Об утверждении Типовых требований по функционированию, обустройству и техническому оснащению сервисных зон ожидания перед пунктами пропуска через Государственную границу Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің алдында орналасқан сервистік күту аймақтардың жұмыс істеуіне, жайластыруына және техникалық жарақтандырылуына қойылатын үлгілік талаптарды бекіту туралы»
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 14-1) тармақшасына, 12-бабының 2-7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы №862 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің алдында орналасқан күтуге арналған сервистік аймақтардың жұмыс істеуіне, жайластыруына және техникалық жарақтандырылуына қойылатын үлгілік талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі
Басқа 1
2026 жылғы «___» ________
№___ «Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасы арқылы
өткізу пункттерінің алдында
орналасқан сервистік күту
аймақтардың жұмыс істеуіне,
жайластыруына және техникалық
жарақтандырылуына қойылатын
үлгілік талаптарды бекіту
туралы» бұйрығына
қосымша
Тарау 1
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Үлгілік талаптар (бұдан әрі – Үлгілік талаптар) сервистік күту аймақтарды жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды айқындайды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің (бұдан әрі – ӨП) алдында тасымалдаушылар үшін күтуге арналған сервистік аймақтарды (бұдан әрі – СКА) және қажетті инфрақұрылымды жобалау, салу (қайта жаңарту) және пайдалану кезінде ескеруге арналған.
Тармақ 2
2. Сервистік күту аймағы – бұл арнайы бөлінген жер учаскесін, онда орналасқан құрылыстар мен инженерлік желілерді қамтитын жол бойындағы көлік инфрақұрылымы объектісі, ол ӨП-ге кіруді ұйымдасқан түрде күтуге, жүргізушілер мен тасымалдаушыларға сервистік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ көлік құралдары мен жүктерге қатысты мемлекеттік бақылауға жатпайтын ілеспе технологиялық операцияларды орындауға арналған, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік бақылау органдарының бөлімшелерін орналастыру (қажет болған жағдайда), сондай-ақ СКА аумағында кедендік және өзге де бақылау операцияларын жүзеге асыру тек Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда және шектерде ғана жол беріледі.
Тармақ 4
4. Осы Үлгілік талаптар ӨП-нің өткізу қабілетін арттыруға, күту және сервистік функцияларды ӨП аумағынан тыс жерге шығару арқылы шекара маңындағы аумақтарда көлік құралдарының жиналуын болдырмауға, жүргізушілер үшін қауіпсіз және санитариялық жағдайлар жасауға, ағындарды басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге және (қажет болған жағдайда) электрондық кезек жүйесімен цифрлық интеграцияны қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 5
5. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) ішкі шекарасындағы өткізу пункттерінің алдында СКА салудың орындылығын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – ҰҚК ШҚ), ал ЕАЭО сыртқы шекарасында ҰҚК ШҚ-мен келісу бойынша мемлекеттік кірістер органдары айқындайды.
СКА автомобиль өткізу пункттерінің, әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының, теміржол станцияларының алдында 10 км-ге дейінгі қашықтықта құрылады. Күту аймағының нақты орналасқан жері қолданыстағы жол желісін, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын және жоспарлау шектеулерін ескере отырып айқындалады. Автомобиль жолдарын реконструкциялау кезінде, трассалардың өту бағыты өзгерген жағдайда, сервистік аймақтардың орналасқан жері нақтыланып, құзыретті органдармен келісіледі.
СКА жұмыс режимі өткізу пунктінің жұмыс режимімен синхрондалады.
Тармақ 6
6. СКА құру үшін жер учаскелері жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен арнайы жер қорынан бөлінеді. Арнайы жер қорынан жер учаскелерін бөлу мүмкін болмаған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке меншіктегі жер учаскелері мемлекеттік мұқтаждар үшін алып қоюға жатады.
Тарау 2
2. Сервистік күту аймақтардың жұмыс істеуіне (пайдаланылуына) қойылатын талаптар
Тармақ 7
7. СКА инфрақұрылымын ұстау (пайдалану) СКА теңгерімінде тұрған ұйымға не Қазақстан Республикасының заңнамасына және іске асырылатын жобаның шарттарына (оның ішінде МЖӘ шарттары, концессия, жалға алу немесе сенімгерлік басқару шарттары) сәйкес СКА-ны салуды және/немесе пайдалануды жүзеге асырған инвесторға (операторға) жүктеледі.
Тармақ 8
8. СКА операторы негізгі инфрақұрылымның тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді: кіру/шығуды бақылау, жарықтандыру, бейнебақылау, байланыс, санитариялық тораптар, өрт қауіпсіздігі жүйелері, сондай-ақ ағындарды диспетчерлеу және СКА аумағында қозғалыс схемаларын сақтауды қамтамасыз ету.
Тармақ 9
9. СКА жұмысының жалпы тәртібі (жұмыс уақытының басталуы мен аяқталуы, технологиялық үзілістер, тазалау регламенті, қысқы күтіп-ұстау режимі) СКА операторы тарапынан бекітіледі.
