О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауской области Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекші ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 21 шілдедегі № 116 қаулысына қосымша Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3440 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 «Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 286 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3749 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 «Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4712-12 болып тіркелген).