Об изменении границ (черты) города Караганды Карагандинской области Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысы Қарағанды қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданының жалпы ауданы 281 гектар болатын жерінің бір бөлігін Қарағанды қаласының шекарасына (шегіне) қосу арқылы Қарағанды облысы Қарағанды қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы «Қарағанды облысының Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» Қарағанды облысы мәслихатының бірлескен 2026 жылғы 6 мамырдағы № 392 шешіміне және Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы 6 мамырдағы № 28/01 қаулысына келісім берілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысына қосымша Р/с № Жер­лер­дің ата­уы Жал­пы ауда­ны (гек­тар) оның ішін­де ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ал­қап­та­ры ор­ман ал­қап­та­ры бас­қа да жер­лер егі­стіктер көп жыл­дық ек­пе­лер ты­ңай­ған жер­лер ша­бын­дық жай­ы­лым­дар 1 Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның бе­кі­ті­л­ген ше­ка­ра­сы (ше­гі) 49780 3511 1015 2247 108 10513 3223 29163 2 Бұ­қар жы­рау ауда­ны­ның же­рі­нен Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның ше­ка­ра­сы­на (ше­гіне) қо­сы­ла­тын жер ала­ңы 281 192,7823 88,2177 3 Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның ше­ка­ра­сы (ше­гі) 50061 3511 1015 2247 108 10705,7823 3223 29251,2177 __________________________________________