Об утверждении Правил реализации дериватов сайгака Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Киіктердің дериваттарын өткізу қағидаларын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Киіктердің дериваттарын өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. Киік дериваттарын өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 22 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Киік дериваттарын өткізу қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Киік дериваттарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) киік дериваттарын өткізу тәртібін реттейді. Дериваттарды өткізу электрондық конкурс нысанында жүзеге асырылады.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) баға – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 124 бұйрығымен бекітілген Киік дериваттарының бағасын анықтау әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39128 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес айқындалатын электрондық конкурс нысанындағы сауда-саттық басталатын киік дериваттарының бір килограмы үшін баға;
Тармақша 2
2) сату бағасы – электрондық конкурстың нәтижелері бойынша белгіленген киік дериваттарын өткізудің түпкілікті бағасы;
Тармақша 3
3) электрондық конкурс (бұдан әрі – конкурс) – конкурс шарттарына сәйкес келетін қатысушыларға бағаны көтеру аукционында өздерінің бағалық ұсыныстарын арттыруға мүмкіндік берілетін сауда-саттық нысаны;
Тармақша 4
4) конкурстық өтінім – қатысушының конкурсқа қатысуға арналған өтінім құрамында ұсынатын, конкурс туралы хабарландыруға және сатушының өзге де құжаттарына сәйкес жасалған, киік дериваттарын сатып алу шарттарының не комиссияның конкурсқа қатысушыларды жіберу туралы шешім қабылдауы үшін қатысушыны іріктеудің кешенді сипаттамасын қамтитын ұсынысы;
Тармақша 5
5) ұйымдастырушы – тізілімнің веб-порталының техникалық күйі мен жұмыс істеуіне жауапты және электрондық конкурстарды өткізу үшін оған қолжетімділік беретін «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты ұйым – уәкілетті органның қарамағындағы киік дериваттарын таңбалауды және сақтауды жүзеге асыратын «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (баланс ұстаушы);
Тармақша 7
7) киік дериваттары – киік мүйіздері және олардан және (немесе) олардың туындыларынан өндірілген өнімдер;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және басқа да реттелетін салалардағы мемлекеттік орган;
Тармақша 9
9) киік дериваттарын өткізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – киік дериваттарын өткізу бойынша конкурсты дайындау және өткізу үшін уәкілетті орган құратын алқалы орган;
Тармақша 10
10) сатушы – акцияларының жүз пайызы мемлекетке тиесілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша киік дериваттарын өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын «Жасыл даму» акционерлік қоғамы;
Тармақша 11
11) қатысушы – Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған және тіркелген заңды тұлға не бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылған және конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тіркелген консорциум (заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі);
Тармақша 12
12) жеңімпаз – киік дериваттары үшін ең жоғары бағаны ұсынған және сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған конкурсқа қатысушы;
Тармақша 13
13) сатып алушы – киік дериваттарын сатып алу туралы сатып алу-сату шартына қол қойған конкурстың жеңімпазы;
Тармақша 14
14) кепілдік жарна – сауда-саттық кезінде шарт жасасу жөніндегі міндеттеменің немесе өзге де міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін қатысушы ұйымдастырушыға беретін ақшалай сома;
Тармақша 15
15) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – сатушылардың және олар өткізетін мемлекеттік меншік, квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік емес мүлік объектілерінің электрондық деректер базасына бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
Тармақша 16
16) электрондық құжат – анықтығын, тиесілілігін және өзгермейтіндігін растау электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қамтамасыз етілген цифрлық жазба;
Тармақша 17
17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
Тармақша 18
18) қатысушының ақшалай балансы (бұдан әрі – электрондық әмиян) – әлеуетті қатысушының сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдауға және кепілдік жарналарды қайтаруға байланысты, әлеуетті қатысушының ұйымдастырушының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына енгізген ақшалай қаражатын есепке алу үшін ұйымдастырушы пайдаланатын, тізілімнің веб-порталындағы дербес шоты.
