Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2026 жылғы 17 шілдедегі № 6 хаттамасы негізінде, Қобейтұз көлінің тозу қаупінен туындаған табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты, экологиялық ахуалдың одан әрі нашарлауына жол бермеу және төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Қобейтұз көлі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстардың басшысы болып Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Құттыбаев Е.Б. тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзімде қалдырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.