Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по водоснабжению и водоотведению, теплоснабжению и горячему водоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета, в области Ұлытау Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін су және су бұрумен жабдықтау, жылумен және ыстық сумен жабдықтау бойынша көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін су және су бұрумен жабдықтау, жылумен және ыстық сумен жабдықтау бойынша көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары осы қаулының 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
Ұлытау облысы әкімдігінің «___» ________2026 жылғы № _____ қаулысының 1 қосымшасы Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары № Населенный пункт Қызмет көрсетуші Норма, м³/ай адам 1 Жезқазған қаласы «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ 5,72 2 Сәтбаев қаласы «Сәтпаев қаласының жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС 5,72 3 Жәйрем кенті Жәйрем кенті әкімі аппаратының ШЖҚ «Жәйрем болашақ» КМК 4,33 4 Қаражал қаласы Қаражал қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық коммуналдық шаруашылық» КМК 4,33 5 Жезді кенті Ұлытау ауданы әкімдігінің «Жезбұлак» КММ 5,01 6 Жаңаарқа кенті Жаңаарқа ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Таза су» КМК 3,36 7 Ұлытау ауылы Ұлытау ауданы әкімінің жанындағы «Ұлытау аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» КМК 5,01
Басқа 2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
Ұлытау облысы әкімдігінің «___» ________ 2026 жылғы № _____ қаулысының 2 қосымшасы Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары № Населенный пункт Қызмет көрсетуші Норма, м³/ай/адам 1 Жезқазған қаласы «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ 8,17 2 Сәтбаев қаласы «Сәтпаев қаласының жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС 9,37(жылыту кезеңі)/5,72(жазғы кезеңі) 3 Жәйрем кенті Жәйрем кенті әкімі аппаратының ШЖҚ «Жәйрем болашақ» КМК 4,33 4 Қаражал қаласы Қаражал қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық коммуналдық шаруашылық» КМК 4,33 5 Жезді кенті Ұлытау ауданы әкімдігінің «Жезбұлак» КММ 5,01 6 Жаңаарқа кенті Жаңаарқа ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Таза су» КМК 3,36 7 Ұлытау ауылы Ұлытау ауданы әкімінің жанындағы «Ұлытау аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» КМК 5,01
Басқа 3. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
Ұлытау облысы әкімдігінің «___» ___________ 2026 жылғы № _____ қаулысының 3 қосымшасы Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары № Населенный пункт Қызмет көрсетуші Норма, Гкал/м³ ай 1 Жезқазған қаласы «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ 0,054 2 Сәтбаев қаласы «Сәтпаев қаласының жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС 0,045 3 Жәйрем кенті Жәйрем кенті әкімі аппаратының ШЖҚ «Жәйрем болашақ» КМК 0,037 4 Жаңаарқа кенті Жаңаарқа ауданы әкімдігі жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің «Жанаарка-Жылу» КМК 0,0661 Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ыстық су бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары № Елді мекен, қызмет атауы Қызмет көрсетуші Тұтыну нормасы литр/тәулік/адам м³/ай/адам 1 Жезқазған қаласы «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ 80,44 2,45 2 Сәтбаев қаласы «Сәтпаев қаласының жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС 120 3,65