О внесении изменений в некоторые приказы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 5. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 20 шілдедегі
№ 107 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35170 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлға (филиал және өкілдіктер) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
2) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЗТ МДБ) – бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуге арналған мемлекеттік дерекетер базасы және ЗТ МДБ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – МКК) ведомстволық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге бизнес-сәйкестіндіру нөмірін беруді қамтамасыз етеді;
3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган – коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдектерін есептік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
5) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық деректер базасы;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҰКО) – цифрлық құжаттарды мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелерде қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;
7) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – «цифрлық үкiметтiң» инфрақұрылымына кіретін және киберқауіпсіздіктің талап етілетін қажетті деңгейі сақтала отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған цифрлық ортаның өзге де субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
8) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің құрамдауышы;
9) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) «цифрлық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЦҮШ) – «цифрлық үкімет» цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект;
11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы.»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) цифрландыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 24-бабының 4-тармағында көзделген қызмет түрлері бойынша рұқсаттар туралы ақпарат алу үшін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Тізілімнің цифрландыру, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу салаларындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ МКК цифрлық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы алынған өзекті ақпарат негізінде»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ақпараттық өзара іс-қимыл мемлекеттік органның жауапты басшылары ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып бекіткен техникалық талаптар негізінде ЦҮШ арқылы сервераралық республикалық деңгейде жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Ақпарат алмасуға қатысушылар цифрлық жүйелер жұмысындағы технологиялық үзілістерді қоспағанда, өзара іс-қимыл сервистеріне тәулік бойы қолжетімділік ұсынады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін цифрлық нысанда беріледі.».
Тармақ 2
2. «Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20772 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
«Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. «Бизнес-әріптестер тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33085 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бизнес-әріптестер тізілімін құру, жүргізу және пайдалану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпарат алмасуға қатысушылар (бұдан әрі – қатысушылар) – мемлекеттік органдар ‒ цифрлық жүйелердің иелері және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) – бизнес-әріптестер тізілімінің цифрлық жүйесінің иесі.
2) алдын ала индекс – кәсіпкерлік субъектісінің адалдығын көрсететін, бір мемлекеттік органның мәліметтерін пайдалана отырып есептелген скоринг индексінің бір бөлігі. Алдын ала индекс ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және салықтық, кедендік құпия мен дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Алдын ала индексті есептеу тиісті мемлекеттік органның қорғалған периметрінде жүзеге асырылады;
3) әлеуетті контрагент – кәсіпкер мәміле жасасуды жоспарлап отырған заңды тұлға не дара кәсіпкер;
4) бизнес-әріптестердің тізілімі – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрландыру объектілерімен интеграцияланған, кәсіпкерлік субъектілері туралы заңмен қорғалатын құпияны құрамайтын мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе;
5) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
6) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҰКО) – мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;
8) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – «цифрлық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті (интернетке қол жеткізе алатын жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де цифрландыру субъектілерінің талап етілетін ақпараттық қауіпсіздік деңгейін сақтай отырып, өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
9) скоринг индекстері ‒ кәсіпкерлік субъектісінің адалдығын талдау кезінде қолданылатын және кәсіпкерлік субъектісімен іскерлік қатынастарға түсумен байланысты тәуекелдерді көрсететін индекстер жиынтығы. Скоринг индекстері бизнес-әріптестер тізілімінің ақпараты базасында қалыптастырылады;
10) «цифрлық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЦҮШ) – «цифрлық үкімет» цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект;
11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың растығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бизнес-әріптестер тізілімі жүйесінің ЦҮШ-мен ақпарат алмасуы электрондық хабарламалар арқылы ҰКО берген ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, «сұрау-жауап» режимінде жүзеге асырылады.
8. Қатысушылар ақпараттық жүйелердің жұмысындағы техникалық іркілістер мен технологиялық үзілістерді қоспағанда, өзара іс-қимыл сервисіне тәулік бойы рұқсат береді, цифрлық жүйелердің жұмысында технологиялық үзіліс жоспарланып отырған қатысушы бұл туралы басқа қатысушыларды жұмыстар басталғанға дейін кемінде 36 сағат бұрын хабардар етеді.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Бизнес-әріптестердің тізілімін пайдаланушы кәсіпкерлік субъектісі туралы мынадай мәліметтерді алады:
мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен және ашық дереккөздерден алынған деректерге негізделген кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер қамтылған есеп;
кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес қалыптастыратын тізілімдерге, тізімдерге, тізбелерге енгізілгені туралы ақпарат.»;
23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 1) салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган соңғы үш жылда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері туралы мынадай мәліметтерді ұсынады:
БСН/ЖСН;
есепке қойылған күні (мемлекеттік тіркеу);
тіркеу есебінен шығарылған күні;
тіркеу есебінен шығару себебі;
қызметті тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күні;
салық төлеушінің резиденттігі;
салық органы ‒ салық төлеушінің тіркелген жері;
қолданылатын салық режимі;
тәуекел дәрежесін бағалаудың негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін жартыжылдық салықтық тексерулер кестесі туралы деректер;
салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін ұсынбағаны туралы деректер;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын оңалту және банкроттық туралы деректер;
салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін салық жүктемесінің коэффициенті туралы деректер;
тәуекел дәрежесіне қарай салық төлеушілерді санаттау нәтижелері туралы деректер;
жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасы;
салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегінің сомасы;
салық төлеушінің таратылуына (қызметінің тоқтатылуына) байланысты салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы деректер;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы деректер;
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 687 - бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелуінің болуы (болмауы) туралы деректер (кәсіпкерлік субъектісінің БСН/ЖСН).
