Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Петровского и Акбельского сельских округов Бухар-Жырауского района Қолданыста
Басқа 0
Бұқар жырау ауданының
Петровка және Ақбел ауылдық округтерінің
аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи
сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-баптарына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы», Бұқар жырау ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 17 шілдедегі №1 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, 2026 жылғы 16 шілдеде тұрғын үй қорының объектілеріне зақым келтіруге әкеп соққан дауыл желінен туындаған төтенше жағдайға байланысты, Бұқар жырау ауданының Петровка және Ақбел ауылдық округтерінің аумағындағы инженерлік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, бойынша ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Петровка және Ақбел ауылдық округтерінің аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Бұқар жырау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтық қорғау қызметтері төтенше жағдайдың салдарын жою, тұрғын үй қоры объектілерін, инженерлік инфрақұрылымды және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ зардап шеккен халыққа қажетті көмектің көрсетілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.