – екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банктік операцияларды жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар, сондай-ақ «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 6
6) күнкөріс минимумы – ең төменгі тұтыну қоржыны құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай табыс;
Тармақша 7
7) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының ай сайын әрбір отбасы мүшесіне тиесілі үлесі;
Тармақша 8
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің күндері;
Тармақша 9
9) мерекелік даталар (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 10
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметіне қатысты реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 11
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
Тармақша 12
12) шекті мөлшер – бекітілген әлеуметтік көмектің ең жоғары мөлшері;
Тармақша 13
13) цифрлық құжаттар сервисі – «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және цифрлық объектілерден алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
Тармақша 14
14) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын цифрлық объект;
Тармақша 15
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған мереке күндері мен атаулы күндердің тізбесі:
Тармақша 1
1) Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан;
Тармақша 2
2) Чернобыль апатын еске алудың халықаралық күні – 26 сәуір;
Тармақша 3
3) Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
Тармақша 4
4) Жеңіс күні – 9 мамыр;
Тармақша 5
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз;
Тармақша 6
6) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.
Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндері мен атаулы күндерге байланысты әлеуметтік көмек тек бір ғана негіз бойынша тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі.
Тармақ 5
5. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек табыс деңгейіне қарамастан, біржолғы тәртіппен азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес Ауғанстан аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСРО Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілген кезеңде оқу-жаттығу жиындарына шақырылып, Ауғанстанға жіберілген әскери міндетті адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге;
жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілген кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне 100 000 (жүз мың) теңге;
бұрынғы КСРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне 100 000 (жүз мың) теңге;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия немесе мертігу алған не жауынгерлік іс-қимылдарды қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілерге 100 000 (жүз мың) теңге.
бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау барысында алған жарақат, контузия, мертігу салдарынан немесе Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдар кезеңінде әскери қызмет өткеру кезінде пайда болған аурудың салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 100 000 (жүз мың) теңге;
Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдар кезеңінде алған жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) не қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 100 000 (жүз мың) теңге.
Тармақша 2
2) Чернобыль апатын еске алудың халықаралық күні – 26 сәуір:
1986–1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге;
1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар қатарынан иеліктен шығару және қоныс аудару аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз бетінше көшіп келген) адамдарға, сондай-ақ эвакуацияланған күні ана құрсағында болған балаларды қоса алғанда 100 000 (жүз мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 100 000 (жүз мың) теңге;
сәуле ауруынан қайтыс болғандардың, қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың әсерімен байланысты деп танылған азаматтардың отбасыларына 100 000 (жүз мың) теңге.
Тармақша 3
3) Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСРО Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда), осы Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде Тәжікстан–Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындағандарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 2003 жылғы тамыз бен 2008 жылғы қазан аралығында Ирактағы халықаралық бітімгерлік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқандарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға, сондай-ақ әскери қызметшілерге, 1986–1991 жылдар аралығында Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқандарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.
бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге кезеңдерінде әскери қызмет міндеттерін орындау барысында алған жарақат, контузия, мертігу салдарынан немесе жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызмет өткеру кезінде пайда болған аурудың салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға, қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақат, контузия, мертігу салдарынан немесе жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты ауру салдарынан мүгедектік белгіленген тұлғаларға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.
басқа мемлекеттердегі әскери контингенттерге қызмет көрсеткен тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге, жауынгерлік іс-қимылдар кезеңінде алған жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектік белгіленгендерге 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілген басқа мемлекеттерде жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) не қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.
Тармақша 4
4) Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет еткен, қызмет өткерген қалаларда болған әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға, осы қалалардың қорғанысына қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін белсенді армия бөлімдеріндегі әскери қызметшілер үшін белгіленген жеңілдікті шарттар бойынша зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жыл өтіліне есептелгендерге 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде Қызыл Армияның, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСРО әскерлері мен ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының вольнонаемды (азаматтық шартпен жұмыс істеген) құрамындағы тұлғаларға, яғни белсенді армия құрамына кіретін әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде штаттық лауазымдарды атқарған немесе тиісті кезеңдерде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін белсенді армия бөлімдеріндегі әскери қызметшілер үшін белгіленген жеңілдікті шарттар бойынша зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есептелетін қалаларда болған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде белсенді армия мен флот құрамындағы бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде полк ұлдары мен юнгалар (кемежас сарбаздар) ретінде болған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетел мемлекеттері аумағында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы партизандық жасақтар, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрылымдар құрамында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде халық комиссариаттары құрамындағы арнайы құрылымдардың: Темір жол көлігі халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, балық және көлік кемелерінің жүзбелі құрамының, авиацияның ұшу-құрастыру құрамының, бұрынғы КСРО Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, сондай-ақ Бассевморпуть авиациясының ұшу-құрастыру құрамының қызметкерлеріне, олар белсенді армия мен флот мүддесінде алдыңғы шептердің тылдық шекаралары мен флоттардың жедел аймақтары шегінде міндеттер атқару үшін әскери қызметшілер қатарына ауыстырылғандарға, сондай-ақ соғыс басталған кезде басқа мемлекеттер порттарында интернирленген көлік флоты кемелерінің экипаж мүшелеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде алған жарақат, контузия, мертігу салдарынан немесе майданда болумен байланысты аурудың салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға, қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақат, контузия, мертігу салдарынан немесе майданда болумен байланысты ауру салдарынан мүгедектік белгіленгендерге 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
фашистер мен олардың одақтастары Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде құрған концлагерьлерде, геттоларда және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарында кәмелетке толмаған тұтқын болған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ленинград қаласының блокадасы кезеңінде қала кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істеген, сондай-ақ «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Блокадалық Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
1944 жылғы 1 қаңтар мен 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығында Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумақтарында әрекет еткен халықты қорғау батальондарының, взводтарының және отрядтарының жауынгерлері мен командалық құрамына кірген адамдарға, осы батальондарда, взводтарда және отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан мүгедектік белгіленгендерге 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған жесірлеріне, сондай-ақ қайта некеге тұрмаған жұбайына (еріне) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде.
Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген тұлғаның жұбайына (зайыбына); сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын қозғалысқа қатысушының, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Блокадалық Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтың жұбайына (зайыбына), олар жалпы ауру, өндірістік жарақат және өзге де себептер (заңсыз әрекеттерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған жағдайда, қайта некеге тұрмаған болса 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбек пен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған), бірақ тылдағы жанқиярлық еңбек пен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде.
әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын қозғалысқа қатысушылардың, Заңның 4–6-баптарында көрсетілген тұлғалардың отбасыларына, егер олар бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, әскери қызметтің (қызметтік міндеттердің) өзге де түрлерін орындау барысында алған жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан немесе майданда болумен байланысты аурудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) не қайтыс болған болса 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезінде объектілік өзін-өзі қорғау топтары мен жергілікті әуе шабуылына қарсы қорғаныстың авариялық командалары құрамындағы адамдардан қаза тапқан тұлғалардың отбасыларына, сондай-ақ Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
әскери қызметшілердің, бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігі, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілерді жинау жиындарына шақырылған басшы және қатардағы құрамдағы тұлғалардың отбасыларына, егер олар қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндеттерді төтенше жағдайлар кезінде, антиқоғамдық көріністермен байланысты жағдайларда орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) болса 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде.
бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
келесі санаттағы адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Социалистік Еңбек Ерлеріне, ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атақтарына ие тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 5
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні – 29 тамыз:
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және олардың ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуіне генетикалық тұрғыдан байланысты мүгедектігі бар балаларына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялар салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
сәуле ауруынан қайтыс болғандардың, сондай-ақ мүгедектігі бар қайтыс болған адамдардың отбасыларына, және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтардың әсерімен байланысы белгіленген тәртіппен расталған азаматтардың отбасыларына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Тармақша 6
6) Тәуелсіздік күніне орай 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшеріндегі төлем:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17–18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқан және «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған саяси қуғын-сүргін құрбандарына.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тұрмыстық қажеттіліктері үшін, табысына қарамастан, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға санаторийлік-курорттық емделуге барған кезде оларды алып жүретін ересек бір адамға арналған шығындарды өтеу үшін, мүгедектігі бар адамның жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес, санаторийлік-курорттық қызмет көрсететін ұйымдар арқылы әлеуметтік қызметтер порталы бойынша, бір ғана сүйемелдеуші адамға дейін, табысы есепке алынбай, жылына бір рет – тұру және тамақтану бойынша нақты шығындар көлемінде (емдік процедураларды қоспағанда), бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тиісті қаржы жылында мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық емделу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдендірілген соманың 70 пайызынан аспайтын мөлшерде төленеді.
