Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел жилищной инспекции акимата города Экибастуза» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» № 241 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны орындау бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 522/7 қаулысына қосымша «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тұрғын үй инспекциясы) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды және елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. Тұрғын үй инспекторы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік инспектор функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй инспекциясы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 85/1 қаулысымен құрылды.
Тармақ 3
3. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ тұрғын үй инспекциясына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган Екібастұз қаласының әкімдігі (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілері және елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау болған кезде) (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй инспекциясының толық атауы: мемлекеттік тілде – «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде – Государственное учреждение «Отдел жилищной инспекции акимата города Экибастуза».
Тармақ 5
5. Тұрғын үй инспекциясының құрылымы мен шекті штат санын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» № 480 қаулысымен бекітілген олардың штат санының лимиті шегінде жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Тұрғын үй инспекциясы басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды.
Тармақ 6
6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62-құрылыс.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй инспекциясының заңдық мәртебесі
2-тарау. Тұрғын үй инспекциясының заңдық мәртебесі
Тармақ 7
7. Тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылды деп саналады және заңды тұлға құқығын иеленеді.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй инспекциясының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, сондай-ақ банктерде шоттары болады.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй инспекциясы өз міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі ақша есебінен жауапты болады.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй инспекциясының азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерде міндетті тіркеуден өткеннен кейін күшіне енді.
Тарау 3. 3-тарау. Тұрғын үй инспекциясының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
3-тарау. Тұрғын үй инспекциясының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 11
11. Тұрғын үй инспекциясының елді мекендердің шекаралары шегіндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі міндеті: тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларында мемлекеттік бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау жүргізу болып табылады.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау жүргізу болып табылады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй инспекциясының негізгі өкілеттіктеріне:
Тармақша 1
1) көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау;
Тармақша 3
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген) Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидалар талаптарының бұзылуын жою және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару;
Тармақша 5
5) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің болуын тексеру;
Тармақша 6
6) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару жөніндегі уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау;
Тармақша 7
7) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді дербес не ұйымдарды тарта отырып қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 172 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20245 болып тіркелген) Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, қолданыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алуды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 10
10) кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімін жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыра отырып жүргізу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағында көрсетілген көппәтерлі тұрғын үйдің құжаттарын қабылдау-тапсыру актісі бойынша Тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) берілген қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 51-1-бабы 3-тармағында көрсетілген көппәтерлі тұрғын үйдің құжаттарын қабылдау-тапсыру актісі бойынша меншік иелері бірлестігінің төрағасынан берілген қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қабылдау;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мәселелер. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 10-9-бабы 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары:
Тармақша 1
1) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері өтініш жасаған кезде белгіленген мерзімде кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы және жылдық есептерді ұсыну
Тармақша 2
2) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері өтініш жасаған кезде белгіленген мерзімде осы Заңның талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісін басқаруға ақшаны (ағымдағы шотты) және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін (жинақ шотын) күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін жинақ шотын аудару үшін ағымдағы шот ашу;
Тармақша 3
3) инженерлік желілер мен жабдықтарды жылыту маусымына дайындау, лифтілер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған көтергіштерді, түтін шығару жүйелерін, өрт дабылын, өртке қарсы ішкі су құбырын тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шарттардың болуы;
Тармақша 5
5) кондоминиум объектілерін тіркеудің болуы;
Тармақша 6
6) жиналыс хаттамасымен бекітілген кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасының болуы;
Тармақша 7
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесінің негізінде кондоминиум объектісін қарап-тексерудің жыл сайынғы актісін жүргізуді растайтын құжаттардың болуы;
Тармақша 8
8) жертөле үй-жайларды, паркингтерді және ортақ пайдаланылатын басқа да орындарды дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстарының орындалғанын растайтын құжаттардың болуы;
Тармақша 9
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бөліктерінде (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жердегі күнқағарлар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік) ақаулықтың болуы;
Тармақша 10
10) мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, үй кеңесінің және ревизиялық комиссияның (ревизордың) өкілеттіктерінің мерзімдерін сақтау;
Тармақша 11
11) жиналыстар хаттамаларының көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыстары хаттамаларының үлгілік нысандарына сәйкес келуі;
Тармақша 12
12) мүгедектігі бар адамдар және халықтың жүріп тұруы шектеулі басқа да топтары үшін кедергісіз ортаның болуы;
Тармақша 13
13) кондоминиум объектісін басқару субъектісінде, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыда кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын құжаттың болуы жөніндегі талаптардың сақталуына бақылау жүргізеді.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес:
Тармақша 1
1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына;
Тармақша 2
2) объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
Тармақша 3
3) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуы;
Тармақша 4
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына;
Тармақша 5
5) көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;
Тармақша 7
7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге;
Тармақша 8
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына;
Тармақша 9
9) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес ақпарат береді.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді, траволаторларды, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй инспекциясы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй инспекциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде өз қызметінің ашықтығын:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында: мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы; тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы; анықталған кемшіліктер, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы ақпаратты; кондоминиум объектісін басқару нысандары және елді мекен шегінде кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін; кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімін; күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін;
Тармақша 2
2) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтаудың ақпараттық жүйесінде: тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу; қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, жұмыс істеп тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу туралы ақпаратты орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексіне сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй инспекциясы Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің түгендеу тізбесін жасай отырып, қолданыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді мемлекеттік техникалық тексеруді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды (қалпына келтіруді), оның ішінде: жиналыс шешімі бойынша пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен; мүлік меншік иелері бірлестігінің төрағасынан; кондоминиум объектісін басқару субъектісінен тиісті өтініштің түсуі негізінде қамтамасыз етеді.
