Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Талдыкорган Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талдықорған қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» №347 бұйрығына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Талдықорған қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қ.Б. Сейтимбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Талдықорған қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары
Талдықорған қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 24 маусымдағы №658 қаулысымен бекітілген Талдықорған қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер 1.Осы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 365-бабы 4-тармағы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 347 бұйрығына сәйкес әзірленді және Тереңкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі:
Тармақша 1
1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары;
Тармақша 2
2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, осындай қалдықтар. Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, септиктер мен кәріз желілері, сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылысжайлары қалдықтары, пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді. Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған не тұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.
Тармақ 3
3. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және арнайы бейімделген кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуге тиіс.
Тарау 2. 2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
Тармақ 4
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
Тармақ 5
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
Тармақ 6
6. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
Тармақ 7
7. Заттай өлшеулер жүргізу үшін көріктендірудің әртүрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
Тармақша 1
1) тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;
Тармақша 2
2) тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.
Тармақ 8
8. Халықтан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын айқындау үшін тұрғын халықтың мынадай саны бар учаскелер бөлінеді: тұрғындарының саны 300 мың адамға дейінгі елді мекендерде учаскелер абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады; халқының саны 300-ден 500 мың адамға дейінгі елді мекендерде – 1 %; тұрғындарының саны 500 мың адамнан асатын елді мекендерде – 0,5% (оның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).
Тармақ 9
9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.
Тармақ 10
10. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
Тармақ 11
11. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.
Тармақ 12
12. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.
Тармақ 13
13. Бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған кезде, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға жол беріледі.
Тармақ 14
14. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректерді жергілікті атқарушы орган Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне енгізеді.
Тармақ 15
15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша қосылады және жергілікті атқарушы орган Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосына енгізеді.
Тармақ 16
16. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосына деректерді (масса, көлем) енгізеді.
Тармақ 17
17. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілерден коммуналдық қалдықтардың араласуын болдырмауы тиіс.
Тармақ 18
18. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтауға қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады. Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:
Тармақша 1
1) күн сайын әкету кезінде – өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын;
Тармақша 2
2) кесте бойынша әкету кезінде күн сайын – кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.
Тармақ 19
19. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.
Тармақ 20
20. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
3-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
Тармақ 21
21. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3): V конт=h*S мұндағы һ - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м; S – контейнер түбінің алаңы, м2;
Тармақша 2
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса: Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3... мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mконт=m3- mп мұндағы m3– қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг; mп– қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;
Тармақша 4
4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mтәу=mконт1+mконт2+mконт3... мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
Тармақша 5
5) өлшеулер контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір уақытында жүргізіледі. Өлшеулерді жүргізу кезеңі: жеті күн (үзіліссіз). Өлшеулерді жүргізу мерзімдері: қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем-наурыз, сәуір, мамыр; жаз-маусым, шілде, тамыз; күз-қыркүйек, қазан, қараша. Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі: Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+....+ Vтәу7 мұндағы Vтәу1, Vтәу2 – белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;
Тармақша 6
6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі: mмаус=mтәу1+ mтәу2+...+ mтәу7 мұндағы mтәу1 mтәу2 – белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;
Тармақша 7
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vтм, м3): Vтм = Vмаус/(nxa) массасы бойынша (mтм, кг): mтм = mмаус/(nxa) мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны; а – есептік бірліктің саны.
Тармақша 8
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vтом, м3): Vтом= (Vктм + Vктм + Vжтм +Vкү тм)/n массасы бойынша (mтом, кг): mтом= (mктм + mктм + mжтм +mкү тм)/n мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" – қыста – "қ", көктемде – "к", жазда – "ж", күзде "кү" – есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді; n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).
Тармақша 9
9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша (Vж, м3): Vж= Vтожх nк массасы бойынша (mж, кг): mж= mтожX nк мұндағы nк – жылдағы күннің саны.
Тармақ 22
22. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтауға қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
Тармақша 1
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gop, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі: qcp = m/V, мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
Тармақша 2
2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша: Кбе = Vом/Vж массасы бойынша: Кбе = mом/mж
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі: көлемі бойынша: Кмбе= Vmax.тәу./Voм мұндағы Vmax.тәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3 массасы бойынша: kсн= mmaxтәу./moм мұндағы mmax.тәу.– маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.
