О переименовании некоторых улиц города Семей области Абай Күшіне енбеген
Басқа 0
Абай облысы Семей қаласының
кейбір көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 15-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Семей қаласының көшелерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» бірлескен Семей қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 480 қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 56/300-VIII шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 30 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Семей қаласындағы келесі көшелер:
1 линия көшесі – Қабыш Омаров көшесі;
2 линия көшесі – Төлеуғали Әбдібеков көшесі;
3 линия көшесі – Қойгелді Аухадиев көшесі;
5 линия көшесі – Кәмен Оразалин көшесі;
6 линия көшесі – Мұқатай Әбеулов көшесі;
7 линия көшесі – Бейсен Жұмагелдин көшесі;
8 линия көшесі – Төкен Мұртазин көшесі;
9 линия көшесі – Фазыл Әділбаев көшесі;
10 линия көшесі – Қабдрахман Самаев көшесі;
11 линия көшесі – Мұхтарбек Кәкімов көшесі;
12 линия көшесі – Махмет Қайырбаев көшесі;
13 линия көшесі – Риза Оспанов көшесі;
14 линия көшесі – Манеф Қуандықов көшесі;
15 линия көшесі – Қанат Смағұл көшесі;
16 линия көшесі – Дінсләм Арғынбекұлы көшесі;
17 линия көшесі – Асылхан Бекбаев көшесі;
18 линия көшесі – Зекен Әділбеков көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Абай облысы әкімдігінің қаулысы мен Абай облысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.