Осы Қағидалардың 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес алдын ала индекстерді есептеу кезінде салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган соңғы үш жылда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері туралы мынадай мәліметтерді пайдаланады:
жарғылық капитал;
жиынтық капитал;
жиынтық активтер;
жиынтық міндеттемелер;
негізгі құралдар;
салық төлеуші (салық агенті) түрлері бойынша бөле отырып төлеген (аударған) салықтар мен бюджетке төленетін кедендік төлемдердің сомасы;
төленген салықтардың жалпы сомасы;
түзетулер ескерілген жылдық жиынтық кіріс;
шеккен залалдар ескеріле отырып, салық салынатын кіріс;
корпоративтік табыс салығы;
барлық шегерімдер;
қосылған құн салығы;
есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін бюджеттен салық төлеушіге қайтару сомасы;
мүлік салығы;
көлік салығы;
персонал саны;
еңбекақы төлеу қорынан аударымдар (салық түрлері бойынша бөлінген);
тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің тізімдері:
әрекет етпейтін салық төлеушілер;
жалған кәсіпорындар деп танылғандар;
заңды мекенжайында болмағандар;
банкрот деп танылғандар;
әрекет етпейтін деп танылғандар;
тіркелуі жарамсыз деп танылғандар;
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларын бұза отырып, қайта ұйымдастырылғандар;
салықтық берешегі барлар;
23-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтерді береді;»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпарат пайдаланушыларға тізілімнің порталында мәліметтерді көрсету нысанында, сондай-ақ ЭЦҚ-мен куәландырылған, кәсіпкерлік және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға арналған цифрлық құжат түрінде ұсынылады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. МО БКЖ, ЦҮШ және басқа қатысушылардың цифрлық жүйелері іркіліссіз жұмыс істеген жағдайда бизнес-әріптестер тізілімінің цифрлық жүйесінен пайдаланушыға есепті қалыптастыру уақыты 1 (бір) сағаттан аспайды.».
Басқа 9. «Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Тізбеге қосымша
«Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Кәсіпкерлік субъектілері туралы деректердің негізгі дереккөзі кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – цифрлық өзара іс-қимыл арқылы алынған ақпарат негізінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырған кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
Тармақша 2
2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
Тармақша 3
3) «заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) – бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі, құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған цифрлық жүйе;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық дерекқор;
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 6
6) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект;
Тармақша 7
7) «цифрлық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЦҮШ) – «цифрлық үкімет» цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалану арқылы жасалған, электрондық құжаттың шынайылығын, оған тиесілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Тармақ 4
4. «Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 5
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар порталға электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) жібереді, ол ЦҮШ арқылы «Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі» цифрлық дерекқорына түседі.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден ЦҮШ жүйесі арқылы алады.
Сұрау салуды портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат жіберіледі.
Сұрау салуды өңдеу 15 минуттан аспайтын уақытта жүзеге асырылады, қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, цифрлық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, оның ішінде процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қымет көрсетунәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге койылатын негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.
Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабында көрсетілген өлшемдер мен олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32985 болып тіркелген) Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтініш беруші кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға санатты заңсыз айқындау туралы мәселені растайтын құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде қоса бере отырып жазбаша түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші сәйкессіздік анықталған жағдайда мәліметтерді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35170 болып тіркелген) Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларында көзделген тәртіппен түзетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін, мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Басқа 1. «Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметтін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Кәсіпкерлік субъектісінің
санаты туралы ақпарат беру»
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 1-қосымша
«Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметтін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Кәсіпкерлік субъектісінің санаттары туралы ақпарат беру
2
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі» мемлекеттік мекемесі
3
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған жағдайда) көрсету тәсілдері
www.egov.kz «цифрлық үкіметтің» веб-порталы
4
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған жағдайда) көрсету мерзімі
Қызмет көрсетушінің қатысуынсыз 15 (он бес) минуттан артық емес
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған жағдайда) көрсету нысаны
Электрондық (толық цифрландырылған)
6
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған жағдайда) көрсету нәтижесі
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
7
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған жағдайда) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы;
2) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліспен белгіленген жұмыс графигіне сәйкес
9
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған жағдайда) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу
10
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған жағдайда) көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Көзделмеген
Басқа 2. Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама
«Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Министерство
национальной
экономики
Ұлттық
экономика
министрлігі
Жүктеу
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама
Субъектініңатауы: [субъектінің атауы]
ЖСН/БСН: [субъектінің ЖСН/БСН]
Қызметтүрі: [Қызмет түрі]
Ұйымдық-құқықтықнысаны: [субъектінің ҰҚН]
Санаты: [субъектінің санаты]
Жарамдылығы: [анықтаманың жарамдылығы]
[мүдделі тұлға]