Об утверждении Правил обеспечения сохранности, хранения, научного исследования и использования Государственного фонда массовых археологических находок и археологических материалов Национальным депозитарием массовых археологических находок и археологических материалов Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-3-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 23 шілдедегі № 359-НҚ Бұйрығымен бекітілген Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-3-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік қорға берілген Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аралас (гибридті) жүйе – археологиялық олжалар мен материалдардың сақтау бірліктерін сөрелерге мекенжайлық орналастыруды және оларды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийдің электрондық есепке алу дерекқорымен цифрлық байланыстыруды бір мезгілде қолдануды көздейтін сақтау тәсілі;
Тармақша 2
2) археологиялық материал – археологиялық жұмыстар барысында анықталған және ғылыми зерттеу объектілері ретінде құндылығы бар заттар мен үлгілер;
Тармақша 3
3) жалпы археологиялық олжалар – ерекше құндылығы жоқ және жиынтығында зерттелетін тарихи-мәдени мұра объектісінің мәдени-хронологиялық ерекшеліктерін көрсететін, фрагменттер, бөлшектер немесе көптеген бір типті заттар түріндегі археологиялық олжалар;
Тармақша 4
4) Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры (бұдан әрі – Мемлекеттік қор) – Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар барысында алынған және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийінде сақталуға жататын жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың жиынтығы;
Тармақша 5
5) Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийі (бұдан әрі – Депозитарий) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды қабылдауды, есепке алуды, жүйелеуді, сақтауды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 6
6) жауапты сақтаушы – Депозитарий басшысының бұйрығымен тағайындалатын, Мемлекеттік қорға қабылданған материалдар мен олжалардың сақталуына толық материалдық жауапты болатын Депозитарийдің лауазымды тұлғасы;
Тармақша 7
7) зерттеуші – жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды ғылыми, тарихи немесе мәдени мақсаттарда зерделеуді жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілі;
Тармақша 8
8) Мемлекеттік қорды сақтау орындары – Мемлекеттік қор объектілерін тұрақты немесе уақытша орналастыруға арналған, олардың сыртқы әсерлерден және рұқсатсыз кіруден қорғалуын қамтамасыз ететін Депозитарийдің мамандандырылған үй-жайлары (қоймалар, сейф бөлмелері, қор қоймалары);
Тармақша 9
9) орындаушы – тапсырылатын жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар алынған археологиялық жұмыстарды жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 10
10) режимдік сақтау – Мемлекеттік қор объектілерінің материалдық сақталуын қамтамасыз ету, оларға рұқсатсыз кіруді шектеу, белгіленген температуралық-ылғалдылық, жарық және өртке қарсы жағдайларды ұстап тұру бойынша әкімшілік және техникалық шаралар кешені;
Тармақша 11
11) уәкілетті қызметкер – лауазымдық міндеттеріне қорлармен жұмыс істеу кіретін, Депозитарий басшысының бұйрығы негізінде Мемлекеттік қорды сақтау орындарына кіру құқығы бар Депозитарийдің штаттағы қызметкері.
Тармақ 3
3. Заңның 34-3-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар Депозитарийге сақтауға беріледі және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосылады.
Тарау 2. 2-тарау. Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету тәртібі
2-тарау. Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 4
4. Депозитарий Мемлекеттік қордың режимдік сақталуын қамтамасыз етеді, ол келесі шарттарды орындау арқылы жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қорды сақтау орындарында температураны +18°C-ден +22°C-ге дейін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 50-55% деңгейінде сақтай отырып, тұрақты температуралық-ылғалдылық режимін қолдау;
Тармақша 2
2) заттарды механикалық зақымданудан қорғайтын және осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған сақтау бірліктерінде (қораптарда) міндетті түрде мөрлеу және таңбалау арқылы сақтау;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік қорды сақтау орындарына кіруге құқығы бар тұлғалардың тізімін Депозитарий басшысының бұйрығымен шектеу және әрбір кіру жағдайын еркін нысандағы Мемлекеттік қорды сақтау орындарына кіруді есепке алу журналында тіркеу;
Тармақша 4
4) Депозитарий басшысының бұйрығымен құрылатын комиссияның қатысуымен жылына кемінде бір рет Мемлекеттік қор объектілерінің бар-жоғын есепке алу құжаттамасымен салыстырып тексеруді (инвентаризацияны) жүргізу;
Тармақша 5
5) олжалар мен материалдарды сақтау орындарын күзет-өрт дабылымен және Депозитарийдің күзет пультіне шығарылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қор объектілерін сақтау аралас (гибридті) жүйе бойынша жүзеге асырылады. Стеллаждарға мекенжайлық орналастыру кезінде олжалары мен материалдары бар таңбаланған қораптар, ерекше сақтау жағдайын талап ететін жекелеген артефактілер, сондай-ақ оларға қатысты есепке алу және далалық құжаттама орналастырылады.
