Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Балкашин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жер учаскелерін алып қоймай, 3 жыл мерзімге, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, жалпы ауданы 0,00582 гектар мекенжайы орналасқан жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін, «Халық банк» объектісіне талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу үшін.
Тармақ 2
2. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы «Халық банк» объектісіне талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.