Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағына сәйкес, жер комиссиясы 2026 жылғы 14 ақпандағы отырысының № 4 хаттамасының, жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы 2026 жылғы 14 сәуірдегі № KZ43VBG01752831 бұйрығы негізінде, Қонысбай ауылдық округінің әкімі:
Тармақ 1
1. «Көкшетау Энерго» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қонысбай ауылдық округі Қонысбай ауылында, Бірлік көшесі (бұрынғы Единства көшесі), Мәлік Ғабдуллин көшесі, Абай Құнанбаев көшесі, Құрылысшылар көшесі (бұрынғы Строителей көшесі) схемасына сәйкес орналасқан жалпы ауданы 0,0039 га, 5-02 ЖКО-дан 0,4 кВ ӘЖ қызмет көрсету үшін, 10 (он) жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығына (жария сервитут) ұсынылысын жобасын бекіту туралы.
Тармақ 2
2. Қонысбай ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 27 сәуірдің № 13 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қонысбай ауылдық округі бас маман Б. Шалабаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.