Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы _______________________ Д.И. Қарымсақова 2026 жылғы «___»___________ «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ________________________ А.А. Жылыспаев 2026 жылғы «___»___________
Басқа 3. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Мәслихаттың 2026 жылғы 23 шілдедегі № 455 шешіміне қосымша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және олардың нәтижелерін «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алушыға беруді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау үшін Әулиекөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ мерекелік күндер мен атаулы күндерге ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмегі;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 6
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 7
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
Тармақша 8
8) мереке күндері– Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің күндері;
Тармақша 9
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 10
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 11
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
Тармақша 12
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
Тармақша 13
13) цифрлық құжаттар сервисі – "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және цифрлық объектілерден алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;;
Тармақша 14
14) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын цифрлық объект;
Тармақша 15
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған мерекелік күндер мен атаулы күндердің тізбесі:
Тармақша 1
1) Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан;
Тармақша 2
2) Чернобыль апаты құрбандарын еске алудың халықаралық күні – 26 сәуір;
Тармақша 3
3) Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
Тармақша 4
4) Жеңіс күні – 9 мамыр;
Тармақша 5
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз;
Тармақша 6
6) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан; Бірнеше негіз болған кезде мерекелік күндер мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі
Тармақ 5
5. Мереке күндері мен атаулы күндерге арналған әлеуметтік көмек кірісті есепке алмай, біржолғы түрде келесі азаматтар санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні – 15 ақпан, 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде: Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамындағы тұлғалар (әскери мамандармен кеңесшілерді қоса алғанда), КСРО-ның бұрынғы үкіметті коргандарының шешімдеріне сәйкес Ауғанстан аумағындағы ұрысқимылдарына қатысқан; әскери оқу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары кезеңінде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; жүк тасымалдау үшін ұрыс қимылдары кезеңінде Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; КСРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған авиациялық құрамдағы әскери қызметшілер; жарақат, контузия немесе мертігуалған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер. Әскери қызметшілерге, егер олар мүгедектікке КСРО-ны қорғау кезінде, әскери қызметтің өзгеде міндеттерін орындау барысында немесе Ауғанстандағы ұрысқимылдары кезеңінде әскери қызмет аткеру кезінде алған ауру салдарынан жарақат, контузия, мертігу нәтижесінде ие болғанжағдайда; Ауғанстандағы ұрысқимылдары кезеңінде алған жарақат, контузия, мертігу, аурусалдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсызкеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына;
Тармақша 2
2) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою жөніндегі Халықаралық еске алу күні – 26 сәуір, 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде: 1986–1987 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға; Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға; 1988–1989 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар қатарынан, радиоактивті ластанған және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз бетінше кеткен) адамдарға, оның ішінде эвакуация күні жатырдағы күйде болған балаларға; Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардап тарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына; сәулелік ауру салдарынан немесе мүгедектігі бар адамдардың қайтыс болуына, сондай-ақ өлімі Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың әсерімен белгіленген тәртіпте байланысты деп танылған азаматтардың отбасыларына;
Тармақша 3
3) Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр, 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде: Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қарулы Күштерінің, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, сондай-ақ бұрынғы КСРО Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамындағы адамдар (әскери мамандармен кеңесшілерді қосаалғанда), КСРО-ның бұрынғы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан, осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда; Қазақстан Республикасының әскериқызметшілері, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын нығайту жөніндегі мемлекет аралықшарттар мен келісімдерге сәйкес Тәжікстан–Ауғанстан учаскесіндегі шекараны күзетуді күшейту міндеттерін орындаған және 1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде қызмет атқарған; Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері 2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгер ретінде қатысқан; Бұрынғы КСРО Қарулы Күштерінің, сондай-ақ ішкі істер органдарымен мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар, 1986–1991 жылдар аралығында Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеу ге қатысқан; әскери қызметшілерге, егер олар мүгедектікке КСРО-ны қорғау кезінде, әскери қызметтің өзгеде кезеңдерінде қызметтік міндеттерін орындау барысында немесе ұрысқимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызмет өткеру кезінде алған аурусалдарынан жарақат, контузия, мертігу нәтижесінде ие болған жағдайда; бұрынғы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға, егер олар мүгедектікке қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақат, контузия, мертігу салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекет терде қызметтік міндеттерді орындау мен байланысты ауру салдарынан ие болған жағдайда; тиісті санаттағы жұмысшылармен қызметшілерге, егер олар мүгедектікке ұрыс қимылдары жүргізілген басқа елдердегі әскери контингенттерге қызмет көрсету кезеңінде алған жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан ие болған жағдайда; ұрысқимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсызкеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына;
Тармақша 4
