О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 376 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22593 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерінде:
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Куәгер ретінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттері нәтижесіне мүдделі емес, кемінде екі адам, кәмелетке толған, әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының кез келген азаматы шақырылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) куәгерлер ретінде қатысуға жол берілмейді.»;
9-тармақта:
үшінші және төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылығын қарау мерзімдері тоқтатыла тұрған жағдайда тексерілетін тұлғаға сұрау салу жолданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мынадай тәсілдермен:
хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
электрондық тәсілмен веб-қосымшасына немесе пайдаланушының жеке кабинетіне «цифрлық үкімет» веб-порталындағы осындай тоқтата тұру туралы ақпаратты жолдайды.
Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органы жазбаша қарсылығын қарау мерзімдері қайта басталған кезде тексерілетін тұлғаға сұрау салуға жауап алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сондай қайта бастау туралы ақпаратты келесі тәсілдермен:
хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
электрондық тәсілмен веб-қосымшасына немесе пайдаланушының жеке кабинетіне «цифрлық үкімет» веб-порталындағы осындай қайта бастау туралы ақпаратты жолдайды.».
Тармақ 2
2. «Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 413 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері:
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Куәгер ретінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттері нәтижесіне мүдделі емес, кәмелетке толған, әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының кез келген азаматы шақырылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) куәгерлер ретінде қатысуға жол берілмейді.»;
9-тармақта:
үшінші және төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылығын қарау мерзімдері тоқтатыла тұрған жағдайда тексерілетін тұлғаға сұрау салу жолданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мынадай тәсілдермен:
хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
электрондық тәсілмен веб-қосымшасына немесе пайдаланушының жеке кабинетіне «цифрлық үкімет» веб-порталындағы осындай тоқтата тұру туралы ақпаратты жолдайды.
Камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органы жазбаша қарсылығын қарау мерзімдері қайта басталған кезде тексерілетін тұлғаға сұрау салуға жауап алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сондай қайта бастау туралы ақпаратты келесі тәсілдермен:
хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
электрондық тәсілмен веб-қосымшасына немесе пайдаланушының жеке кабинетіне «цифрлық үкімет» веб-порталындағы осындай қайта бастау туралы ақпаратты жолдайды.».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.