Тармақ 6
6. Стеллаждарға орналастырылатын бір сақтау бірлігінің (қораптың) салмағы 15 килограммнан аспауы тиіс. Сақтау бірліктерін (қораптарды) орналастыру үшін химиялық белсенді заттар бөлмейтін, коррозияға қарсы немесе өзге де қорғаныш жабыны бар металл сөре жүйелері пайдаланылады.
Тармақ 7
7. Қор сақтау орындарында ағаштан немесе жанғыш композициялық материалдардан жасалған сөрелерді пайдалануға жол берілмейді. Сөре жабдықтарын орналастыру ауа айналымының еркін болуын, әрбір сақтау бірлігіне кедергісіз қолжетімділікті, сондай-ақ эвакуациялау үшін еркін өту жолдарын қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 8
8. Ұлттық депозитарий үй-жайлары автоматты өрт дабылы және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталады. Жаппай археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарға физикалық немесе химиялық зиян келтіруі мүмкін өрт сөндіру жүйелерін (оның ішінде су және көбік жүйелерін) тікелей сақтау аймақтарында қолдануға жол берілмейді. Газбен немесе ұсақ дисперсті (жұқа шашыратылған) сөндіру жүйелерін пайдалану ұсынылады.
Тармақ 9
9. Температуралық-ылғалдылық режимі ортаның күрт ауытқуларын болдырмай, материалдардың жай-күйінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін деңгейде сақталады. Осы мақсатта қор сақтау орындары мамандандырылған желдету және ауа баптау жүйелерімен, сондай-ақ тұрақты мониторинг жүргізуге арналған бақылау-өлшеу құралдарымен (термогигрометрлермен) жабдықталады.
Тармақ 10
10. Қор сақтау орындарының үй-жайлары тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғалуы тиіс. Жасанды жарық көздері археологиялық материалдарға зиян келтіруі мүмкін ультракүлгін сәулеленуді болдырмайтын сүзгілермен жабдықталады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қор объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында зерттеушілерге материалдар мен табылған заттарды зерттеу үшін зерттеу залында жауапты сақтаушының немесе уәкілетті қызметкердің қатысуымен ұсыну арқылы оларға еркін әрі өтеусіз қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Тармақ 12
12. Зерттеушілердің материалдарға қол жеткізуі келесі талаптарға сай келетін зерттеу залында жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) тегіс беті бар үстелдермен, жұмсақ жарықтандырумен және зерттеуге қажетті оптикалық және өлшеуіш құралдармен жабдықталуы;
Тармақша 2
2) зерттеуші жұмыс істеп отырған бүкіл уақыт ішінде жауапты сақтаушының немесе уәкілетті қызметкердің міндетті түрде қатысуы;
Тармақша 3
3) материалдармен жұмыс істеу процесін тіркейтін бейнебақылау жүйесінің болуы;
Тармақша 4
4) үй-жайда материалдарға зақым келтіруі мүмкін құралдарды (бояғыш заттар, үшкір заттар, сұйықтықтар) пайдалануға тыйым салу.
Тармақ 13
13. Депозитарий зерттеушіге материалдарды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін мынадай жағдайларды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жабдықталған жұмыс орнын ұсыну;
Тармақша 2
2) сұратылған археологиялық кешенге қатысты Депозитарийде бар есепке алу және далалық құжаттамаға, далалық сипаттамаларға, фотофиксация материалдарына және жаратылыстану-ғылыми талдаулар нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Материалдарды зерттеу үшін ұсыну тәртібі мынадай кезеңділікпен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) зерттеуші Депозитарийге жұмыс мақсатын, қажетті материалдардың тізбесін және жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, қағаз немесе электрондық құжат нысанында жазбаша сұрау (өтінім) жолдайды;
Тармақша 2
2) Депозитарий басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға өтінімді келіп түскен күнен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ішінде үшінші тұлғалардың қол жеткізуіне шектеулердің бар-жоғы тұрғысынан қарайды;
Тармақша 3
3) шектеулер болмаған немесе орындаушының жазбаша келісімі ұсынылған жағдайда – Депозитарий зерттеушімен зерттеу залына келу кестесін келіседі;
Тармақша 4
4) жауапты сақтаушы келісілген кестеге сәйкес Мемлекеттік қор объектілерін қор сақтау орнынан зерттеу залына беруге дайындайды (сыртқы түрін тексеру, шаңнан тазарту және жинақтау);
Тармақша 5
5) материалдарды зерттеу залына беру фактісі еркін нысандағы материалдарды уақытша пайдалануды есепке алу журналында зерттеуші мен жауапты сақтаушының қол қоюымен тіркеледі.
