Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Форма отчетной информацию по результатам предоставленной услуги связи и по внедрению субъектом цифрового решения» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Басқа 0. «Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 21 шілдедегі
№ 428/НҚ
Бұйрықпен бекітілген
«Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне ұсынылады.
«Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны https://www.gov.kz/memleket/entities/telecom интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның атауы: «Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны».
«Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): БҚЦШ - 1.
Кезеңділік: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы ___ ___________ ____ ____________ дейін. «Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: байланыс операторлары.
«Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Жинау тәсілі: қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіште.
№
Кәсіпорын туралы ақпарат
Есепті кезең
Іске асырылған цифрлық шешімдер
Байланыс қызметін ендіру бойынша қаржылық есеп
Қосымша мәліметтер
1
2
3
4
5
6
Телефон:_____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: _________________________________
Орындаушы ___________________ қолы ________ телефон _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
___________________________________________________ қолы _____
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мөрдің орны (болған жағдайда) (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып
табылатын тұлғаларды қоспағанда) __________________
Басқа 1. «Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсініктеме
(БҚЦШ - 1, тоқсан сайын)
«Ұсынылған байланыс
қызметінің нәтижелері
бойынша және субъектінің
цифрлық шешімді
ендіруі бойынша есепті
ақпарат нысаны»
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша
«Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсініктеме
(БҚЦШ - 1, тоқсан сайын)
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді ендіруі бойынша есепті ақпарат нысаны» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. «Реті бойынша нөмір» нысанының 1-бағанында реті бойынша нөмірлеу көрсетіледі және кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуге тиіс.
Тармақ 3
3. Нысанның 2- бағанында кәсіпорынның атауы, тіркелген мекенжайы, басшысының (жеке немесе заңды тұлға) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) байланыс деректері көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 3-бағанында есепті кезең (басталуы мен аяқталуы) көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 4-бағанында процестерді автоматтандыруға, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қолданбалы цифрлық жүйелер мен олардың жұмыс істеуіне қажетті бағдарламалық-аппараттық кешендердің жиынтығын білдіретін цифрлық шешімнің және (немесе) жобаның атауы, сондай-ақ цифрлық шешімді ендірудің басталу және аяқталу күндері көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 5-бағанында шығыстарды баптар бойынша бөле отырып (мысалы: жабдық, қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметтер және басқалары) байланыс қызметін ендіруге жұмсалған шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 6-бағанында субсидиялау процесіне қатысты ескертулер мен ұсынымдар көрсетіледі.