Тармақ 3
3. Бағаны, өткізу көлемін және комиссия құрамын көздейтін киік дериваттарын өткізу туралы шешімді уәкілетті орган бұйрық нысанында қабылдайды. Сатушы уәкілетті органның шешімін алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде тізілімнің веб-порталына ақпараттың енгізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Киік дериваттарын өткізу бұйрық нысанында қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде, тоқсанына кемінде бір рет өткізілетін конкурс бойынша оларды сату арқылы жүзеге асырылады. Киік дериваттарын өткізу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында, уәкілетті органның және сатушының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
Тармақ 5
5. Киік дериваттарын өткізу «Қазақстан Республикасының Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (CITES) талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Киік дериваттарын өткізу тәртібі
2-тарау. Киік дериваттарын өткізу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Конкурсты өткізуге дайындық
1-параграф. Конкурсты өткізуге дайындық
Тармақ 6
6. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін бес адамнан тұратын комиссия құрылады. Комиссия құрамына уәкілетті органның екі өкілі, уәкілетті органның Қоғамдық кеңесінің бір өкілі, уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымының бір өкілі және сатушының бір өкілі кіреді. Комиссия төрағасы уәкілетті органның өкілі болып табылады. Комиссия хатшысы болып сатушының оның құрамына кірмейтін қызметкері тағайындалады. Комиссия шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарының бар-жоғын және осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкестігін қарайды, оларды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ киік дериваттарын бұдан әрі конкурсқа шығару туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 7
7. Конкурсты өткізуге дайындықты сатушы мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Әдістемеде көзделген, өткізілетін киік дериваттары бойынша материалдарды жинау жүргізіледі;
Тармақша 2
2) конкурсты өткізу мерзімдері белгіленеді;
Тармақша 3
3) конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланады;
Тармақша 4
4) кепілдік жарналар қабылданады;
Тармақша 5
5) қатысушыларды тіркеу жүргізіледі;
Тармақша 6
6) сатып алу-сату шарты жобасын дайындау жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланғанға дейін сатушы тізілімнің веб-порталындағы деректер базасына әрбір лот бойынша мынадай ақпараттың енгізілуін қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) өткізілетін киік дериваттары бойынша мәліметтер;
Тармақша 2
2) киік дериваттарының орналасқан жері;
Тармақша 3
3) киік дериваттарының баланс ұстаушысы туралы мәліметтер (пошталық мекенжайы, телефоны, е-mail); Енгізілген ақпаратқа қосымша ретінде сатушы деректер базасына киік дериваттарының кемінде 5 дана фотосуретін қосуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды тізілімнің веб-порталында жариялау үшін сатушы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мынадай мәліметтерді енгізеді:
Тармақша 1
1) конкурстың күні мен уақыты;
Тармақша 2
2) конкурстың атауы;
Тармақша 3
3) конкурс басталатын киік дериваттарының бағасы;
Тармақша 4
4) кепілдік жарнаның мөлшері;
Тармақша 5
5) кепілдік жарнаны аударуға арналған ұйымдастырушының банктік реквизиттері;
Тармақша 6
6) конкурс шарттары, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар;
Тармақша 7
7) өтінімдерді қабылдау мерзімдері;
Тармақша 8
8) ұйымдастырушының телефоны мен мекенжайы;
Тармақша 9
9) сатушының телефоны мен мекенжайы.
Тармақ 10
10. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурсты өткізу күніне дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын тізілімнің веб-порталында орналастырылады. Конкурсты өткізу туралы хабарландыруға өзгерістер енгізілген кезде ол қайта орналастыруға жатады, ал конкурсты өткізу күні осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім сақтала отырып ауыстырылады.
Тармақ 11
11. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
Тармақ 12
12. Конкурсқа қатысу үшін алдын ала тізілімнің веб-порталында мыналарды көрсете отырып тіркелу қажет:
Тармақша 1
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының толық атауын, тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);
Тармақша 2
2) кепілдік жарнаны қайтару үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шоттың реквизиттерін;
Тармақша 3
3) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Тармақ 13
13. Қатысушы тізілімнің веб-порталында конкурсқа қатысуға арналған өтінімді тіркейді және оған ЭЦҚ-мен қол қояды. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде конкурсқа қатысушының конкурс шарттарымен келісімі және деректер базасының арнайы бөлінген веб-парақшасындағы электрондық конвертке жүктелетін конкурсқа қатысушының бағалық ұсынысы қамтылады, оған мынадай құжаттардың:
Тармақша 1
1) конкурстық өтінім;
Тармақша 2
2) қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген міндеттемелерді жазбаша қабылдағанын растайтын құжаттардың электрондық сканерленген көшірмелері қоса беріледі. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 14
