Об утверждении Правил и условий деятельности туристских информационных центров Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2026 жылғы 24 шілдедегі № 141 бұйрығымен бекітілген Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және туристік ақпарат орталықтары қызметінің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Туристік ақпарат орталығы (бұдан әрі – Орталық) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігі құратын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік пен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ілгерілету үшін, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) туризм объектілері – туристер уақытша тұру, орын ауыстыру, демалу, сауығу және мәдени демалыс үшін тікелей пайдаланатын арнайы құрылған немесе бейімделген объектілер;
Тармақша 2
2) туристік көрсетілетін қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің көрсететін қызметтері) және туристік қызмет көрсету шартында көзделген, сапар мақсатына қарай көрсетілетін басқа да қызметтер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 3
3) туристік маршрут – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік ресурстарға, оның ішінде туризм объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;
Тармақша 4
4) туристік ресурстар – шаруашылық айналымына тартылу дәрежесіне қарамастан, туристік қызметті жүзеге асыру және туристік көрсетілетін қызметтерді қалыптастыру үшін әлеуетті негіз болып табылатын табиғи жағдайлардың, тарихи-мәдени мұра объектілерінің, әлеуметтік-экономикалық, рекреациялық және өзге де факторлардың жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Туристік ақпарат орталықтары қызметінің тәртібі
2-тарау. Туристік ақпарат орталықтары қызметінің тәртібі
Тармақ 4
4. Орталық:
Тармақша 1
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік, оның туристік әлеуеті, туристік ресурстар, туристік маршруттар, туризм объектілері және туристік көрсетілетін қызметтер туралы туристік ақпаратты жинауды, жүргізуді, жүйелеуді және өзектілендіруді;
Тармақша 2
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік пен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыруды және таратуды, туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ілгерілетуді, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жағдай жасауды;
Тармақша 3
3) туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық-консультациялық сүйемелдеуді;
Тармақша 4
4) туристік қызмет мәселелері бойынша ақпараттық, анықтамалық, әдістемелік, жарнамалық және таныстырылым материалдарын дайындауды;
Тармақша 5
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің туристік әлеуетін ілгерілету жөніндегі іс-шараларға қатысуды;
Тармақша 6
6) туристік ресурстар, туристік маршруттар, туризм объектілері, бару қағидалары, шектеулер мен қауіпсіздік шаралары туралы туристік ақпаратты өзектілендіру мәселелері бойынша танытым орталықтарымен өзара іс-қимылды;
Тармақша 7
7) шұғыл қызметтердің байланыс деректері, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, шектеулер және туристердің болуы үшін маңызы бар өзге де мәліметтер туралы анықтамалық ақпарат ұсынуды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта ілгерілету кезінде Орталық Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында құрған ұйыммен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген өзара іс-қимыл Орталықтың құзыреті шегінде мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық, анықтамалық және таныстырылым материалдарымен алмасу;
Тармақша 2
2) туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта ілгерілету жөніндегі бірлескен іс-шараларға қатысу;
Тармақша 3
3) қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтымайтын талдамалық және анықтамалық мәліметтермен алмасу;
Тармақша 4
4) туристік көрсетілетін қызметтерді ілгерілету саласындағы халықаралық қызметті әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеу.
Тармақ 7
7. Өтініштерді, дербес деректерді және өзге де ақпаратты өңдеуді Орталық Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, ақпаратқа қол жеткізу және заңмен қорғалатын құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Туристік ақпарат орталықтары қызметінің шарттары
3-тарау. Туристік ақпарат орталықтары қызметінің шарттары
Тармақ 8
8. Орталық қызметінің шарттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) туристерді қабылдауды және хабардар етуді қамтамасыз ететін үй-жайдың не жабдықталған қызмет көрсету орнының болуы;
Тармақша 2
2) байланыс құралдарының және Интернет желісіне қолжетімділіктің болуы;
Тармақша 3
3) туристік ақпаратты, оның ішінде цифрлық форматта ұсыну үшін қажетті ақпараттық материалдардың болуы;
Тармақша 4
4) туристік ақпаратты жинауды, өзектілендіруді және таратуды жүзеге асыратын жұмыскерлердің болуы;
Тармақша 5
5) туристік ақпаратты өзектілендірудің ішкі рәсімдерінің болуы.
Тармақ 9
9. Орталық туристер үшін мынадай мәліметтердің қолжетімділігін оларды Орталықтың үй-жайында, Орталықтың және (немесе) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті әкімдігінің ресми цифрлық ресурстарында орналастыру, сондай-ақ кері байланыс арналары арқылы ұсыну арқылы қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) Орталықтың атауы мен байланыс деректері;
Тармақша 2
2) жұмыс режимі;
Тармақша 3
3) ұсынылатын туристік ақпараттың тізбесі;
Тармақша 4
4) кері байланыс арналары;
Тармақша 5
5) Орталыққа жүгіну тәртібі.
Тармақ 10
10. Орталықтың жұмыс режимін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті әкімдігі туристер мен туристік қызмет субъектілерінің қажеттіліктерін, туристік ағынның маусымдылығын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің туристік әлеуетін ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ескере отырып бекітеді. Орталықтың жұмыс режимі, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістер туралы ақпарат Орталықтың және (немесе) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті әкімдігінің ресми цифрлық ресурстарында орналастырылады. Орталықтың жұмыс режимін өзгерту туристік ағынның маусымдылығына, туристік әлеуетті ілгерілету жөніндегі іс-шаралардың өткізілуіне, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне, Орталықтың үй-жайына қолжетімділіктің уақытша шектелуіне, төтенше жағдайларға не санитариялық-эпидемиологиялық шектеулерге байланысты негізделген себептер болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Орталық туристік ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Ұйымдастырушылық мүмкіндіктер болған кезде туристік ақпарат шет тілдерінде де ұсынылады.