Об установлении за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасыларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50 пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.