Об установлении публичного сервитута Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жария сервитутты белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 3218,2695 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2032 жылдың 14 қаңтарына дейін жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 6768,8694 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2032 жылдың 9 ақпанға дейін жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 4
4. «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлау жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен орнын, жерді қалпына келтіру бойынша міндеттемелерді және өзге де шарттарды айқындау үшін «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісім шарт жасасу қажеттілігі туралы ескертілсін.
Тармақ 5
5. «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 76/05 қаулысына 1-қосымша «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі р/с № Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы Кадастрлық нөмірі Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар 1 Ақтоғай ауданының жер қоры 3218,2695
Басқа 2. «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 76/05 қаулысына 2-қосымша «Bharal Resources» (Бхарал Ресорсез) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі р/с № Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы Кадастрлық нөмірі Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар 1 Ақтоғай ауданының жер қоры 6768,8694