4) Жеңіс күні – 9 мамыр: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 5000000 (бес миллион) теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда: бұрынғы Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамындағы адамдар, Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет атқарған және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызмет өтіліне жеңілдікті негізде есептелген қалаларды қорғауға қатысуы үшін қызмет өтіліне енгізілген тұлғаларға – 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; бұрынғы КСРО Қарулы Күштері, Әскери-Теңіз Флоты, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен әскерлерінің вольнонаемный құрамындағы адамдарға, Ұлы Отан соғысы кезеңінде қолданыстағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдарды атқарған немесе қолданыстағы армияға жататын қалаларда тиісті кезеңдерде болған, қызмет өтілі жеңілдікті тәртіппен есептелген тұлғаларға – 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде қолданыстағы армия мен флот құрамына кірген бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде полк ұлдары мен юнгалар ретінде болған тұлғаларға – 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ұрыс қимылдарына қатысқан тұлғаларға шетел мемлекеттерінде партизан отрядтарының, астыртын топтардың және басқа да антифашистік құрылымдардың құрамында болған адамдарға – 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; КСРО-ның Темір жол көлігі халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты, балық шаруашылығы және көлік кемелерінің жүзу құрамының, сондай-ақ авиацияның ұшу-қону құрамының, бұрынғы КСРО Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Бассолтүстік теңіз жолы басқармасының авиация ұшу-қону құрамының арнайы құрылымдарының қызметкерлеріне, олар Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер мәртебесіне ауыстырылып, қолданыстағы армия мен флот мүддесінде, майданның тыл шекаралары мен флоттардың жедел аймақтары шегінде міндеттер атқарған, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы басталған кезде басқа мемлекеттердің порттарында интернацияланған көлік флоты кемелерінің экипаж мүшелеріне – 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; әскери қызметшілерге, егер олар мүгедектікке КСРО-ны қорғау кезінде алған жарақат, контузия, мертігу немесе майданда болумен байланысты ауру салдарынан ие болған жағдайда – 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; бұрынғы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға, егер олар мүгедектікке қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақат, контузия, мертігу немесе майданда болумен байланысты ауру салдарынан ие болған жағдайда – 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, гетто және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына – 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; қоршаудағы Ленинград қаласында кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға – 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде; 1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейін Украин КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында әрекет еткен халықты қорғау истребитель батальондарының, взводтары мен отрядтарының қатарындағы және командалық құрамындағы адамдарға, егер олар осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан мүгедектікке ие болған жағдайда – 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған жесірлеріне,сондай-ақ қайта некеге тұрмаған жұбайына (жолдасына) – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның жұбайына (зайыбына), немесе жеңілдіктері мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген тұлғаның жұбайына (зайыбына), Ұлы Отан соғысы кезеңінде алынған жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның жұбайына (зайыбына), сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушы, партизан, астыртын ұйым мүшесі, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған, жалпы ауру, өндірістік жарақат және өзге де себептер (заңсыз әрекеттерді қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар деп танылған қайтыс болған азаматтардың қайта некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде; бұрынғы КСРО-ның Отанға адал еңбегі және соғыс жылдарындағы тылдағы мінсіз әскери қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және тылдағы адал еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жарақат, контузия, мертігу салдарынан не майданда болумен байланысты ауру нәтижесінде қайтыс болған, заңның 4–6-баптарында көрсетілген әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын қозғалыс мүшелерінің отбасыларына – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жергілікті әуе шабуылынан қорғану объектілік өзін-өзі қорғау топтары мен апаттық командалар құрамындағы адамдардың, сондай-ақ Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханалары қызметкерлерінің отбасыларына – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде; бейбіт уақытта әскери міндеттілерді шақыру арқылы әскери жиындарға қатысқан, бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігі, ішкі істер органдары және мемлекеттік қауіпсіздік органдары әскери қызметшілері мен басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың, қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша төтенше жағдайлар кезінде қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде; бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде; Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 5
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз, 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде: азаматтық немесе әскери мақсаттағы радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға; азаматтық немесе әскери мақсаттағы радиациялық апаттар мен авариялар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және олардың ата-анасының біреуінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысы бар мүгедектігі бар балаларына; азаматтық немесе әскери мақсаттағы радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болған адамдардың отбасыларына немесе мүгедектігі бар адамдардың қайтыс болуына, сондай-ақ өлімі белгіленген тәртіппен радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерімен байланысты деп танылған азаматтардың отбасыларына;
Тармақша 6
6) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан, 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасында: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқан және «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған саяси қуғын-сүргін құрбандарына.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – кірістерін есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек: бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – мүгедектігі бар адамға бірге жүретін кәмелетке толған адамға санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу үшін, мүгедектігі бар адамның абилитация және оңалту жөніндегі жеке бағдарламасына сәйкес, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық ем көрсететін ұйымдарда, бірақ бірден артық емес бір бірге жүретін адамға, кірісті есепке алмай, жылына бір рет, тұру және тамақтану шығындары бойынша нақты шығындар мөлшерінде, бірақ мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тиісті қаржы жылына өтемақы ретінде берілетін санаторийлік-курорттық емделу құнының кепілдендірілген сомасының жетпіс пайызынан аспайтын мөлшерде, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды; Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Заңның 5, 6-баптарында және 7-бабының 1)–4) тармақшаларында көрсетілген ардагерлерге – Қазақстан Республикасы аумағында санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың нақты құнын өтеу үшін, кірісті есепке алмай, жылына бір рет, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тиісті қаржы жылына мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өтемақы ретінде берілетін санаторийлік-курорттық емделу құнының кепілдендірілген сомасынан аспайтын мөлшерде. Шипажай-курорттық емделу құнын өтеу Костанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың қосымша шарасы туралы» шешімімен белгіленген заттай түрден жазбаша бас тарту болған жағдайда ұсынылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 болып тіркелген).
