О внесении изменений в некоторые приказы Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 23 шілдедегі № 143 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеуді жүзеге асыру, деректерді түзету, түгендеу және түзету нәтижесінде алынған деректерді құжаттау және сақтау қағидаларын (жергілікті атқарушы органдар үшін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі №262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23640 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кодекстің 205-бабының 1-тармағына сәйкес астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптарын жүргізуді және олардың негізінде елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын жасауды қамтамасыз етеді.»;
Тармақ 2
2. «Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23673 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан мынадай редакцияда жазылсын: ««Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады Әкімшілік деректер нысаны www.eсogeo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Индекс: 1-ГТҚ Кезеңділігі: тоқсан сайын Есептік кезең: 20___ жылғы «___» ____________жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне (қоса алғанда) дейін Есепті кезеңде қоршаған ортаға әсер ету туралы берілген декларациялардың саны - _______ № р/с Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Заң­ды тұл­ға­ның неме­се же­ке кә­сіп­кер­дің ата­уы, тір­кел­ген ме­кен­жайы Де­кла­ра­ци­я­ны бе­ру негі­зі Объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан же­рі Негіз­гі қыз­мет тү­рі («Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші» ҚР ҰК 03-2019 Ұлт­тық жік­те­уіш­ке сәй­кес) Қор­ша­ған ор­та­ға ке­рі әсер ете­тін қыз­мет тү­рі­нің III са­на­ты­на объ­ек­ті­ні бе­ру кри­те­рийі 1 2 3 4 5 6 7 8 Кестенің жалғасы Ат­мо­сфе­ра­лық ауа­ға ла­ста­у­шы заттар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры Қал­дық­тар Ластаушы заттың атауы Зат коды Декларацияланатын көлем, жыл/т Қалдықтың атауы Пайда болуы, жыл/т Жинақтау, жыл/т Тапсыру, жыл/т 9 10 11 12 13 14 15 Қалқымалы заттар 091 Азот тотығы (NO2) 004 Күкіртті ангидрид (SO2) 001 … .. Барлығы Барлығы Атауы _________________________________________________________ Мекенжайы _____________________________________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________ Орындаушы ___________________________________...._________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) қолы, телефоны Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға ___________________________________________.....___________________ тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» ________________ Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысанына қосымшада 2 және 3 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Нысанды астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тиісті басқармалары толтырады және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады. 3. Нысанға астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.»;
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23918 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар: Мемлекеттік экологиялық сараптама қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағының 3) - 8) тармақшаларында көрсетілген объектілерге қатысты ұйымдастырады және жүргізеді. Басқа жағдайларда мемлекеттік экологиялық сараптаманы Кодекстің 88-бабының 2-тармағына сәйкес астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады және жүргізеді.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, тиісті аумақтағы уәкілетті органның оның аумақтық бөлімшелерінің немесе өз құзыреті шегінде астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сараптама бөлімшелерінің басшылары қол қояды.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына 5-қосымшада: реттік нөмірі 8-жолдың 5) және 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 88 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі ... 5) Ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды құ­ру және ке­ңей­ту жө­нін­де­гі жа­ра­ты­лы­ста­ну-ғы­лы­ми және тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер­дің жо­ба­ла­ры, олар­дың функ­ци­о­нал­дық ай­мақ­тар­ға бө­лі­ну­ін және ин­фра­құ­ры­лым­ды да­мы­ту­дың бас жос­пар­ла­рын қо­са ал­ған­да, ке­ле­сі құ­рам­да жо­ба­ла­ры болған жағ­дай­да: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2010 жы­л­ғы 1 қыр­күй­ек­те­гі №558 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де №6518 бо­лып тір­кел­ген) ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды құ­ру және ке­ңей­ту жө­нін­де­гі жа­ра­ты­лы­ста­ну-ғы­лы­ми және тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­ле­рі­нің жо­ба­ла­рын әзір­леу, сон­дай-ақ тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­ні тү­зе­ту қа­ғи­да­ла­рын­да ай­қын­дал­ған тәр­тіп­пен дай­ын­дал­ған, элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы жа­ра­ты­лы­ста­ну-ғы­лы­ми негіз­де­ме­лер­дің не тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер­дің жо­ба­ла­ры. жер учас­ке­ле­рі­нің мен­шік ие­ле­рі мен жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ке­лі­сі­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме; аста­на­ның, об­лы­стар­дың және рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның ке­лі­сі­мі бар іле­с­пе хат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; об­лы­стың (аста­на­ның, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның) жер қа­ты­на­ста­ры жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның ке­лі­сі­мі бар хат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; аумақ­тық ор­ган­ның ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның - жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы бар ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның ке­лі­сі­мі бар хат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 6) ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың же­рін (заң­ды тұл­ға мәр­те­бе­сі жоқ ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды қо­с­па­ған­да) босал­қы жер­ге ауы­сты­ру жө­нін­де­гі тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер­дің жо­ба­ла­ры жағ­дай­ын­да ке­ле­сі құ­рам­да: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2009 жы­л­ғы 17 ақ­пан­да­ғы №172 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың же­рін босал­қы жер­ге ауы­сты­ру және босал­қы жер­ді қай­та­дан ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың же­ріне ауы­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның (бұ­дан әрі – ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың же­рін босал­қы жер­ге ауы­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры) 9-тар­ма­ғын­да ай­қын­дал­ған тәр­тіп­пен мүд­де­лі ор­ган дай­ын­да­ған және бе­кіт­кен ма­те­ри­ал­дар­ды қам­ти­тын тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер­дің элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы жо­ба­ла­ры; қо­ғам­дық тың­да­у­лар­ды өт­кі­зу хат­та­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; аумақ­тық ор­ган­ның ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның - жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы бар ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның ке­лі­сі­мі бар хат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; аста­на­ның, об­лы­стың және рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­га­ны­ның ке­лі­сі­мі бар хат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың же­рін босал­қы жер­ге ауы­сты­ру­дың 5-тар­ма­ғы­на сәй­кес уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен ко­мис­си­я­ның оң қо­ры­тындыс­ы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар­ды (кең та­рал­ған пай­да­лы қаз­ба­лар­ды қо­с­па­ған­да) өн­ді­ру үшін жер ауы­сты­ры­л­ған жағ­дай­да «Ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 23-ба­бы­на сәй­кес қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар­дың ре­сур­ста­ры мен қор­ла­рын ба­ға­лау ту­ра­лы есеп­тің қо­сым­ша элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына 6-қосымшада: реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.
Тармақ 4
4. «Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23928 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) аумағында объект орналасқан немесе орналасатын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына жібереді. Егер объект астананың, екі немесе одан да көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтары шегінде орналасқан немесе орналасатын болса, қоса берілген құжаттары бар өтініш әрбір тиісті жергілікті атқарушы органға жіберілуге жатады;»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Объект жататын тиісті салада реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган және аумағында объект орналасқан немесе орналасатын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы КЭР үшін ұсынылған экологиялық жағдайларға және өтініш пен оның қосымшаларының бөліктеріне қатысты өз қорытындылары мен ескертулерін ұсынады.»; 49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «49. «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «цифрлық үкіметтің» веб – порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) беру арқылы жүгінеді. «II санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе 3) осы Қағидалардың 11-қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі қызметті алушы жүгінген кезде Тізбе 3-тің 8 тармағында анықталған.»; 92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «92. Жекелеген стационарлық көздері әртүрлі облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумақтарында орналасқан II санаттағы объектіге қатысты экологиялық рұқсат алуға өтініш облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының кез келгеніне беріледі.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларына, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібіне 11-қосымшада: реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы «ІI са­нат­та­ғы объ­ек­ті­лер­ге әсер ету­ге ар­нал­ған эко­ло­ги­я­лық рұқ­сат­ты бе­ру» 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Аста­на­ның, об­лы­стар­дың және рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның ти­іс­ті бас­қар­ма­ла­ры.