санаторийлік-курорттық емделу жолдамасының құнын өтеу, Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары туралы» шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 болып тіркелген) белгіленген заттай нысаннан жазбаша бас тарту болған жағдайда ғана ұсынылады;
Тармақша 3
3) дәрілік заттармен қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек: мүгедектігі бар адамдарға дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығындарды өтеу үшін, табысына қарамастан, жылына бір рет, нақты шығындар мөлшерінде, 30 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
Тармақша 4
4) ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек: Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және өзге де тұлғаларға (8-баптың 1-бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда), табысы есепке алынбай, ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мүгедектігі бар адамдарға операциялық ем жүргізуге арналған әлеуметтік көмек, табысы есепке алынбай, жылына бір рет – нақты шығындар мөлшерінде, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
мүгедектігі бар адамдарға, жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес оңалту орталықтың қызметін алу үшін, елді мекеннен тыс жерде оңалтудан өткен жағдайда, табысы есепке алынбай, тоқсан сайын, жол шығындарын өтеу үшін 3 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
Тармақша 5
5) табиғи апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залалға байланысты әлеуметтік көмек:
табиғи апат салдарынан өздеріне немесе мүлкіне зиян келген азаматтарға (отбасыларға) — табыс деңгейіне қарамастан, біржолғы тәртіппен, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залалға байланысты әлеуметтік көмек:
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал үшін, табысы есепке алынбай, біржолғы тәртіппен 100 айлық есептік көрсеткішінен мөлшерінде;
Тармақша 7
7) әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуына байланысты әлеуметтік көмек:
адамның иммунтапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, табысы есепке алынбай, ай сайын Қостанай облысы бойынша екі есе ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
туберкулез ауруымен ауыратын және амбулаториялық емдеуде жүрген адамдарға, табысы есепке алынбай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақша 8
8) жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселенген қатынаста әлеуметтік көмек:
жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін бір реттік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан адамдарға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда жылына бір рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 7
7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздері:
Тармақша 1
1) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи апат салдарынан зиян келуі;
Тармақша 2
2) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне өрт салдарынан зиян келуі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
Тармақша 4
4) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселенген қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
Табиғи апат немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келген жағдайда, әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан, зардап шеккен мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетілген жағдайларда, ол көрсетілген оқиға басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей тағайындалады.
Мүгедектігі бар адамдарға операциялық ем және дәрілік заттар бойынша әлеуметтік көмек операция жасалған және (немесе) дәрілік заттар сатып алынған күннен бастап он екі айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмектің нақты мөлшерін әрбір жеке жағдайда арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
Тармақ 10
10. Мереке күндері мен атаулы күндерге байланысты әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей-ақ көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек алушылар санаттары жергілікті атқарушы органмен айқындалады.
Әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері Мемлекеттік корпорацияға немесе өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде, не болмаса уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелерінен электрондық түрде алынған мәліметтер бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 11
11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.
Жазбаша өтініш берілген жағдайда, құжаттарды қабылдайтын маман мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті цифрлық жүйелеріне (бұдан әрі – ЦЖ) «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар қалыптастырады.
АЖ-дағы мәліметтер сәйкес келмеген (немесе болмаған) жағдайда, өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер. Табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмек алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер талап етілмейді.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында және 4) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген тұлғалар алғаш рет өтініш берген жағдайда, өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат ұсынылады.
Осы Қағидалардың 6-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген тұлғалар бірінші топтағы мүгедек адамға және оны алып жүретін адамға санаторийлік-курорттық емделу ақысын төлеуді растайтын құжаттарды, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін, санаторийлік-курорттық ұйым берген құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттарды, санаторийлік-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін, санаторийлік-курорттық ұйым берген құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар медициналық ұйым берген дәрілік зат тағайындалғанын растайтын құжаттарды және дәрілік зат үшін төлем жасалғанын растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген тұлғалар медициналық ұйым берген операциялық ем көрсетілгенін растайтын құжаттарды және көрсетілген қызмет үшін төлем жасалғанын растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармақтың 4) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тұлғалар оңалту фактісін және жол жүру шығындарын растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармақтың 4) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген тұлғалар санаторийлік-курорттық емделу фактісін және жол жүру шығындарын растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи апат салдарынан келтірілген зиян фактісін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген тұлғалар өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген зиян фактісін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген тұлғалар баланың адамның иммунтапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған фактісін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген тұлғалар туберкулез ауруымен ауыру және амбулаториялық емдеуде болу фактісін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген тұлғалар өтініш беруге дейінгі тоқсан үшін азаматтың (отбасының) табысын растайтын құжаттарды ұсынады.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады. Салыстырылғаннан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі. Қолхаттың нысаны Типтік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес болады.
Әлеуметтік көмекке электрондық түрде портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен қажетті мәліметтерді алу үшін сұрауды өтініш берушінің өзі жолдайды.
Бұл ретте өтініш беруші өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы электрондық өтінішті және ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді растайды.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі, құжаттарды қарау мерзімдері, әлеуметтік көмекті көрсетуден бас тарту негіздері, әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтату, артық төленген сомаларды қайтару және оны көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру тәртібі Типтік қағидалардың 13–24-тармақтарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмекті көрсету мониторингі мен есебін уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Тармақ 15
15. Мерекелік және атаулы күндерге байланысты әлеуметтік көмек алушылар санатын қалыптастыру үшін уәкілетті орган мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау жолдап, зейнетақы мен жәрдемақы алатын азаматтар туралы деректерді алады.
Тармақ 16
16. Зейнетақы және жәрдемақы алушылар туралы мәліметтер Типтік қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Әлеуметтік көмекті «Мемлекеттік корпорация» арқылы төлеу процесін уәкілетті орган мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы Типтік қағидалардың 28–32-тармақтарына сәйкес бастайды.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.