Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Федоровского района Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Федоров аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы _____________ Т. Волоткевич
Басқа 7. Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Қосымша әкімдіктің 2026 жылғы «17» шілде № 188 қаулысына Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары № п/п Елді мекеннің атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1 Федоров ауылы Абай көшесі мен Легкодухов көшесінің қиылысындағы үгіттік қалқан; Набережная көшесі мен Мұхтар Әуезов көшесінің қиылысындағы үгіттік қалқан; Шевченко көшесі мен Набережная көшесінің қиылысындағы үгіттік қалқан; Легкодухов көшесі мен Камалидден Жиентаев көшесінің қиылысындағы үгіттік қалқан; Юнацкий көшесіндегі (сауда алаңы ауданындағы) үгіттік қалқан; Пушкин көшесіндегі үгіттік қалқан; Водопроводная көшесі мен Карл Либкнехт көшесінің қиылысындағы үгіттік қалқан. 2 Жаркөл ауылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауыл шаруашылығы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 3 Александрополь ауылы Федоров ауданы білім бөлімінің «Александрополь бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 4 Владыкинка ауылы Владыкинка ауылы – Федоров ауданы білім бөлімінің «Владыкин негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 5 Затышенка ауылы «Беркут» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 6 Копыченка ауылы Федоров ауданы білім бөлімінің «Копычен негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 7 Приозерное ауылы «Төлегенов Эдуард Әміржанұлы» шаруа қожалығы ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 8 Баннов ауылы «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 9 Қарақопа ауылы Орталық көшесіндегі «Фиалка» дүкені ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 10 Чехов ауылы Чехов көшесіндегі қалқан; 11 Цабелевка ауылы Медициналық пункт ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 12 Вишневое ауылы Вишневое ауылы – ауылдық клуб ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан; 13 Белояровка ауылы «Олжа Алтын Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 14 Усаковка ауылы Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Усаков орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан 15 Придорожное ауылы «Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 16 Успеновка ауылы Федоров ауданы білім бөлімінің «Успенов жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан; 17 Лысановка ауылы Степная көшесі мен Озерная көшесінің қиылысындағы үгіттік қалқан. 18 Чистый Чандак ауылы «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 19 Камышный Чандак ауылы «Тұрар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 20 Алабұталы ауылы Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 21 Мирное ауылы Медициналық пункт ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 22 Лесное ауылы Г. Кравченко көшесіндегі ауылдық клуб ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 23 Малоросей ауылы Федоров ауданы білім бөлімінің бұрынғы мектеп ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 24 Кеңарал ауылы Федоров ауданы білім бөлімінің «Кенарал жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан; 25 Жыланды ауылы Федоров ауданы білім бөлімінің бұрынғы мектеп ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 26 Костряков ауылы «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 27 Курское ауылы «Гранд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсе ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 28 Запасное ауылы «Гранд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсе ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 29 Ленин ауылы Пришкольная көшесі мен Жеңіс күні көшесінің қиылысындағы үгіттік қалқан. 30 Жаңақой ауылы Ауылдық клуб ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 31 Новошумное ауылы «Тоғызбай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 32 Первомай ауылы Федоров ауданы білім бөлімінің «Первомай жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектебі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 32 Трактовое ауылы Федоров ауданы білім бөлімінің бұрынғы мектеп ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 34 Пешков ауылы «Олжа Пешковское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 35 Калиновка ауылы Федоров ауданы білім бөлімінің бұрынғы мектеп ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 36 Кравцово ауылы "Федоров ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты "Кравцовка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 37 Полтавка ауылы Молодежная көшесі бойынша "Дала жеміс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан. 38 Большое ауылы "Большанское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы үгіттік қалқан.