14. Конкурсқа қатысушылар мыналарды: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы не заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын, шет мемлекет берген өзге құжатты; мынадай құжаттардың бірін: конкурсқа қатысушы резиденті болып табылатын елдің уәкілетті органы берген, киік дериваттарын пайдалана отырып, дәрілік заттарды не фармацевтикалық өнімдерді өндіру (дайындау) құқығын растайтын дәрілік затты тіркеу куәлігін, өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, лицензияны не рұқсатты; конкурсқа қатысушы резиденті болып табылатын елдің уәкілетті органы берген қолданыстағы GMP (Good Manufacturing Practice) сертификатын; конкурсқа қатысушы резиденті болып табылатын елдің уәкілетті органы берген қолданыстағы GDP (Good Distribution Practice) сертификатын; конкурсқа қатысушы резиденті болып табылатын елдің заңнамасына сәйкес берілген, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелгенін не киік дериваттарын импорттау, кедендік рәсімдеу, сақтау, қайта өңдеу және пайдалану үшін рұқсаттардың, тіркеулердің және өзге де заңды негіздердің бар екенін растайтын құжатты; конкурсқа қатысушының сатушының мекенжайына, ол конкурстың жеңімпазы деп айқындалған және сатып алу-сату шартына қол қойылған жағдайда қатысушының мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында киік мүйіздерін сатуға жол бермеу;
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды алу және дериваттарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттауға байланысты шығыстарды төлеу;
Тармақша 3
3) киік дериваттарын үшінші тұлғаларға бұдан әрі өткізу кезінде уәкілетті органға өткізу көлемі және соңғы сатып алушылардың атауы туралы мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 4
4) киік дериваттарының және олардан өндірілген өнімдердің қозғалысы туралы мәліметтерді: шикізатты қабылдаудан және қоймалық есепке алудан, өндірістік процестен, сақтаудан және тасымалдаудан бастап соңғы тұтынушыға өткізуге дейін сауда-саттыққа қатысушы резиденті болып табылатын елдің өнімдерді цифрлық қадағалау жүйесіне енгізу бойынша міндеттемелерді қабылдайтыны туралы жазбаша растауды ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының, сондай-ақ Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар электрондық сканерленген нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 15
15. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді бергенге дейін қатысушы конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген ұйымдастырушының ағымдағы шотына конкурста көрсетілген киік дериваттары құнының он бес пайызы мөлшерінде кепілдік жарна енгізеді.
Тармақ 16
16. Қатысушы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейінгі кез келген уақытта өзі енгізген кепілдік жарнаны қайтара отырып, тізілімнің веб-порталын пайдалану арқылы конкурсқа қатысуға арналған өз өтінімін кері қайтарып ала алады.
Тармақ 17
17. Конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен оларға қоса берілген құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелері деректер базасында сақталады және конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген уақыт пен күнге дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.
Тармақ 18
18. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы электрондық әмиянда өтінім берілген конкурс бойынша кепілдік жарна сомасына ақшалай қаражаттың бар-жоғын автоматты түрде тексереді.
Тармақ 19
19. Өтінім берілген конкурс бойынша кепілдік жарна болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ қатысушыны конкурсқа жібереді.
Тармақ 20
20. Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Тармақ 21
21. Конкурстың жеңімпазы деп танылған қатысушының электрондық әмиянында бұғаттан босатылған кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне есептеледі және ұйымдастырушы сатушы тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып кепілдік жарнаны аудару туралы өтінішке қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сатушының шотына аударады. Конкурстың жеңімпазы деп танылмаған конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы конкурс өткізілген күні конкурсқа қатысушының электрондық әмиянында бұғаттан босатылады.
Тармақ 22
22. Электрондық әмияннан ақшалай қаражатты ұйымдастырушы осы тұлға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып ақшалай қаражатты қайтаруға арналған өтінішке қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
Тармақ 2. 2-параграф. Конкурсты өткізу
2-параграф. Конкурсты өткізу
Тармақ 23
23. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурсқа қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында комиссия мүшелері мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қарайды.
Тармақ 24
24. Комиссия өтінімдерді (конкурстық өтінім мен бағалық ұсыныстан басқа) және қатысушының осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ұсынған құжаттарын қарайды. Өтінімде анықталған сәйкессіздіктер болған, осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда қатысушының электрондық поштасына хабарлама жіберіледі.
Тармақ 25
25. Хабарлама комиссия хатшысы тізілімнің веб-порталында генерациялайтын өтінімдерді ашу хаттамасының негізінде қалыптастырылады. Өтінімдерді ашу хаттамасына комиссия мүшелері ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Тармақ 26
26. Өтінімдерді ашу хаттамасында мыналар айқындалады:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қайта ашу күні мен уақыты;
Тармақша 2
2) конкурс шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың тізімі;
Тармақша 3
3) конкурс шарттарын қанағаттандырмайтын қатысушылардың тізімі, олар себептерін көрсете отырып, өтінімдерді қайта ашу күніне дейін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған қосымша өтінімді (конкурстық өтінім мен бағалық ұсыныстан басқа) қалыптастыру арқылы анықталған сәйкессіздіктерді жояды.
Тармақ 27
27. Комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді, соның ішінде конкурстық өтінімді қарайды және комиссия хатшысы тізілімнің веб-порталында қалыптастырған конкурсқа жіберу хаттамасына қол қояды.
