О предоставлении права ограниченного целевого землепользования (публичный сервитут), на неделимый земельный участок из земель, расположенных на территории Ершовского сельского округа, Пресногорьковского сельского округа, акционерному обществу «Казахтелеком» для прокладки волоконно-оптической линии связи Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу үшін Ершов ауылдық округі, Пресногорьков ауылдық округі аумағында орналасқан жерлерден бөлінбейтін жер учаскелеріне шектеулі нысаналы жерге пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын беру туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1 тармағының 5-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу үшін Ершов ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы көлемі – 8,0642 гектар, Пресногорьков ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы көлемі – 7,1024 гектар жерлеріне бөлінбейтін жер учаскелеріне 3 жыл мерзімге шектеулі нысаналы жерге пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазахстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етілсін:
Тармақша 1
1) осы қаулығы қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми түрде жариаланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.