Тармақ 23
23. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
Басқа 1. Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 1-қосымша Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері № Наименование объекта Есептік бірлік 1. Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 2. Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 3. Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 4. Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер 1 орын 5. Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 6. Емханалар, медициналық орталықтар 1 келіп кету 7. Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 8. Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 9. Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 10. Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар 1 отыратын орын 11. Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2 12. Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 13. Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2 14. Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер сауда алаңы 1 м2 15. Машиналардан сату сауда орнының 1 м2 16. Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 17. Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 18. Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2 19. Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2 20. Жағажайлар, жолдардан көше сметалары Жалпы алаңы 1 м2 21. Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 22. Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС 1 машина-орын 23. Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 24. Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер 1 гаражға 25. Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 26. Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 27. Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2 28. Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) 1 жұмыс орны 29. Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 30. Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары 1000 қатысушы 31. Бау-бақша кооперативтері 1 учаске
Басқа 2. Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 2-қосымша Нысан Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты Елді мекен, аудан, облыс ________________________________________
Тармақ 1
1. Мекенжайы__________________________________________________
Тармақ 2
2. Қабаттылығы_________________________________________________
Тармақ 3
3. Үйдің нөмірі _________________________________________________
Тармақ 4
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам___________________________
Тармақ 5
5. Жайлылық деңгейі:____________________________________________
Тармақша а
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы___________________________
Тармақша б
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті)__________________
Тармақша в
в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ_______
Тармақша г
г) қоқыс құбырының болуы_______________________________________
Тармақша д
д) аула аумағының алаңы, м2 _____________________________________ жасыл екпелер бар______________________________________________ жабыны қатты__________________________________________________ оның ішінде жаяусоқпақтар_______________________________________
Тармақ 6
6. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы___________
Тармақ 7
7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі________________________________
Тармақ 8
8. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ______________________________________________
Тармақ 9
9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі_________________________
Тармақ 10
10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі__________________________
Тармақ 11. Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
11. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) ___________________________________________________________ Қолдары: Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы Нысан Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты Елді мекен, аудан, облыс_________________________________________
Тармақ 1
1. Объектінің атауы_____________________________________________
Тармақ 2
2. Мекенжайы__________________________________________________
Тармақ 3
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ______________________________________________________
Тармақ 4
4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.)_________
Тармақ 5
5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _____________________________________ ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны)_______________________ қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) ________________
Тармақ 6
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам_______________________
Тармақ 7
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2___________________________________ сауда алаңы____________________________________________________ қоймалық және қосалқы алаң_____________________________________
Тармақ 8
8. Аула аумағының алаңы, м2_____________________________________ жасыл екпелер бар______________________________________________ жабын қатты___________________________________________________
Тармақ 9
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы__________
Тармақ 10
10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі_______________________________
Тармақ 11
11. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) __________________________________
Тармақ 12
12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі__________________
Тармақ 13
13. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі_________________________
Тармақ 14
14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) _______________________________________________________ Қолдары: Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Басқа 3
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 3-қосымша Нысан Бастапқы жазба бланкісі _________________ (күні) ____________________________________________________ объектісі бойынша (атауы, мекенжайы) Контейнердің р/с № Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, һ, м Контейнер негізінің алаңы, S, м2 Контейнердегі қалдықтардың көлемі, V, h*S, м3 Қалдықтар тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), m3, кг Бос контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг Контейнердегі қалдықтардың массасы, mконт, m3 - mп 1 2 ... Тәулік ішіндегі жиыны V тәу m тәу
Басқа 4. Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 4-қосымша Нысан Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі 20__жылғы ___ ___________бастап ____ _______________ дейін Жайлылық типі ___________________________________________ Аптаның күндері Объекінің атауы Объектінің қызмет түрі Есептік бірліктің саны Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы Орташа тығыздығы, кг/м3 Барлығы қайталам а шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде) жалпы 1 есептік бірлікке кг м3 кг м3 Кг м3 Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі Жексенбі Тәулігіне орташа Қолдары: Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Басқа 5. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 5-қосымша Нысан Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі Жайлылық типі ______________________________________________ Объект Ай Өлшенетін бірліктің саны Қалдықтардың жиналуы Біртекті емес коэффициент Бөлек жинау, кг жалпы өлшенетін 1 бірлікке жалпы өлшенетін 1 бірлікке м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг м3 кг 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Барлығы ____________ Тәулігіне орташа _____________ Қолдары ______________ Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы __________________________________