Тармақ 28
28. Комиссияның қатысушыларды конкурсқа жіберу туралы шешімі барлық комиссия мүшелері конкурсқа жіберу туралы хаттамаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қойған сәттен бастап тізілімнің веб-порталында автоматты түрде жарияланады, бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушыларға электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабарлама жіберіледі.
Тармақ 29
29. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада мынадай ақпарат:
Тармақша 1
1) себептері көрсетілген, конкурсқа қатысуға жіберілмеген қатысушылардың тізімі;
Тармақша 2
2) конкурсты өткізу күні мен уақыты көрсетілген, конкурсқа қатысуға жіберілген қатысушылардың тізімі қамтылады. Конкурсты өткізу күні мен уақытын тізілімнің веб-порталы комиссияның конкурстың кемінде екі қатысушысын жіберу туралы шешімі тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап бірінші жұмыс күніне автоматты түрде тағайындайды.
Тармақ 30
30. Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім қабылдаған кезде немесе комиссия конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушыны жіберген кезде конкурс өтпеді деп танылады. Конкурс өтпеді деп танылған кезде осы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу жүргізілмейді, ал сатушы конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген конкурстың уақыты мен күнінен кейін 24 сағат ішінде тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын конкурс өтпеді деп танылған актіге ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Тармақ 31
31. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген конкурстың күні мен уақыты басталған кезде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Конкурсқа жіберілген қатысушылар конкурс басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей тізілімнің веб-порталы автоматты түрде берген аукциондық нөмірді және ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталындағы аукцион залына кіру мүмкіндігін алады.
Тармақ 33
33. Конкурс тізілімнің веб-порталы тағайындаған уақытта басталады.
Тармақ 34
34. Киік дериваттары үшін ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы конкурстың жеңімпазы деп танылады. Конкурс басталғаннан жиырма минут ішінде ағымдағы баға өспеген жағдайда, ең жоғары ағымдағы бағаны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал екі және одан да көп бірдей ең жоғары бағалық ұсыныстар болған кезде, өтінімі осындай бағаны ұсынған басқа қатысушылардың өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы жеңімпаз деп танылады. Конкурс аяқталған сәтте белгілі бір жеңімпаз болмаған жағдайда, киік дериваттарын сатып алу ниетін соңғы болып растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады. Осы тармақта көрсетілген жағдайларда конкурс өткізілді деп танылады.
Тармақ 35
35. Конкурс барысында конкурсқа қатысуға кедергі келтіретін техникалық ақаулық туындаған жағдайда, қатысушы бұл туралы ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы хабардар етеді. Ұйымдастырушы техникалық ақаулықтың орын алу фактісін тіркейді және тізілімнің веб-порталы жағында техникалық ақаулық болған жағдайда тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру арқылы сауда-саттықтың барлық қатысушыларын хабардар етеді. Конкурсқа қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдықтарының техникалық ақаулығы болған жағдайда конкурс жалғаса береді.
Тармақ 36
36. Тізілімнің веб-порталында конкурсты өткізуге кедергі келтіретін техникалық ақаулық фактісі болған кезде, ұйымдастырушы бұл туралы сатушыны хабардар етеді және ұйымдастырушы техникалық ақаулықты жойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурстың жалғасуын ұйымдастырады, бұл ретте конкурсқа қатысқан қатысушыларды осы конкурстың жалғасу күні мен уақыты туралы тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру және қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы алдын ала хабардар етеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Конкурс өткізу нәтижелері
3-параграф. Конкурс өткізу нәтижелері
Тармақ 37
37. Әрбір сатылған лот бойынша конкурстың нәтижелері конкурс нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған тізілімнің веб-порталында сатушы мен жеңімпаз конкурс өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Тармақ 38
38. Конкурс нәтижелері туралы хаттама конкурс нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша киік дериваттарын сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін бекітетін құжат болып табылады.
Тармақ 39
39. Конкурстың жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қою кезінде сатушыға осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бұрын ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсына отырып, мынадай құжаттардың көшірмелерін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы; заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) конкурсқа қатысқан жағдайда, бірлескен қызмет туралы шартты (консорциумдық келісімді); заңды тұлға өкілінің не заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжатты, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің не заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) өкілінің паспортын немесе жеке басын куәландыратын құжатты; конкурстық өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін береді. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 40
40. Сауда-саттықты ұтып алған тұлға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда өзі енгізген кепілдік жарнасынан айырылады және осындай қол қоймау салдарынан туындаған, құжатпен расталған шығындарды сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде өтейді.
Тармақ 41
41. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында немесе жазбаша түрде жасалады, оған тізілімнің веб-порталымен сауда-саттық қорытындылары шығарылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде сатушы, сатып алушы және ведомстволық бағынысты ұйым қол қояды.