Тармақ 15
15. Орындаушы аталған материалдарды зерттеу және жариялау бойынша басым құқыққа ие болады.
Тармақ 16
16. Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар Ұлттық депозитарийге тапсырылған күннен бастап бес жыл ішінде үшінші тұлғалардың оларды дербес ғылыми зерттеулер жүргізу немесе сынама алу мақсатында пайдалануына орындаушының жазбаша келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі.
Тармақ 17
17. Бес жыл өткеннен кейін материалдар жалпы ғылыми қолжетімділік режиміне өтеді.
Тармақ 18
18. Материалдарды жариялау кезінде қазба жұмыстарын жүргізген авторға, жұмыстардың жүргізілген жылына және Ұлттық депозитарийге міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс.
Тармақ 19
19. Үлгіні толық немесе ішінара бұзуды талап ететін зертханалық талдауларды (бұдан әрі – деструктивті талдау) жүргізу археологиялық материалдардың химиялық-физикалық құрамын, хронологиясын және өзге де ғылыми сипаттамаларын анықтау мақсатында жүзеге асырылады. Деструктивті талдауды мамандандырылған ғылыми-зерттеу зертханалары осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген тәртіппен мақұлданған зерттеушінің өтінімі немесе осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес ресімделетін рұқсат бойынша жүргізеді.
Тармақ 20
20. Деструктивті талдау кезінде зерттелетін кешеннің ғылыми маңыздылығын сақтау мынадай тәсілдер арқылы қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) аталған археологиялық кешеннен алынған біртектес олжалардың негізгі бөлігін Депозитарийде сақтау (жалпы археологиялық олжалар үшін);
Тармақша 2
2) зертхананың ғылыми негізделген қажеттілігінен аспайтын көлемде үлгі алу;
Тармақша 3
3) талдау басталғанға дейін алынатын үлгіні фотофиксациялау, өлшеу және макроскопиялық сипаттау.
Тармақ 21
21. Деструктивті талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеуді бақылау еркін нысанда жасалатын Сынама алу актісі арқылы жүзеге асырылады, оған зерттеуші мен жауапты сақтаушы қол қояды. Сынама алу актісінде алынған үлгінің нақты салмағы, өлшемдері, сипаттамасы, қолданылатын зерттеу әдісі және оны өткізу мерзімі тіркеледі. Бақылау мақсатында үлгіні алу процесі бейнежазбаға түсіріледі, ал талдау аяқталғаннан кейін зертханалық қорытындының көшірмесі 10 (он) жұмыс күні ішінде Депозитарийдің есепке алу құжаттамасына қоса тіркеу үшін міндетті түрде беріледі.
Тармақ 22
22. Орындаушының жазбаша келісімін алу тәртібі мынадай кезеңділікпен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) үшінші тұлға (зерттеуші) Депозитарийге осы Қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес өтінімді жолдайды;
Тармақша 2
2) Депозитарий өтінімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындаушыны келіп түскен сұрау туралы ресми түрде (оның ішінде электрондық пошта арқылы) хабардар етеді;
Тармақша 3
3) орындаушы хабарламаны алған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Депозитарийге үшінші тұлғаның материалдарды пайдалануына өзінің жазбаша келісімін немесе негізделген бас тартуын ұсынады. Келісімде материалдарды пайдалануның нақты көлемі мен шарттары көрсетілуі мүмкін;
Тармақша 4
4) белгіленген 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде орындаушыдан жауап болмаған жағдайда, бұл автоматты түрде келісім болып саналмайды. Мұндай жағдайда Депозитарий өтініш берушіге орындаушымен авторлық құқық мәселелерін тікелей реттеу қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды;
Тармақша 5
5) орындаушы мен үшінші тұлғалар арасындағы материалдарды пайдалану мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.