Тармақша 3
3) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек: мүгедектігі бар адамдарға – дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығындарды өтеу үшін, кірісті есепке алмай, жылына бір рет, нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
Тармақша 4
4) ақшалай түрдегі әлеуметтік көмек: ардагерлерге және Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа да адамдарға, Заңның 8-бабының бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, кірісті есепке алмай, ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; мүгедектігі бар адамдарға – хирургиялық (операциялық) емдеуге, кірісті есепке алмай, жылына бір рет, нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде; мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар адамның абилитация және оңалту жөніндегі жеке бағдарламасында оңалту орталығының қызметін алу жөнінде ұсынысы бар, тұрғылықты жерінен тыс жерде оңалтудан өткен адамдарға, кірісті есепке алмай, тоқсан сайын, жол жүру шығындарын өтеу үшін, бірақ 3 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
Тармақша 5
5) табиғи апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залалға байланысты әлеуметтік көмек: табиғи апат салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе олардың мүлкіне келтірілген залал үшін, кірісті есепке алмай, біржолғы түрде, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залалға байланысты әлеуметтік көмек: өрт салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе олардың мүлкіне келтірілген залал үшін, кірісті есепке алмай, біржолғы түрде, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 7
7) әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуына байланысты әлеуметтік көмек: адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, кірісті есепке алмай, ай сайын Қостанай облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде; амбулаториялық ем қабылдап жүрген туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға, кірісті есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 8
8) жергілікті өкілді органдар белгілеген табысы бар азаматтарға әлеуметтік көмек: жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысы бар отбасылардан шыққан адамдарға, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен төмен табысы бар, өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы деректер бойынша, жылына бір рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 7
7. Мұқтаж азаматтар санатына жатқызудың негіздері: 1) табиғи апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне залал келтірілуі; 2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне залал келтірілуі; 3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы; 4) жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін күнкөріс деңгейіне қатысты еселенген мөлшерде айқындалатын орташа жан басына шаққандағы табыстың болуы. Табиғи апат немесе өрт салдарынан мүлікке залал келтірілген жағдайда әлеуметтік көмек зардап шеккен мүлік орналасқан жері бойынша, меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетілуі көрсетілген оқиғалар басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Мүгедектігі бар адамдарға операциялық емге және дәрілік заттарға әлеуметтік көмек операциялық емнен және (немесе) дәрілік заттарды сатып алудан бастап он екі айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Әрбір жеке жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетіледі.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
Тармақ 10
10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі. Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО айқындайды. Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.;
Тармақ 11
11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді. Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті цифрлық жүйелеріне осы Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар қалыптастырады. Цифрлық жүйелерде мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
Тармақша 2
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
Тармақша 3
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі: дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында және 4) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдар алғаш рет жүгінген кезде өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат ұсынады. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдар мүгедектігі бар бірінші топтағы адам мен оны алып жүретін адамға санаторийлік-курорттық емделуге төлем жүргізілгенін растайтын құжаттарды, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін, санаторийлік-курорттық ұйым берген құжаттарды ұсынады. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген адамдар әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттарды, санаторийлік-курорттық емделуге төлем жүргізілгенін растайтын құжаттарды, санаторийлік-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ұсынады. Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар медициналық ұйым берген дәрілік затты тағайындау туралы құжатты және дәрілік затқа ақы төленгенін растайтын құжатты ұсынады. Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген адамдар медициналық ұйым берген қызмет көрсетуді (жедел емдеуді) және қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттарды ұсынады. Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген адамдар оңалту фактісін және жол жүру шығындарын растайтын құжаттарды ұсынады. Осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар табиғи апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжатты ұсынады. Осы Қағидалардың 6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген адамдар өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжатты ұсынады. Осы Қағидалардың 6-тармағының 7) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдар баланың адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғанын растайтын құжатты ұсынады. Осы Қағидалардың 6-тармағының 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауыру фактісін және амбулаториялық емдеуде екенін растайтын құжатты ұсынады. Осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттарды ұсынады. Әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады. Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады. Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерінен келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.";
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті көрсетуге қатысты құжаттарды қарау тәртібі, әлеуметтік көмекті көрсету мерзімдері, бас тарту, төлемді тоқтату, артық төленген сомаларды қайтару негіздері және шығыстарды қаржыландыру тәртібі Типтік қағидалардың 13–24-тармақтарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Тармақ 15
15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақылар мен жәрдемақылар алушылар (белсенді) болып табылатын азаматтардың деректерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды. Зейнетақылар мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақыларын алушылар жөніндегі мәліметтер осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек төлемін Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асыру процесіне, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету туралы өзі шешім қабылдаған кезде бастамашылық етеді.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмекті төлеуге байланысты банк қызметтерін төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен, Мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.