Об установлении публичного сервитута Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31– бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Asia Green Metals Limited» жеке компаниясымен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 2029 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2031 жылдың 12 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді; 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.