Тармақ 10
10. СКА аумағында адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді бақылау жүргізу кезінде (мұндай функциялар болған жағдайда) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібі мемлекеттік бақылау органдарының бірлескен актісімен айқындалады.
Тармақ 11
11. СКА-дағы сервистік қызметтерге арналған тарифтер (болған жағдайда) СКА-ға кіреберісте және оператордың цифрлық ресурстарында міндетті түрде жария түрде орналастырылуға тиіс.
Тармақ 12
12. СКА операторы мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) көлік құралдарының кіруі/шығуын есепке алу;
Тармақша 2
2) СКА аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау;
Тармақша 3
3) уәкілетті органдардың сұраулары бойынша өз құзыреті шегінде деректерді сақтау және ұсыну;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаны қорғау талаптарын және қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтар, сұйық қалдықтар) жұмыс істеу қағидаларын сақтау.
Тармақ 13
13. СКА аумағында бөлінген автотұрақ секторлары мен жүріп өту жолдарынан тыс стихиялық кезектер құруға, сондай-ақ кіреберіс жолдарды бұғаттауға тыйым салынады. Оператор уәкілетті органдармен бірлесіп кірме жолдарда кептелістердің алдын алу шараларын ұйымдастырады.
Тарау 3
3. Сервистік аймақтарды жайластыруға қойылатын талаптар
Тармақ 14
14. Сервистік аймақтарды жобалау және салу кезінде географиялық орналасуы, тиісті ӨП-нің өткізу қабілеті, көлік ағындарының болжамы, жер бедері және климаттық жағдайлар ескеріледі.
Тармақ 15
15. Сервистік күту аймағының жол-көлік коммуникациялық жүйесі көлік құралдарының ең көп санын өткізуге, кедергісіз маневр жасауға және қауіпсіз кіру/шығуды қамтамасыз етуге бағытталып құрылады. Қозғалыс схемасы ағындарды бөлуді көздеуі тиіс: кіру, сәйкестендіру, күту, сервис, шығуға шақыру, ӨП бағытына шығу.
Тармақ 16
16. Жүк көлік құралдарына арналған бақылау жолақтарының ені кемінде 3,5 метр болуы тиіс.
Тармақ 17
17. Ірі габаритті, ауыр салмақты және арнайы жүктері бар көлік құралдарының СКА-ға қауіпсіз кіруі мен шығуын қамтамасыз ету үшін әр бағыт бойынша ені кемінде 6 метр болатын жеке қозғалыс жолағы көзделеді.
Тармақ 18
18. Күту аймақтары үш функционалдық учаскені қамтиды:
Тармақша 1
1) тұрақ (паркинг) учаскесі;
Тармақша 2
2) коммерциялық (міндетті және қосымша);
Тармақша 3
3) әкімшілік.
Тармақ 19
19. Тұрақ алаңында мыналар көзделеді:
Тармақша 1
1) жүк және жеңіл көлік ағындарын (жеңіл көлік сегменті болған жағдайда) таңбалау, жол белгілері мен көрсеткіштер арқылы бөле отырып, көлік құралдарына арналған тұрақ орындары;
Тармақша 2
2) операторлар, терминалдар немесе мобильді қосымшалар арқылы көлікті тіркеу мүмкіндігі бар электрондық кезекті ұйымдастыру, сондай-ақ күту аймағынан шығу кезектілігін көрсететін ақпараттық таблолар/мониторлар;
Тармақша 3
3) бейнебақылауды, күзетті, қоршауды және жарықтандыруды қамтитын қауіпсіздік жүйесі;
Тармақша 4
4) кіру/шығуды бақылауға арналған автоматты шлагбаумдар немесе өзге де тосқауыл құрылғылары;
Тармақша 5
5) қауіпсіздік талаптары мен санитариялық нормаларды ескере отырып, қауіпті жүктерді, тез бұзылатын өнімдерді және тірі жануарларды тасымалдайтын көлік құралдары үшін жеке секторлар (қажет болған жағдайда).
Тұрақ орындарының саны өткізу пунктінің өткізу қабілеті мен оны дамыту перспективаларын ескере отырып жобалау сатысында айқындалады, алайда кемінде 120 жүк көлік құралына есептелуі тиіс.
Тармақ 20
20. Коммерциялық міндетті аймақта (СКА ашылған кезде) көлік/сақтандыру/экспедиторлық ұйымдардың кеңселерін орналастыруға арналған үй-жайлар, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері, қызмет көрсету объектілері (тамақтану пункттері/кафелер, валюта айырбастау, хостелдер/капсулалық қонақүйлер немесе қонақүйлер, кір жуу орындары, душ бөлмелері, намаз оқу бөлмелері), жылы санитариялық-гигиеналық тораптар қарастырылады.
Коммерциялық қосымша аймақта автожанармай құю станцияларын, техникалық қызмет көрсету станцияларын (оның ішінде шиномонтаж), автожуу орындарын, азық-түлік дүкендерін орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 21
21. Әкімшілік аймақта оператор әкімшілігін, мемлекеттік бақылау органдарының бөлімшелерін (орналастырылған жағдайда), Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдерін орналастыру және олардың қажетті штат саны ескеріліп, жеткіліктілік қағидатын сақтай отырып қызметтік қызметін қамтамасыз ету көзделеді.
