О внесении изменений в некоторые приказы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикаcы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Басқа 0. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 141
бұйрығына қосымша
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шілдедегі № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидаларында:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 29-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу тәртібін айқындайды.»;
2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жергілікті деңгейде – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;»;
3 және 4-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары үш жылдық кезеңге әзірлейді.
4. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілді органдарға, орталық мемлекеттік органдардың мүдделі аумақтық бөлімшелеріне, мүдделі жұртшылыққа Қазақстан Республикасының Экология кодексіне 4-қосымшада көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар тізбесіне сәйкес проблемалық мәселелерді жою бойынша іс-шаралар туралы сұратулар жібереді.»;
5-тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізудің болжамды нәтижелері;»;
6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларына сапаның экологиялық нормативтеріне, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас жоспарларына қол жеткізуге бағытталған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар енгізіледі.»;
8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен қоса Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.»;
10 және 11-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Қоршаған орта саласындағы уәкілетті органмен келісілген Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бекітеді және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және қоршаған орта саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
11. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органының шешімі бойынша және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірінші жартыжылдықта жылына бір рет түзетіледі.».
Тармақ 2
2. «Сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 шілдедегі № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23830 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларында:
35-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«35. Егер атмосфералық ауа сапасының белгіленген экологиялық нормативтерін сақтау кезінде жекелеген аумақтар шегінде кемінде бес жыл кезеңде ғылыми зерттеулермен расталған табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобының жай-күйі көрсеткіштерінің жағымсыз ауытқуы байқалмайтын атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы және (немесе) физикалық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейлері түрінде атмосфералық ауа сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін белгілейді.»;
48-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«48. Егер су сапасының белгіленген экологиялық нормативтері сақталған кезде табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің кемінде бес жыл кезең ішінде ғылыми зерттеулермен расталған нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінде су сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобының жай-күйі көрсеткіштерінің жағымсыз ауытқуы байқалмайтын су сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін белгілейді.»;
56-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«56. Егер топырақ сапасының белгіленген экологиялық нормативтері сақталған кезде табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің кемінде бес жылдық кезең ішіндегі ғылыми зерттеулермен расталған нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінде топырақ сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобының жай-күйі көрсеткіштерінің жағымсыз ауытқуы байқалмайтын топырақ сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін белгілейді.».
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24005 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларында:
6-тармақтың 27) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«27) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті тиісті жергілікті өкілді органдары бекіткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер;»;
10-тармақтың 16) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«16) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұсынады.».
Тармақ 4
4. «Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 5 тамыздағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23904 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларында:
5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын есептілік жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей орталық мемлекеттік органдарға (Ұлттық баяндаманы әзірлеу мақсаттары үшін талап етілетін деректердің сипатына қарай), сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат беру туралы сұратулар жібереді.»;
26-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«26. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:»;
26-тармақтың 18) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«18) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы және осындай іс-шараларға жергілікті бюджеттің шығындары туралы;»;
27-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«27. Орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сұратуына сәйкес міндеттер бөлінісінде орнықты даму мақсаттарын іске асыру бойынша ақпаратты, сондай-ақ Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ақпаратты қосымша ұсынады.»;
28-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«28. Орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынатын ақпарат қажетті қосалқы материалдармен (кестелер, диаграммалар, графиктер, суреттер, фотосуреттер) толықтырылған талдамалық жазба түрінде қалыптастырылады.»;
30-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«30. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпаратты жинауды, қорытуды, талдауды ұйымдастырады.»;
31-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Нақты, толық және жан-жақты ақпарат негізінде Ұлттық баяндаманы әзірлеуді қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті орталық мемлекеттік органдарға, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына қосымша анықтамалар жібереді.»;
31-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан қосымша сұрату алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпаратты жібереді.»;
34-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«34. Ұлттық баяндаманың жобасын қалыптастырғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган есептілік жылдан кейінгі жылдың 1 қыркүйегіне дейін оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады және оны орталық мемлекеттік органдарға, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына келісуге жібереді.»;
35-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«35. Орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары күнтізбелік он бес күн ішінде ұлттық баяндаманың жобасын келіседі немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өз ескертпелері мен ұсыныстарын жібереді.»;
36-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«36. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде алынған ескертулерді ескере отырып, ұлттық баяндаманың жобасын пысықтайды және пысықталған жобаны орталық мемлекеттік органдарға, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына қайта келісуге жібереді.»;
37-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«37. Орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Ұлттық баяндаманың пысықталған жобасын оны қайта келісуге алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келіседі.».
_________________________________