Тармақ 20
20. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеру Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Тұрғын үй инспекциясына жарғыда (ережеде) бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелер жасауға жол берілмейді.
Тарау 4. 4-тарау. Тұрғын үй инспекциясын басқару
4-тарау. Тұрғын үй инспекциясын басқару
Тармақ 22
22. Тұрғын үй инспекциясына жалпы басқаруды құрылтайшы жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Құрылтайшы келесі функцияларды жүзеге асырады.
Тармақша 1
1) тұрғын үй инспекциясына мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) тұрғын үй инспекциясын жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 3
3) тұрғын үй инспекциясына берілген мүліктің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) тұрғын үй инспекциясының ережесін (жарғысын) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 5
5) тұрғын үй инспекциясы органының құрылымын, оны қалыптастыру тәртібін және өкілеттік мерзімін, тұрғын үй инспекциясының шешім қабылдау тәртібін белгілейді;
Тармақша 6
6) тұрғын үй инспекциясы басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқарып отырған лауазымнан босату негіздерін белгілейді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, тұрғын үй инспекциясының құрылымын және шекті штат санын бекітеді;
Тармақша 8
8) тұрғын үй инспекциясы басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
Тармақша 9
9) жылдық қаржылық есепті бекітеді;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тұрғын үй инспекциясына берілген немесе олардың жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 24
24. Тұрғын үй инспекциясының басшысын Екібастұз қаласының әкімі қызметке тағайындады және қызметінен босатады.
Тармақ 25
25. Тұрғын үй инспекциясының басшысы тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Екібастұз қаласының әкіміне тікелей бағынады,сондай-ақ тұрғын үй инспекциясына жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.
Тармақ 26
26. Тұрғын үй инспекциясының басшысы тұрғын үй инспекциясы қызметін жүзеге асырған кезде:
Тармақша 1
1) тұрғын үй инспекциясының атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда тұрғын үй инспекциясының мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасасады;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) қызметкерлерді іссапарларға жіберу, тағылымдамадан өткізу, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту, сондай-ақ олардың біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тұрғын үй инспекциясының тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқамалар береді;
Тармақша 8
8) Екібастұз қаласының әкімі тағайындайтын қызметкерлерді қоспағанда, тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 10
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және тұрғын үй инспекциясының өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді.
Тармақ 27
27. Тұрғын үй инспекциясының әрбір инспекторында жеке мөртаңбасы болады.
Тарау 5. 5-тарау. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін қалыптастыру тәртібі
5-тарау. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 28
28. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны өзінің теңгерімінде көрсетіледі. Тұрғын үй инспекциясының мүлкі:
Тармақша 1
1) оған құрылтайшы берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
Тармақ 29
29. Тұрғын үй инспекциясының мүлкі мемлекеттік коммуналдық меншік болып табылады және оған жедел басқару құқығында тиесілі.
Тармақ 30
30. Тұрғын үй инспекциясы өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығармайды немесе оған өзгеше әдіспен билік ете алмайды.
Тармақ 31
31. Тұрғын үй инспекциясының қызметі Екібастұз қаласы әкімдігінің бюджетінен қаржыландырылады (шығыстар сметасы).
Тармақ 32
32. Тұрғын үй инспекциясы бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржы және бюджеттік есеп беру саласындағы заңнамаға сәйкес есеп береді.
Тармақ 33
33. Тұрғын үй инспекциясының қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизия жүргізуді құрылтайшы жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі
6-тарау. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі
Тармақ 34
34. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс уақыты жергілікті атқарушы органдардың жұмыс режиміне сәйкес анықталады. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі келесі тәртіппен белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасы, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Тарау 7. 7-тарау. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7-тарау. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 35
35. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тіркеледі.
Тарау 8. 8-тарау. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8-тарау. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 37
37. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 9. 9 тарау. Ведомстволық бағынысты ұйымдар тізбесі
9 тарау. Ведомстволық бағынысты ұйымдар тізбесі
Тармақ 38
38. Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ведомстволық бағынысты ұйымы – «Офис-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар, оның құрылтайшысы Екібастұз қаласының әкімдігі болып табылады.