Үй-жайлардың саны, олардың алаңдары және арнайы талаптар жобалау сатысында тиісті уәкілетті органдармен келісіледі.
Жиһаздар мен жабдықтардың үлгілік тізбесі осы бұйрықтың 2-қосымшасында көрсетілген.
Тармақ 22
22. Сервистік аймақтар аумағында мыналарды орналастыруға жол беріледі:
Тармақша 1
1) сауда алаңдары;
Тармақша 2
2) қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың мобильді/жылжымалы посттары (қажет болған жағдайда).
Тарау 4
4. Сервистік аймақтарды техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар
Тармақ 23
23. Сервистік аймақтарды техникалық жарақтандыру мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
Тармақша 1
1) кірме жолдардың және қауіпсіз қосылулардың болуы;
Тармақша 2
2) көлік құралдарының кіруі мен шығуын бақылаудың автоматтандырылған жүйелерінің болуы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін оқуды (бұдан әрі - МТНБ), оның ішінде шетелдік МТНБ, деректер базасын сақтауды және жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ететін көлік құралдарын электрондық есепке алу жүйесінің болуы;
Тармақша 4
4) көлік құралдарының салмақ параметрлерін автоматты түрде анықтау жүйесінің (қажет болған жағдайда) болуы, уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен (құзыреті бойынша) интеграцияланудың техникалық мүмкіндігімен;
Тармақша 5
5) аумақты нақты уақыт режимінде бақылауды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жүйелеріне қосылуды қамтамасыз ететін бейнебақылау жүйесінің болуы, деректерді сақтау және соңғы кемінде 90 күнтізбелік күн ішіндегі оқиғалар бойынша бейнеақпаратты қарау мүмкіндігі (камералар кіру/шығу жерлерінде, периметр бойынша, негізгі жол өткелдерінде және сервистік тораптарда орналастырылады);
Тармақша 6
6) өртті автоматты түрде анықтауды, хабарлауды және өрт сөндіру қондырғыларын іске қосуды қамтамасыз ететін өрт дабылы және өрт сөндіру жүйесінің болуы;
Тармақша 7
7) рұқсатсыз кіруді анықтауға және ақпаратты оператордың пультіне беруге арналған күзет инженерлік құралдары, қолжетімділікті бақылау және күзет дабылы жүйесінің болуы;
Тармақша 8
8) электрмен жабдықтау авариялық ажыратылған жағдайда қауіпсіздік жүйелері мен IT-инфрақұрылымының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін резервтік электрмен жабдықтау жүйесінің болуы;
Тармақша 9
9) күту аймағы аумағында тұрақты ұялы байланыс пен интернетке қолжетімділіктің болуы;
Тармақша 10
10) ӨП бағытына шақыру және шығу тәртібі туралы ақпарат беретін ақпараттық таблолардың (электрондық) болуы (электрондық кезек қолданылған жағдайда).
Тарау 5
5. Қорытынды және өтпелі ережелер
Тармақ 24
24. Қолданыстағы күту алаңдары осы бұйрық бекітілген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде осы Үлгілік талаптарға сәйкестендірлуге тиіс.
Басқа 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің алдындағы сервистік күту аймақтарының әкімшілік үй-жайларында орналастыруға арналған жиһаз бен жабдықтың үлгілік тізбесі
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасы арқылы
өткізу пункттерінің алдында
орналасқан сервистік күту
аймақтардың жұмыс істеуіне,
жайластыруына және техникалық
жарақтандырылуына қойылатын
үлгілік талаптарды
қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің алдындағы сервистік күту аймақтарының әкімшілік үй-жайларында орналастыруға арналған жиһаз бен жабдықтың үлгілік тізбесі
№
Атауы
Өлшем бірілігі
Саны
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органның кабинеті
1
Үстел
дана
2
Орындық
дана
1
3
Шкаф
дана
1
4
Жүйелік блок
дана
1
5
Монитор
дана
1
6
Желілік фильтр
дана
1
7
Көпфункциялық құрылғы (принтер, сканер формат А4)
дана
1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрлігінің мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау органның кабинеті
1
Үстел
дана
1
2
Орындық
дана
1
3
Шкаф
дана
1
4
Жүйелік блок
дана
1
5
Монитор
дана
1
6
Желілік фильтр
дана
1
7
Көпфункциялық құрылғы (принтер, сканер формат А4)
дана
1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрлігінің мемлекеттік Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекцияның кабинеті
1
Үстел
дана
1
2
Орындық
дана
1
3
Шкаф
дана
1
4
Жүйелік блок
дана
1
5
Монитор
дана
1
6
Желілік фильтр
дана
1
7
Көпфункциялық құрылғы (принтер, сканер формат А4)
дана
1
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кабинеті
1
Үстел
дана
1
2
Орындық
дана
1
3
Шкаф
дана
1
4
Жүйелік блок
дана
1
5
Монитор
дана
1
6
Желілік фильтр
дана
1
7
Көпфункциялық құрылғы (принтер, сканер формат А4)
дана
1